Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тіктөртбұрыштың периметрін әртүрлі тәсілмен табу

19 қараша 2018, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Математика 3 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Тіктөртбұрыштың периметрін әртүрлі тәсілмен табу.
Сабақтың мақсаты: - Оқушыларды тіктөртбұрыштың периметрін табудың әртүрлі тәсілдерімен (қосындыны санға көбейту ережесі негізінде) таныстыру.
- Есептерді шешудің тиімді жолдары мен тәсілдерін іздестіру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
- Тіктөртбұрыштың периметрін табу, тіктөртбұрыш сызу білімін толықтыру.
Күтілетін нәтиже:
- Геометриялық фигураларды танып, олардың элементтерін атап, маңызды белгілерін ажыратады.
- Тіктөртбұрыштың периметрін табу, тіктөртбұрыш сызу біліміндегі кемшіліктер түзетіледі.
- Оқушылар периметрді түрлі тәсілдермен табуды үйренеді.
Сабақтың әдіс - тәсілдері:

Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық
- Ой сананы арттыру.
Бүгінгі күн талабы.
Біле білсең бұл дәуір.
Математика заманы.
Ғылымның сырын ұғына.
Шығыңдар білім шыңына.
Ұқыптылық пен зеректік.
Жеткізеді біздерді
Математика шыңына!
- Балалар, бізде қазір қай сабақ? (математика)

1) Блиц сұрақтары
-«Геометрия» сөзі нені білдіреді? (Жер өлшеу)
- Тік сызық жүргізуге арналған қарапайым құрал (сызғыш)
- Қозғалыстағы нүктенің ізі (Сызық)
- Екі сәулемен шектелген жазықтың бөлігі (бұрыш)
- Белгілі бір нүктеден бастау алатын түзу сызық (сәуле)
- Қабырғалары тең төртбұрыш (шаршы)
- Дөңгелекті басқаша қалай атаймыз? (шеңбер)
- Кеміту амалы (азайту)
- Шаршы дегеніміз не?
- Тіктөртбұрыш дегеніміз қандай фигура?

2) Есіңе түсіріп қайтала.
Оқулықтағы №1 тапсырма «Кім жүйрік?»
Әртүрлі тәсілмен есепте.
(60+30) 5= (20+50) 6 =
(30+20) 4= (60+30) 3 =
(2+4) 70 = (80+10) 8 =
(5+4) 30 = (50+3) 10 =
Оқушы: Қосындыны санға көбейту әртүрлі тәсілмен орындалады.
1 - тәсіл: Қосындыны есептеп, оны санға көбейту.
2 - тәсіл: Әр қосылғышты санға жеке көбейтіп, алынған көбейтіндіні қосу.
Бұл - қосудың үлестірімділік қасиеті: (а+в) с = а с+в с
Қаңтардың 23 - і
Сынып жұмысы
Тіктөртбұрыштың периметрін әртүрлі тәсілмен табу.
Геометрия – ол геометриялық фигуралардың қасиеттері туралы ғылым.
Геометриялық фигуралар сан алуан түрлі болып келеді.
Ежелгі гректер мысырлықтардың геометриялық білімін алған. Геометрия Ежелгі Грекияда логикалық ой тұжырымдау және дәлелдемелер мен олардың жүйесі ретінде туындаған.
- Қандай геометриялық фигураларды білесіңдер?
«Топтастыру» стратегиясы
Тіктөртбұрыштың периметрін әртүрлі тәсілмен табу жүктеу
3 177
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Геометриялық фигуралар. Периметр
Геометриялық фигуралар. Периметр
Өткен материалды қайталап; геометриялық фигураларды тану, олардың элементтерін атау, маңызды белгілерін анықтау, тіктөртбұрыштың периметрін табу, тіктөртбұрыш сызу білімін толықтырады.
Тіктөртбұрыштың периметрін әртүрлі тәсілмен табу
Тіктөртбұрыштың периметрін әртүрлі тәсілмен табу
Тіктөртбұрыштың периметрін табудың әр түрлі тәсілдерімен қосындыны санға көбейту ережесі негізінде таныстыра отырып, оқушының дұрыс көбейту, бөлу амалын орындауға үйрету және өздігінен ойлап есеп шығарып, дұрыстығын анықтай білуге дағдыландыру;
Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрі және ауданы
Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрі және ауданы
Тік төртбұрыш туралы алған білімдерін еске түсіру, тік төртбұрыш пен шаршының периметрін және ауданын әр түрлі тәсілмен табуды түсіндіру.
Тік төртбұрыштың, шаршының периметрі
Тік төртбұрыштың, шаршының периметрі
Сабақтың мақсат - міндеттері: А) білімділік: Оқушыларға тіктөртбұрыштың (шаршының) периметрін есептеу тәсілдерін түсіндіріп, тапсырмаларды орындау.
Геометриялық фигуралар және олардың қасиеттері
Геометриялық фигуралар және олардың қасиеттері
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы №7 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Есенбаева Несібелі Тағанқызы
Үшбұрыш пен төртбұрыштың периметрін табу
Үшбұрыш пен төртбұрыштың периметрін табу
Ақтөбе қаласы, № 32 мектеп - гимназия бастауыш класс мұғалімі Ахметова Элеонора Дузжасаровна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×