Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Cөйлем

10 қараша 2018, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қазақ тілі 3 сынып
Мамандығы: Бастауыш сынып мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Cөйлем
Сабақтың мақсаты: Сөйлем және оның түрлері жайлы білімдерін еске түсіре отырып толықтыру. Сөйлемді айтылу мақсатына қарай ажырата білуге машықтандыру және сауаттылықтарын арттыру.
2. Оқушының танымдық белсенділігін арттыру, ойын, тілін, дамыту.
3. Ұқыптылыққа, адамгершілік негізінде тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау
Көрнекілігі: слайд, топшамалар, кесте, бағалауға арналған смайликтер.
Әдіс - тәсілі: түсіндіру, пысықтау, ойын, СТО, логикалық тапсырмалар.
Пәнаралық байланыс: логика, әдебиеттік оқу, математика
Күтілетін нәтиже: теориялық білімдерін толықтыру, яғни сөйлем туралы білімдері кеңейеді. Шығармашылыққа жұмыстанады, ойлау қабілеттері дамиды.
Психологиялық көңіл - күй.
Бір, екі, үш
Сынып іші тып – тыныш,
Жалқаулықты тастаймыз.
Сабақты біз бастаймыз!
Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
2. Қызығушылықты ояту.
Сандарды өсу ретімен орналастырып, жұмбақты шеш.
30+23
17+43
80+90
5+46
100 - 27
60+32
Сабақтың мақсатымен, тақырыбымен таныстыру.
ІІ. Өткенді пысықтау
- Сөйлем дегеніміз не?
- Сөйлем қалай жасалады?
- Сөйлемнің қандай түрлерін білесіңдер? Мысал келтір

«Кім шапшаң?» ойыны
Шарты: Берілген сөздерден сөйлемдер құрау.
Сары күз боя жапырақ ағаш түс
ҮЛГІ: Күзгі ағаш жапырақтары сары түске боялды.

Шарты: сызба бойынша ауызша сөйлемдер құрау.
Өзіндік жұмыс
Берілген сұраулы сөйлемдерді хабарлы сөйлемдерге айналдырып жаз.
Қуаныштың анасы қайда жұмыс істейді?
Көгершін қалай ұшты?
Бір жылда неше ай бар?
Асқарпаздар қандай шыңға шықты?
«Салыстыру» стратегиясы

БҚО, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы
«Ақсай қаласының №2 ЖОББМ» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Пән мұғалімі: Жантлеуова Айлаззат Амангельдыкызы
Cөйлем жүктеу
297
0
  • 0
0 дауыс
Загрузка...
Оқи отырыңыз
Cөйлем
Cөйлем
Сөйлем және оның түрлері жайлы білімдерін еске түсіре отырып толықтыру. Сөйлемді айтылу мақсатына қарай ажырата білуге машықтандыру және сауаттылықтарын арттыру.
Сөйлем, сөйлем түрлері. Нәтиже сабақ
Сөйлем, сөйлем түрлері. Нәтиже сабақ
Сөйлем, сөйлем түрлері, сөйлем мүшелері туралы алған білімдерін пысықтау. Оқушының ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, сөздік қорларын байыту.
1 - ден - 20 - ға дейінгі сандар
1 - ден - 20 - ға дейінгі сандар
Атырау қаласы, М. Әуезов атындағы №7 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Кенжебаева Алима Бекболқызы
Хабарлы сөйлем
Хабарлы сөйлем
Атырау облысы, Жылыой ауданы, №1 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Cөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөлінуі
Cөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөлінуі
Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Құсмұрын ауылы, №28 Құсмұрын орта мектебінің қазақ тілі пәні мұғалімі Бекболатова Ақмарал Балғабайқызы
Сөйлем. Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлері
Сөйлем. Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлері
Атырау облысы, Исатай ауданы, Жанбай селосы Х. Наубетов атындағы орта мектептің ұстазы Шарбану Нурмашева
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.