Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Озық ойлы оқушы

28 қараша 2018, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Озық ойлы оқушы
4 - сынып
Мақсаты:
1) Оқушылардың негізгі пәндерден алған білімдерін тереңдету. Тапқырлыққа, ізденімпаздыққа жетелеу, ой - өрісін, тіл мәдениетіне деген сүйіспеншілігін арттыру.
2) Жастарды елін, жерін, оның дәстүрін сыйлауға, халқымыздың болашағын гүлдентер тәрбиелі, білімді болып өсуіне ықпал ету және тәрбиелеу.
3) Білімді, дарынды, озық болуға жетелеу және пәндерге деген қызығушылығын ояту.
Түрі: сайыс
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар
Барысы:

Жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Кіріспе сөз.
Сайысқа қатысушыларды таныстыру.

ІІ. Сайыс шарттары
1. Бәйге сайысы
2. Тіл - өнер сайысы
3. Төрт жұмбақ сайысы
4. Жорға сайысы

ІІІ. Қорытынды. Қазылар алқасының шешімі
Жүргізуші:
Бүгінгі сайыс барысында оқушыларымыздың ой - өрісін, білімдерін, ептілігін сарапқа салатын боламыз.
Біреу озса сайыста, біреу артта қалады,
Ренжімей тараса, озбағандар жарады.
Жарыс заңы ежелден – жеңімпазды анықтау,
Озат болу шарты сол - еңбектену, жалықпау.
Ендеше ерінбей, үнемі ізденіс үстінде жүретін алғыр оқушыларымызды шақырайық.
Асыл тастан, өнер жастан
Шығады деп дарынды.
Халық айтса қалт айтпайды,
Әрқашанда нанымды, - дей келе сайысымызды бағалайтын әділқазылар алқасымен танысыңыздар.
Білім деген биік шың
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың
Қиындықтан өткізер, - деп сайысымыздың алғашқы шарты «Бәйге» кезеңін бастаймыз. Бұл кезеңде 10 сұрақ беріледі. Әр сұрақтың дұрыс жауабына 10 ұпайдан беріледі. Сұраққа бірінші болып қол көтерген ойыншы жауап береді. Егер ол ойыншының жауабы дұрыс болмаса, онда сұраққа екінші болып қол көтерген ойыншы жауап береді. Ол ойыншының да жауабы дұрыс болмаса, сұрақтың жауабын жүргізуші айтады.
Сонымен, ойыншылар, ойын шарты түсінікті болса сайысымызды бастаймыз.

1 - сайыс. «Бәйге сайысы»
1 - сұрақ. Қай жылы, қай күні Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланды? (1991 ж.)
2 - сұрақ. Көкжиек тұстарын тұсбағарсыз қандай жұлдызға қарап бағдар - лауға болады? (Темірқазық жұлдызы)

3 - сұрақ. Амалдардың орындалу тәртібін айт. (Жақшасыз өрнекте алды - мен солдан оңға қарай көбейту мен бөлу, содан кейін солдан оңға қарай қосу мен азайту орындалады. Жақшалы өрнектерде алдымен жақшаның ішіндегі амалдар орындалады.)
4 - сұрақ. Теңдеу дегеніміз не? (Құрамына енетін әріптің мәнін табу керек болатын теңдік)
5 - сұрақ. Ғалым болмай немене
Балалықты қисаңыз?
Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.
Өлеңнің авторы: (Абай)
6 - сұрақ. 1 ғасырда неше жыл бар? (100жыл)
7 - сұрақ. Сөйлем мүшелерін ата. (Бастауыш, баяндауыш, тұрлаусыз мүшелер)
8 - сұрақ. Бауыржан Момышұлының туғанына биыл неше жыл болды? (100жыл)
9 - сұрақ. Атырау облысының әкімі. (Бергей Рысқалиев)
10 - сұрақ. Қазақстанның жер көлемі қанша? (2 млн. 724 мың шаршы км)

2 - сайыс. «Тіл - өнер сайысы»
Жүргізуші: Ойланайық азырақ, уақытты үнемдеп,
Кім шығады қанеки, «Жауабын мен білем» деп.
«Тіл - өнер» сайысында мақал - мәтел немесе жұмбақтың шешімін тауып, сол сөздің орысша, ағылшынша аудармасы дұрыс айтылса 20 ұпай, тек орысша немесе ағылшынша аудармасы үшін 10 ұпай беріледі.
Бірінші болып қол көтерген ойыншының жауабы дұрыс болмаса, онда екінші қол көтерген ойыншы жауап береді. Егер жауап дұрыс болмаса, онда жүргізуші өзі жауап береді.

Мақал: Кімнің баласы болма,
Адамның баласы бол. (Атаның - дедушка - grandfather)

Кім басыңа қарайды,
Дұшпан аяғыңа қарайды. (дос - друг - frand)

Нешеу ала болса, ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді. (алтау - шесть - six)

Адам болатын кім алысқа қарайды. (бала - мальчик - boy)
Ас атасы - не (нан - хлеб - bread)

Жұмбақ: Тіл жоқ өзінде,
Сөзі бар ізінде. (қаламсап - ручка - pen)

Қабат - қабат қатталған,
Асыл сөзбен апталған.
Парағы бар сөйлейтін,
Ол қазына өлмейтін. (кітап - книга - book)

Үстінде екі тауы бар,
Өзі үлкен жануар. (түйе - верблюд - camel)

Жүргізуші: Бірінші, екінші сайысымыздың қорытындысын шығара отырып азғантай балл жинаған 3 сайыскеріміз ойыннан шығарылады. Сайыскерлерге қатысқаны үшін рахмет айта отырып, алғыс хаттармен марапаттаймыз. Қол соғып шығарып салайық.
Көркемсөз: «Ғылым таппай мақтанба» А. Құнанбаев.

3 - кезең. «Төрт жұмбақ»
Бұл сайысымызда негізгі 4 пәннен сұрақтар беріледі, ұпайы аз ойыншы ұяшықты таңдайды.
1. Сол жақтағы 30 математика пәні
Бір қариядан қанша балаңыз бар деп сұрағанда берген жауабы мынадай: «Ұл мен қыздарымның саны бірдей, әр ұлымның 3 қарындасы бар.» Қарияның неше ұл, неше қызы бар? (3ұл, 3қыз)
2. Ортадағы 30 дүниетану пәні
Арал өзеніне құятын өзен. (Сырдария)
3. Оң жақтағы 30 қазақ тілі
Құрамында жіңішке, жуан буын араласып келген сөз айт.
4. Сол жақтағы 40 ана тілі
«Күлпаш» кімнің шығармасы? (Б. Майлин)
5. Ортадағы 40 математика
Сарбаздар әр қатарға 5 - тен бөлініп, 7 қатарға сап түзеп тұрғанда, соңғы қатарға 1 сарбаз жетпей қалды. Барлық сарбаз нешеу болған? (34)
6. Оң жақтағы 40 дүниетану пәні
Картаға тура қарап тұрғанда оның жоғарғы жағы қай тұсты көрсетеді? (солтүстік)
7. Сол жақтағы 50 қазақ тілі
Мәтін дегеніміз не? (Екі немесе одан да көп өзара байланысқан сөйлем)
8. Ортадағы 50 математика пәні
Петя шоколад плиткасын бөлген. Ағасына 5 кішкентай кесектен тұратын жолақ бөліп берді, сосын әпкесіне 7 кішкентай кесектен тұратын жолақ бөлді. Бүтін шеколад плиткасы неше кішкентай кесектен тұрған? (40)
9. Оң жақтағы 50 дүниетану пәні
Физикалық картада қыратты қандай түспен бейнелейді? (сары)
10. төмендегі 60 дүниетану пәні
Александрия манары қайда орналасқан? (Ніл өзенінің сағасында Фарос аралында).
Озық ойлы оқушы жүктеу
3 220
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Білімдіден шыққан сөз, Талаптыға болсын кез атты білім сайысы
Білімдіден шыққан сөз, Талаптыға болсын кез атты білім сайысы
Жастарды елін, жерін, оның дәстүрлерін сыйлауға, халқымыздың болашағын гүлдентер тәрбиелі, білімді болып өсуіне ықпал ету және тәрбиелеу.
Тіл білгірі
Тіл білгірі
Қазақ тілінде ауызекі тілде сөйлеу дағдыларын әдебиет пәнімен ұштастыра отырып қалыптастыру арқылы өз тілін, туған жерін құрметтеуге тәрбиелеу, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру.
Тапқыр болсаң, озып көр
Тапқыр болсаң, озып көр
Бастауыш сынып мұғалімі Окасова Гүлден Маликовна
Дарындылар додасы - 2014
Дарындылар додасы - 2014
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Тайпақ ауылы Қ. Байсықов атындағы орта жалпы білім беретін мектептің география пәні мұғалімі Дюсалиева Диана
Информатика тапқырлары (сыныптан тыс ашық сабақ)
Информатика тапқырлары (сыныптан тыс ашық сабақ)
Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, №1 мектеп - лицейі информатика пәні мұғалімі Шонгарова Айгуль Талгатовна
Ойлы бала озар
Ойлы бала озар
Балаларды елін , жерін, оның дәстүрін сыйлауға, халқымыздың болашағын гүлдентер тәрбиелі, білімді болып өсуіне ықпал ету және тәрбиелеу. Білімді, дарынды, озық болуға жетелеу және пәндерге деген қызығушылығын ояту.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×