Білімділер поралы

Ауылдағы адам еңбегі

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.
Жасы: (5+6)
Білім беру саласы: «Таным»
Кіші сала: Қоршаған ортамен танысу.
Тақырыбы: Ауылдағы адам еңбегі
Мақсаты: Ауылдағы адам еңбегімен таныстыру. Қаладағы еңбекпен салыстырып, айырмашылықтарын айту. Адам еңбектеріне деген құрметке тәрбиелеу
Алдын - ала жұмыс: сұрақ - жауап
Сөздік жұмыс: Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.
Д/құрал: тақырыпқа байланысты суреттер

І кезең - мотивациялық қозғаушы
Балаларды шеңбер бойымен тұрғызамын.
Балаларға карточкалар таратылып беріледі.
«Ортақ атауын тап!»ойыны.

ІІ кезең ұйымдастырушылық ізденушілік
Балаларға мақал айтамын:
Еңбек етсең ерінбей
Тояды қарның тіленбей.

- Мақалдың мағынасы қандай?
- Біздің бүгінгі әңгімеміз ауылдағы адам еңбегі туралы болмақ.
- Ауылда қандай еңбек түрлері бар?

Демонстрациялық материалдармен жұмыс.
1. Егістік даласындағы жұмыс: егіншінің көктем, жаз, күз және қыс мезгіліндегі еңбегі әңгімеленеді.

2. Қойшы бейнеленген сурет бойынша шопанның еңбегі, келтірер пайдасы,
маңызы түсіндіріледі.
3. Осылайша мақташының еңбегі туралы
түсінік беріледі.
«Бұрын не болды?»ойыны.
Үстелге печенье, құрт, алма, көйлек суретін қоямын.

«Сауыншылар» ойыны.
Шарты: балалар екі қатарға тұрады. Топ капитаны сайланады. Белгі берілісімен,
жерде тұрған кішкентай екі шелекті екі капитан өз тобындағы бірінші тұрған балаға жеткізу керек. Ол бала келесі балаға береді. Солай ең соңғы бала жүгіріп барып шелекті орнына қоюы керек. Қай команданың баласы бірінші қояды, сол команда жеңіске жетеді.
Ойынды күрделендіру үшін шелекке сүт не су құюға болады. Ол кезде ұқыптылық үшін ұпай беріледі.

Сергіту сәті:
Тышқан шығып інінен
Жем іздейді түнімен
Қарны ашқаның ол қалай
Жеткізеді үнімен?
Күзетші күшік саққұлақ
Үй күзетіп шапқылап.
Дыбыс шықса қаттырақ
Қалай, қалай үреді?
Ауылдағы адам еңбегі жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • jami
    Жазған: jami
    Мына жаңалықта: Су. Судың қасиеті
  • Кирбасова Асыл
    Мына жаңалықта: Ұл бала мен қыз бала
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қауын мен қарбыз
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • беке
    Жазған: беке
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Омонимдер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Химия әлеміне саяхат
  • Батон
    Жазған: Батон
  • aiboll
    Жазған: aiboll
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 254
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 254
Роботтар: 2
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика