Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жасай бер, Тәуелсіз Қазақстан! (әдеби сазды монтажы)

04 желтоқсан 2018, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
«Жасай бер, Тәуелсіз Қазақстан!» (әдеби сазды монтажы)

Әнұран орындалады.
1 - жүргізуші:
Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің .... жылдығына арналған «Жасай бер, Тәуелсіз Қазақстаным» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!
Тәуелсіздік – ата - бабамыздың аңсаған арманы. Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ. Тәуелсіздіктің жолында талай қазақ жастарымыз құрбан болды. Еркіндікке жету үшін, қаншама қиын кезеңдерді бастан кешірді. 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады. 16 - желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті. Қаншама қазақ жастары қыршыннан қиылды. Олар әділдік үшін күресті. Желтоқсан құрбандары Қ. Рысқұлбеков, С. Мұхамеджанова, Л. Асанова, Е. Спатаев ерен ерліктерімен көзге төсті. Олардың жасаған ерлігі мен қайрат - жігері мәңгілік біздің есімізде қалады. Желтоқсан оқиғасы – ұмытылған емес, ұмытылмайдыда.

2 - жүргізуші:
Міне, тәуелсіздік алғанымызға 26 жыл толыпты. Осы жыл ішінде Қазақстан талай жетістіктерге жетті. Бар әлем қызыға да, қызғана да қарайтын мемлекетке айналды. Әлемнің дамыған мемлекеттерімен терезесі тең болды. Қазақстанды биік деңгейге жеткізген тұңғыш президентіміз Н. Ә. Назарбаевтай көреген саясаткердің арқасы екенін айтқанын жөн.
Тәуелсіздік күніне арналған шағын концерттік бағдарламамызды қабыл алыңыздар. Олай болса, оқушыларымыздың тәуелсіздікке арналған жыр шумақтарын қабыл алыңыздар.
Айдар
1. Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы,
Бақыт көрсін Отанның сан ұланы.
Енді ағайын, көгінде қалықтасын,
Қазағымның қастерлі - Әнұраны!

Кемел.
2. Желтоқсанда Алматыда, ақ қарда,
Алма бақтар ак қырауға батқанда,
Күңірене күн күркіреп тау жақтан,
Жайдың оты жалаң қақты шатқалдан.

Ерасыл.
3. Тұрса да биік өр басын,
Қазаққа бақыт орнасын.
Сексен алтыншы жылғыдай,
Желтоқсан желі болмасын!
Назерке
4. Күн кешіп лапылдаған жастарым,
Дүрліктірді желтоқсанның аспанын.
Жерді, дінді, тілді баба дәстүрін
Қорғау үшін көтерді олар бастарын.
Дәулет
5. Жас арудың жанарында – Желтоқсан,
Қанды ғасыр табанында – Желтоқсан.
Қаралы өмір қайыстырған халқымның,
Қара тұман қабағында – Желтоқсан.
Жауыздықты жасқаған да – Желтоқсан,
Жаңа ғұмыр бастаған да – Желтоқсан.
Жазықсыздың көз жасына жуынып,
Абақтыға тастаған да – Желтоқсан.
Намысымның шырағы да – Желтоқсан,
Сұрқай өмір сынағы да – Желтоқсан.
Жігіттердің ұраны да - Желтоқсан,
Жаңа күннің шуағы да – Желтоқсан.
Бақтияр
6. Тәуелсіздік – менің байтақ Отаным
Бір өзіңсің Мұхтар, Абай, Шоқаным
Тәуелсіздік – сәбилердің шаттығы
Тәуелсіздік, тәуелсіздік – жыр әнім
7. Тәуелсіздік таңы атты,
Азаттықтың күні атты.
Тәуелсіздік алған ел,
Егемен қазақ халқы.
Әли
8. Қалса да қайда көлің, қайда жерің,
Қасқайып хақ жолынан таймап едің.
Айрылып күндіз – күлкі, түнде – ұйқыдан
Күткенің осы еді ғой, қайран елім!
9. Республика! Ерікті ел – Қазақстан!
Келді ақыры көп күткен жаз алыстан.
10. Келді алыстан аңсатып, армандатып,
Торды бұзған мен де бір мәз арыстан.
Ақжол
11. Қара мына ғажапқа,
Теңдік тиді қазаққа.
Езгідегі ұрпағың
Енді айналмас мазаққа.

12. Желдей еркін, түздей кең, таңдай азат.
Мен қазақпын дегенде қандай ғажап.
Мақтан етсін халықтар халықтығын,
Жетер сан жыл шеккен малдай азап.
Аруна
13. Ағалардың алып берген биігін
Абыроймен асқақ ұстан жастарың.
Қазақстан деген алып мемлекет
Қарыштап тек алға қадам басқаның.
Атағыңа ғашық болсын жер жаһан,
Азат елім, ашық болсын аспаның!
Мейірхан
14. Беу Астана! Ардақты ақ қаласың!
Жасап жатыр туған ел салт – жорасын.
Туған күнің, Астана, құтты болсын!
Бақытты бол! Ортаймас бақ орнасын!
Алина
15. Құтты болсын тәуелсіздік мейрамы,
Ол әркімге бейбіт өмір сыйлады.
Аңсаған сан ғасырлық арман болып,
Қол жеткізген шындық жырын жырлады.

Аягөз.
16. Өзіңдікі туың да,
От пен ауа, суың да Жаса Қазақстаным!

1 - жүргізуші:
Күй,
ән: «Көк тудың желбірегені»

2 - жүргізуші:

Қазақ дейтін менің бір елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далаға жылап келіп қуанған, - деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде Қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші. Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді.
Көрініс: «Желтоқсан оқиғасы»
Сол күндер ғой жүректің аңсағаны,
Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады,
Өкініш пе, білмеймін қуаныш па
Өз - өзінен жүрегім ән салады.

1 - жүргізуші: Барлық ұлттың басын қосты бұл достық
Ұлы достық
Нұрлы достық
Күн достық
Достық деген қасиетті ұранға
Кең даланың жүрегі де үн қосты
Ән: «Көкке өрле» орындайтын; «Қыздар - ай» тобы

Өткізген: Бастауыш сынып мұғалімі Т. А. Байтикенова
Жасай бер, Тәуелсіз Қазақстан! (әдеби сазды монтажы) жүктеу
2 812
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні. Ар намысым, қасіретім, мақтанышым - Желтоқсан
16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні. Ар намысым, қасіретім, мақтанышым - Желтоқсан
1986 жылғы оқиға халықтың есіне мәңгі сақталады. 16 - желтоқсанда қазақ жастары орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.
Тәуелсіз елім – Қазақстаным!
Тәуелсіз елім – Қазақстаным!
Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру. Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, желтоқсан құрбандарының ерлігі жайында түсіндіру.
16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні. Ар намысым, қасіретім, мақтанышым - Желтоқсан
16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні. Ар намысым, қасіретім, мақтанышым - Желтоқсан
16 - желтоқсанда қазақ жастары орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті. Бұл күн - Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан да желтоқсан бүкіл халықтық мереке.
Тәуелсіздік - тұғырым
Тәуелсіздік - тұғырым
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.
Ар намысым, қасіретім, мақтанышым - Желтоқсан
Ар намысым, қасіретім, мақтанышым - Желтоқсан
16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні, Ар намысым, қасіретім, мақтанышым - Желтоқсан Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар.
Ата - бабамыз аңсаған тәуелсіздіктің таңы
Ата - бабамыз аңсаған тәуелсіздіктің таңы
Қызылорда облысы, Арал ауданы №64 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Махамбетова А.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×