Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сыйластыққа себеп көп. Туған – туысқандар.

23 қараша 2018, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Сыйластыққа себеп көп. Туған – туысқандар.
Б/м: Мәтіннің мазмұнын таныстыра отырып, қонаққа шақырудың себептері туралы және туыстық қатынастар, туыстық атаулар жайлы түсінік беру.
Д/м: Оқушылардың туысқандарға деген мейірімділік қасиеттерін әңгімелеу, есте сақтау, ойлау дағдыларын дамыту.
Т\м Қазақ халқының әдет - ғұрпын сақтауға, үлкенді, кішіні сыйлауға, қонақжайлыққа, еңбекқорлыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ жауап, әңгімелеу, сахналау.
Көрнекілігі: Тірек – сызбалар, мазмұнды суреттер, плакатқа
жазылған сөздер, мақал – мәтелдер.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
а) психологиялық дайындық.
Амансың ба, достарым,
Амансыздар ма, қонақтар,
Сабағымызды сыйластықпен бастайық
Жамандықты тастайық.
Көңіл – күйіміз жақсы болса,
Көңілді отырып сабағымызды бастайық.

2. Үй тапсырмасы.
4 - сынып. Шығарма «Отбасы» туралы.
3 - сынып. Қонақжай.
Әр оқушыға сөздер беріледі, әр сөздің
мағынасы ашылып түсіндіріледі.
«Ілтипат, меймандос, қонақжай».
4 - сынып. Карточкамен жұмыс.
3 - сынып. Өткен тақырыпты қайталау мақсатында.
Қонақ түрлерін атап көрейік.
Арнайы қонақ
Құдайы қонақ
Қыдырма қонақ

Арнайы қонақ – дегенді қалай түсінесің? Арнайы қонақ дегеніміз арнайы шақырылады.
Құдайы қонақ – аяқ астынан келген қонақты айтады. Мысалы: Жолаушылар.
Қыдырма қонақ – қыдырып, аңдып жүріп келген қонақ.
3. Жаңа сабақ.
Мұғалімнің түсіндірмесі.
Бүгінгі жаңа тақырыбымыз
3 - сыныпта: Сыйластыққа себеп көп
4 - сыныпта: Туған - туысқандар.
Туған - туысқандардың арасында сыйластық болу керек. Олай болса бүгінгі біздің сабағымыз бір – бірімен тығыз байланыста болып тұр. Сыйластықтың өзі әдептіліктен, амандықтан басталады. Мына тірек – сызба арқылы сыйластықтың себептеріне тоқталайық.

1) Құда түсу, қыз ұзату, келін түсіру – мұның бәрі өскелең жастардың жаңа отбасын құруына тілектестік білдіреді. Берік шаңырақ, бақытты босаға тілейді.
2) Дастархан тірлігі – қонаққа шақырудың себебі көп. Солардың бірі соғым басынан шақыру, қыстың соғымынан дәм татқызу.
3) Балаға деген сүйіспеншілік – шілдехана, бесікке салу, тұсау кесу, атқа мінгізу, тілашар. Мұның бәрі балаға деген сүйіспеншілік.
Олай болса осы тойларға яғни қонаққа кімдер келеді? Көршілер, ауыл адамдары, туған – туысқандар. Ендеше балалар туған – туысқандардың өзі бірнеше түрге бөлінеді. Туысқандардың ішінде адамның үш жұрты болады. Әр жұртқа жеке тоқталып, оқушыларға түсінік беру.

Үш жұрт
Нағашы жұрты
Өз жұрты
Қайын жұрты

4) Сергіту сәті:
«Қазақтың дастарханы».
Ей менің асқар тауым,
Қазақы дастарханым
Береке ырыс құтым
Ақ қайнар бастауларым
5) Оқулықпен жұмыс: Тізбектеп оқыту.
6) Ойын: «Жамбы ату білесің бе?» «Жалғасын тауып көресің бе» атты ойынын ойнаймыз.
Бұл ойынның мақсаты мақал – мәтелдердің жалғасын табу.
Ата – баланың қорғаны.
Татулық – табылмас бақыт.
Анаға құрмет – Балаға міндет.
Әкеге қарап – ұл өсір.
Шешеге қарап – қыз өсір.

7) Салт – дәстүр.
Қазақтың бірнеше салт дәстүрлері бар. Әр салт – дәстүр туралы оқушыларға жеке түсінік бере отырып, соның ішінде тұсау кесу дәстүрін сахналық көрініс ретінде қою.

8) Қорытындылау. Карточкамен жұмыс.
9) Үйге тапсырма. Мәтінді оқу. «Туған — туысқандар» туралы
шығарма жазып келу.
10) Бағалау.
3 430
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Туған - туысқандар
Туған - туысқандар
Қоғамдағы тума – туыстың атқаратын орнымен, олардың адам өміріндегі маңызын түсіндіру. Тума – туыс атауларымен таныстыру.
Жақан Смақов «Айтшы, әжетай»
Жақан Смақов «Айтшы, әжетай»
Атырау қаласы жалпы білім беретін №6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Муханбетжанова Әлия Орынғалиқызы
Туған - туысқандар
Туған - туысқандар
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы Үстірт орат мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жалыханова Айша Айұзаққызы
Туған-туысқандар
Туған-туысқандар
Атырау қаласы. Ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын техникалық гимназияның бастауыш сынып мұғалімі Шудабаева Гульбаршин Кенжегаликызы
Қоғам. Отбасы. Отбасы мүшелері
Қоғам. Отбасы. Отбасы мүшелері
[right]Қызылорда облысы, №8 облыстық арнаулы санаториялық мектеп - интернатының бастауыш сынып мұғалімі: Өмірзақова Роза Жақсылыққызы
Туған - туысқандар
Туған - туысқандар
Атырау облысы, Исатай ауданы, Зинеден селосы, Ю.Гагарин атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ақтаева Жанна Тұрланқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×