Білімділер поралы

Санды өрнектерді салыстыру

Математика 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: Санды өрнектерді салыстыру
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға теңдік, теңсіздіктер туралы түсінік бере отырып, талдау, ынталарын арттырып, санды өрнектерді салыстыру және мәнін табу барысында есептеу тәсілдерін қолдануға жаттықтыру;
2. Есте сақтау, ойлау қабілеттерін, білім - білік есеп шығару дағдысын жетілдіру дағдыларын дамыту;
3. Топтасып жұмыстана білуге, ұйымшылдыққа, шеберлікке, белсенділікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, слайд, стикерлер, баға ағашы макеті, электронды оқулық, тапсырмалар топтамасы /флипчарт/
Әдіс - тәсілдері: топтық, өздік тапсырмалар, сұрақ - жауап, сын тұрғысынан ойлау технологиясы элементтері
Түрі: панорамалық
Пәнаралық байланыс: экономика, музыка
Күтілетін нәтиже: Оқушылар есепті өз деңгейінде шығарып үйренеді.

Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
І. Амандасу
Мейірімді жүрекпен, Ақ пейілді жүрекпен.
Сәлемдесіп алайық,
Бір жадырап қалайық

Психологиялық дайындық.
Қайырлы күн, достар!
Бүгінгі күн, міне,
Сәттілікке толсын!
Біздің алар бағамыз
Кілең бестіктер болсын!!!
Бүгінгі сабақ ерекше өтеді. Себебі біздің сыныпқа мұғалімдер қонаққа келіп отыр.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Санды өрнектерді салыстыру».
Сабақтың мақсатын айта кету.
Ал, балалар, көңіл - күйлеріңіз қалай?
Сабаққа дайындықтарыңыз ше?
Керемет Ынтаңыз ше?
Ендеше сабақ бастайық?!

ІІ. Топтастыру.
Жарайсыздар, олай болса біз банк атауы бойынша қазір топтасамыз. Себебі математика сабағы банк саласымен өте тығыз байланыста.
1 - топ «Альянс»банкі
2 - топ «Халық» банкі
3 - топ «Нұр» банкі

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Ендеше үйге берілген үй тапсырмасына назар аударайық. Үйге қандай есеп берілді?
Әр топтан тізбектеп оқушылар ауызша айтып өту.

ІҮ. Жаңа сабақ
Өрнектерді салыстыру үшін, олардың мәнің есептеп, шыққан санды салыстыру керек. Мысалы: 35+4≤45+5

І. Көркем жазу минуты.
ІІ. Өзіндік жұмыс. /семантикалық карта/ слайд№1
45 20 12
12+8 +
15 - 3 +
90 - 45 +

Оқушыларға 1, 2 нұсқада қосу және азайту амалдары беріледі.
Оқушылар шығарып болған соң мұғалім компьютер арқылы жауабын көрсетеді. Әр оқушы жауабын, тексереді.

ІІІ. Оқулықпен жұмыс. Слайд №2
№1 (Ауызша орындалады). Оқушылар берілген қосу және азайту амалдарының компоненттерін атап, мәнін табу.
30+5
89 - 80
50+7
67 - 7
38 - 8
14 - 6
№2 Салыстыру.
Оқушылар жеке - жеке тақтада баған бойынша орындау. 36*63 74*56
14*10+6
15*51
100*99
27*20+8

ІҮ. Топтық жұмыс.
1 - топ. 30+5*30+7
38 - 8*39 - 9
2 - топ. 15 - 6*10+1
18 - 8*18 - 9
3 - топ. (35 - 5)+6*42 - 2
58 - 8*5+(56 - 6)

Ү. Сергіту сәті «Қара жорға»биімен /бейнеролик арқылы/
Дәптермен жұмыс.

ҮІ. Кестемен жұмыс. Слайд №3 №4есеп
Кестені пайдалана отырып, өрнек құрастырып, мәнін тап.
Санды өрнектерді салыстыру жүктеу
Санды өрнектерді салыстыру слайдты жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Загрузка...
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • ramuk_b
    Жазған: ramuk_b
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Эвфемизм мен дисфемизм
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Адам және табиғат
  • Қамқа
    Жазған: Қамқа
    Мына жаңалықта: Менің Елбасым
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қыс қызығы
  • jami
    Жазған: jami
    Мына жаңалықта: Су. Судың қасиеті
  • Кирбасова Асыл
    Мына жаңалықта: Ұл бала мен қыз бала
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қауын мен қарбыз
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
Загрузка...
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 36
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 36
Роботтар: 2
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика