Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тісті күте білейік

23 қараша 2018, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Тісті күте білейік
Сабақтың мақсаты: Балаларға тісті тазалаудың пайдасын түсіндіру
Білімділік: Тіс щеткасы, оны пайдалана білу жолын, тістегі дақтарды қалай жуып кетіруге болатыны жөнінде әңгімелеу, білімдерін кеңейту.
Дамытушылық: Жан - жақты білім беру, қиялын, сана - сезімін дамыту.
Тәрбиелік: Үлкеннің тілін алуға, сыпайылыққа, ұқыптылыққа, салауатты өмір салтын кіші жастан бастап қалыптастыра білуге, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: баяндау, ертегі сахналау
Әдіс - тәсілдері: түсіндірмелі, сұрақ - жауар, топтау.
Көрнекіліктер: суреттер, мақал – мәтелдер, теледидардан слайдтар көрсету.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
- Амандасу, шаттық шеңбері:
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Баршаңызға құрметпен
Бас иеміз біз!

ІІ. Ой қозғау
- Балалар бізде неше тіс бар?
- Сендер оларды қалай тазалайсыңдар?
- Ненің көмегімен?
- Тамақтан соң жуып - тазалауды ұмытып жүрген жоқпыз ба?

Тәрбиеші: Мен сендерге жұмбақ жасырайын
Отыз екі мықты,
Қаз – қатар болып шықты,
Он алтысы асты,
Он алтысы үсті. (тіс)
Тіс щеткасын таңдағанда:
Балаларға арналған тіс щетка сабы қалың болса, балаға ұстауға ыңғайлы.
- Талшықтары жиі және дөңгелек щеткалар тіс еттерінің қанамауын қамтамасыз етеді және жұмсақ болады.
- Жуу барысында тіс еттеріне зақым келтірмес үшін тіс щеткасы доғал пішінде орналасу қажет. Себебі тіс еттеріне зақым келсе, сему (атрофия) ет ауруын тудырады.
- Басының ұзындығы 25 - 30мм тіс щеткасымен күрек тістердің қуысын жуа аласыз.
Тістегі дақтарды қалай кетіруге болады?
Қызыл шай, тәтті соктан, шоколад жегеннен тістеріңе дақ түседі.
Тісті қалай жуу керек?
Тісті күніне неше рет жуу керек?
Тісті кем дегенде 3 мин жуу керек.

Тәрбиеші: Шынықтырып денені
Тісін жуып, тазалап
Бақшасына келеді
Міне, үлкен азамат!
Қане, балалар, кім тіс туралы тақпақ айтып береді?
Мен айтайын тақпақ,
Алғың оны жаттап.
Тісіңді жу, тазарт
Маржандай болсын аппақ.
Атқаратын қомақты
Ауыз қуыс ісі бар:
Ұсататын тамақты
Отыз екі тісі бар.
Алғашқы тіс – сүт тістер
Түсіп бірте тынады.
Алты жастан нық тістер –
Тұрақты тіс шығады.

Тіс: Салем, балақайлар!
Сендер менің кім екенімді білесіңдер ме?
Балалар: Тіссің.
Тіс: Дұрыс! Мен тіспін.
Біз сендердің ауыздарыңда өмір сүреміз. Біз сендердің тамақты шайнап жеулерің үшін керекпіз. Сендерге ертегі айтып бергенімді қалайсыңдар ма?
Онда, тыңдаңдар...
(кішкентай тіс кіреді).
Бір күні балақан тіс өмір сүріпті.
Оның жайлы үйімен, үлкен жанұясы болды.
Бірақ, оны ешкім ешқашан тазаламағандықтан, оған қатер төнді. Балақан қатты қайғырды, өйткені ол өте кір еді. Кірде микробтар өмір сүретін ол жақсы біледі.
(микробтар кіреді де, тісті қарайтады)

Микробтар — тістерді жайлы үйінен қууды армандайтын тістердің жауы.
Уақыт өте берді, балақан кірлей берді, ал микробтар көбейе берді, көбейе берді….
Балақан ауырып қалды. Бастапқыда ол әппақ әрі әдемі еді, ал қазір ол қап - қара және көңілсіз, ол қатты ауырғандықтан тамақ жей алмады. Оған ауруды жұқтырған микробтар болатын. Балақанға мейірімді дәрігер дер кезінде көмектеспегенде, аяғы өте қайғылы болар еді!
Тісті күте білейік жүктеу
1 712
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тісті күту. Тіркесті сөздердің емлесі
Тісті күту. Тіркесті сөздердің емлесі
Тісті күту Әдемі - тіс - адам көркі. Тісі жоқ адам дұрыстап шайнай алмайды. Тамақты әбден шайнап жұту қажет, әйтпесе адамның асқазаны ауырады. Тісті үнемі тазалап, күту керек. Тісті жақсы күтпесе, бұзылады.
Тіс сұлулығы
Тіс сұлулығы
Тақырыбы: Тіс саулығы
Неліктен біз тісімізді тазалап, қолымызды жуамыз?
Неліктен біз тісімізді тазалап, қолымызды жуамыз?
Павлодар обылысы, Екібастұз қаласы № 23 «Балауса» мектепке дейінгі гимназиясы Каргабаева Шолпан Сембайқызы
Тісіңді сақта
Тісіңді сақта
Атырау облысы, Исатай ауданы, Жанбай селосы, Х. Наубетов атындағы орта мектептің мұғалімі Нурмашева Шарбану Насырқызы
Тазалықты сүйеміз, тіс тазалап жүреміз
Тазалықты сүйеміз, тіс тазалап жүреміз
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №2 «Айгөлек» балабақша тәрбиешісі Баймұратова Айсауле
Тісті күте білейік
Тісті күте білейік
Тіс щеткасы осыдан мың жылдай уақыт бұрын араб еліндегі мұсылмандардан тараған. «Арак» ағашынан дайындалған тіс щеткасы «мисуәк» деп аталған. Бертін келе, тіс щеткасын 1448 жылы Қытайда шошқа терісінің қылшығынан жасаған.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×