Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сейітқұл Оспанов. Шыбын мен Көбелек

12 қараша 2018, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Әдебиеттік оқу
Сабақтың атауы: Сейітқұл Оспанов. Шыбын мен Көбелек
Мақсаты: Ақын туралы мағлұмат беру. Мысалды түсініп оқып, ондағы негізгі ойды анықтауға және мазмұны бойынша қорытынды пікір айтуға үйрету. Мысалдың негізгі идеясын ашу.
Күтілетін нәтиже
Оқиға желісіне байланысты оқушылар Көбелек пен Шыбынға мінездеме беріп, өздеріне өмірлік сабақ алады
Негізгі идеялар Шыбынның суретін көрсету арқылы оның сүйкімсіз, жек көрінішті, сұғанақ екенін және Көбелектің суретін көрсету арқылы оның әдемі, сүйкімді, басқаларға зияны жоқ, даланың көркі және өмірі қысқа болғанымен бақытты дәурен кешетін жәндік екенін ұғындыру.
Сабақтың жабдығы Интерактивті тақта, суреттер, бояу, қарындаштар, постерлер

Психологиялық ахуал
Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.

Ұйымдастыру кезеңі: 1. Балалармен сәлемдесу. 2. Сабаққа қажетті заттарды даярлау. 3. Топқа бөлу

Бағалау критерийлері:
1. Үй тапсырмасын орындауы
2. Топтық тапсырмалар және сұрақтарға жауап беруі
3. Мысалды мәнерлеп оқуы
5 – 1 - 3 ұпай толық қамтылса;
4 – 1 - 2ұпай толық қамтылса;
3 – 1 ұпай болса;
Бағалау парақшалары таратылады
Үй тапсырмасын тексеру
Сапар мен Парта.(сахналау) 1 - 2 оқушыдан жатқа сұрау, партаның суретін салу.

Үй тапсырмасын қорыту.
1. Адырбек Сопыбеков кім? Ол туралы не білеміз?
2. Өлеңнің мысалға жататынын неден аңғаруға болады?
3. Парта Сапарға неге ренжіді?
4. Қалай ойлайсыңдар, Сапар өз кінәсін мойындады ма? Оны өлеңнің қай шумағынан аңғаруға болады?
5. Диалог дегеніміз не?
Жаңа сабақ.
Қызығушылығын ояту
1. Кіріспе. Жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру.
2. Автор туралы қысқаша дерек беру.

ОСПАНОВ СЕЙІТҚҰЛ (1955 – 2003)
30 наурызда Қызылорда облысының Қазалы қаласында дүниеге келді. 1977 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірді. «Жалын», «Мектеп» баспаларында, «Пионер», «Зерде», «Парасат» журналдарында, «Жетісу» газетінде жұмыс істеді. 1994 – 2003 жж. Қазақстан
Республикасы Үкіметінің аппаратында аударма секторын басқарды. «Қазақойл» ұлттық мұнай - газ компаниясында қызмет етті.
«Бәйге», «Ащы қауын, тәтті қауын», «Күн көтерілген шақ» атты жыр жинақтары мен «Ағашат», «Бақытты үй», «Самый сладкий день», «Құлдар көтерілісі» атты проза кітаптарының авторы.
Постер құрастыру
Оқулықпен жұмыс Жигсо әдісі
3. Шыбын мен Көбелек мысалын балаларға іштей оқыту, бірін - бірі оқыту.
Сөздікпен жұмыс
Көз шырымын алу – ұйықтау
Қауыз – ашылайын деп тұрған гүл басының жұқа қабы
Жұқсыз – сүйкімсіз, жек көрінішті
Сұғанақ – ұры
Сапалақ – шыбын қорығыш құрал
Шылғи өтірік – мүлде өтірік

Сергіту жаттығуы

4. Екеуінің ұқсастығы мен айырмашылығын сұрау. (суретін көрсету) Қандай?
5. Шыбын мен көбелектің пайдасы мен зиянын айту.
6. Сурет бойынша екеуіне мінездеме беру.

7. «Шыбын мен Көбелекті» рөлге бөліп оқу.

1 сөз зат есім
2 сөз сын есім
3 сөз етістік
4 сөз зат есімге байланысты айтылған сөз
5 сөз зат есімге синоним

Қорытынды.
1. — Шыбын мен Көбелек неге келіспей қалды?
2. — Шыбын не деп мақтанды?
3. — Көбелек оған не деді?
4. — Қайсысының айтқаны дұрыс деп ойлайсың?
Мақал - мәтелдер:
1. Алтау ала болса, ауыздағы кетер,
Төртеу түгел болса, төбедегі келер.
2. Еңбек – бәрін де жеңбек.
3. Бірлік болмай, тірлік болмас.
4. Жұмыла көтерген жүк жеңіл.
Жалқау жатып ішер, отырып ұйықтар.
Бағалау
Үйге тапсырма

Мұғалім: Алдабергенова Қ.
Сейітқұл Оспанов, Шыбын мен Көбелек жүктеу
1 447
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Шыбын мен Көбелек
Шыбын мен Көбелек
Демек, біздің бүгінгі тақырыбымыз «Шыбын мен Көбелек». Бұл мысалдың авторы Сейітқұл Оспанов. Ол Қызылорда облысы Қазалы қаласында дүниеге келген. «Жалын», «Мектеп» баспаларында, «Зерде», «Парасат» журналдарында жұмыс істеді. «Бақытты үй», «Құлдар
Сейтқұл Оспанов «Шыбын мен көбелек» мысалы
Сейтқұл Оспанов «Шыбын мен көбелек» мысалы
Шыбынның пайдасы мен зияны туралы айту Шын мәнінде шыбын өте лас жәндік екен. Зияндылығы өте көп, бірақ пайдаға асатын тұстары да бар. Мәселен, синантроптық шыбынның медициналық - санитарлық мәні бар. Жаз кезінде 12 - 14 күннің ішінде шыбынның жаңа
Сейітқұл Оспанов "Шыбын мен көбелек" (мысал)
Сейітқұл Оспанов "Шыбын мен көбелек" (мысал)
Сейітқұл Оспановтың өмірі мен шығармалары туралы білімін кеңейту. Шыбын мен көбелек әңгімесінің мазмұны мен идеясын ашу.
Шыбын мен көбелек
Шыбын мен көбелек
Сейітқұл Оспановтың өмірі мен шығармалары туралы білімін кеңейту. Шыбын мен көбелек әңгімесінің мазмұны мен идеясын ашу. Жануарлар, жансыз заттар әрекет ететін мысалдың рөліндегі жәндіктер өміріне тоқталу
Сейітқұл Оспанов "Шыбын мен көбелек"
Сейітқұл Оспанов "Шыбын мен көбелек"
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, №132 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жақсыбаева Әсемгүл Тәңірбергенқызы
Шыбын мен көбелек
Шыбын мен көбелек
№35мектеп-гимназиясы Кемалова Зауреш Тыныштыққызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×