Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бердібек Соқпақбаев «Қамқорлық»

22 қараша 2018, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Бердібек Соқпақбаев «Қамқорлық»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Жазушы өмірін еске түсіре отырып мағлұмат беру, мәтіннің негізгі идеясын ашу, оқушының оқу дағдысын қалыптастыру.
Дамытушылық: Ой - өрістерін кеңейту, сөздік қорын молайту, мәтінді талдауға, қорытынды шығара білуге қалыптастыру.
Тәрбиелік: Қоршаған ортаны қорғауға, аялауға баулу. Әдепті, тәртіпті, мейірімді болуға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдістері: түсіндіру, сұрақ - жауап, талдау, суреттеу
Сабақтың көрнекілігі: Автор портреті, слайд, суреттер

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.

ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау
1топ: Ертегінің мазмұнын айту
2 топ: Ертегі бойынша сурет салу
3 топ: Туған жер туралы мақал - мәтел жазып келу
Балалар осы ертегі ертегінің қай түріне жатады?
Ертегі


▪ Халық ертегі → Қиял - ғажайып, шыншыл, жан - жануарлар.
▪ Әдеби ертегі

ІҮ. Ой қозғау
- Балалар, біз қандай тараумен танысып жатырмыз?
Табиғатым – менің өз үйім!
Табиғат нешеге бөлінеді?
Өлі табиғат, тірі табиғат
- Адам және барлық тіршілік атаулы, жан – жануарлар, құстар, жәндіктер, өсімдіктер бәрі табиғат перзенті. Ақындар табиғатты анаға теңеген. Табиғат мейірімді ана сияқты, өзіндегінің бәрін адамға жан – жануарларға береді.
Көктемде осы табиғатты құстарсыз елестету мүмкін емес
Көктем айында барлық тіршілік атаулы өзінің қарбалас кезін бастайды. Құстар туған жерге оралып, ұя салып, балапан өргізеді. Ал жануарлар ұрпақ көбейтіп, төлдейді. Сондықтан барлығымыз осы табиғат перзенттеріне қамқорлық жасауға міндеттіміз.
- Қамқорлық дегенді қалай түсінесіңдер?

Ү. Жаңа сабақ
- Олай болса, балалар бүгінгі өтетін тақырыбымыз да осы табиғатпен байланысты болмақ.
Бүгінгі сабағымызда Б. Соқпақбаевтың « Менің атым Қожа» повесінен алынған шағын үзіндімен танысамыз. Тақырыбы « Қамқорлық» деп аталады.

Балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаев 1924 жылы Алматы облысы қазіргі Нарынқол ауданы, Қостөбе ауылында дүниеге келді.
Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының филология факультетін бітірген. Бірінші жыл ауылда мұғалім болып еңбек етті.
«Қазақфильм» киностудиясында редактор болып, «Қазақ әдебиеті», «Балдырған» басылымдарында қызмет етті.

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
«Бейнеу ауданының әкімдігінің
«Жұмағали Қалдығараев атындағы орта мектебі» КММ – нің
бастауыш сынып мұғалімі Джубаназарова Алия
Бердібек Соқпақбаев «Қамқорлық» жүктеу
2 042
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сақина (ертегі)
Сақина (ертегі)
Балалар, біз эпиграфта оқығандай халық мұрасы - ауыз әдебиеті үлгілеріне нелер жатады екен? Тағы бір нақтылап алайық. Жауап: - Ертегі, аңыз, тұрмыс - салт жырлары, батырлар жыры, лиро - эпостық жырлар, мақал, жаңылтпаш, жұмбақ....
Қамқорлық
Қамқорлық
Бастауыш сынып мұғалімі Сауле Айдарбекқызы
Бастауыш сынып қысқа мерзімді сабақ жоспарлары
Бастауыш сынып қысқа мерзімді сабақ жоспарлары
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Абай атындағы № 90 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жақсылық Айгул Шындалықызы
"Керқұла атты Кендебай" ертегісі
"Керқұла атты Кендебай" ертегісі
Жамбыл облысы, Қаратау қаласы, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гимназияда қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Батешова Гулжазира Қайырғалиқызы
Ыбырай Алтынсарин “Қарабатыр”
Ыбырай Алтынсарин “Қарабатыр”
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Ю. А. Гагарин атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Серикова Самал Абдулхамитқызы
Бердібек Соқпақбаев "Қамқорлық"
Бердібек Соқпақбаев "Қамқорлық"
№24 лингвистикалық мектеп - гимназиясының бастауыш класс мұғалімі А. Ж. Сарымсақова
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×