Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ұ дыбысы мен әрпі

04 желтоқсан 2018, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Ұ дыбысы мен әрпі
Мақсаты:
1. Оқушыларға Ұ дыбысы мен әрпін таныстыру, сөз ішіндегі ұ дыбысының ерекшеліктерін меңгерту.
2. Оқуға деген қызығушылықтарын қалыптастыру, ойлау қабілеттерін, тіл байлықтарын дамыту.
3. Табиғатты қорғауға, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, әңгімелесу, оқу - жазу
Сабақ көрнекілігі: суреттер, слайд, элект. оқулық

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1, 2, 3
Біздің сынып тып - тыныш
Жалқаулықты тастаймыз
Сабақты біз бастаймыз

ІІ. Өткенді қайталау
- Өткен сабақта қандай әріппен таныстық?
- З қандай дыбыс, сөздің қай жерлерінде кездеседі?(слайд 3)
- Қандай өлеңдер жаттадыңдар?

ІІІ. Жаңа сабақ
Жұмбақ шешу (слайд 4)
Ұя, ұлу, ұшақтың
Басын бастап беремін.
Құс, жұмыртқа, бұтақтың,
Ортасында келемін. (ұ)
- Балалар бүгін біз қандай тақырыпта жұмыс жүргіземіз? (слайд5)
- Бүгінгі сабағымыздың мақсаты қандай болмақ?
Ұ дыбысын хормен айтқызу
Ұ дыбысы дауысты дыбыс, өйткен созылып айтылады
«Сөз ойла» ойынын ойнайық (слайд 6)
Ұ дыбысы бар сөздерді және кісі аттарын айтқызу
Кісі аттары: Ұлан, Ұлжан, Ұлдай, Ұлдана, Ұлтай.
Жұлдыз, ұшақ, тікұшақ сөздерін буынға бөлу
Мәтінмен жұмыс (слайд 7, 8, 9, 10)
Ұшқыш мәтінін оқу
Өлең жолдарын мәнерлеп оқыту, түсіндіру.
Тұңғыш ғарышкер Юрий Гагарин
Тоқтар Әубәкіров Қазақтың тұңғыш ғарышкері. Одан кейін 4 жылдан соң ғарышқа қазақ азаматы Талғат Мұсабаев ұшты. Осы ғарышкер ағаларымыз сияқты білімді, салауатты өмір салтын сақтасақ, батыл болсақ қана ғарышкер бола аламыз.

Сергіту сәті: (слайд 11)
Қарлығашқа ұқсайық,
Кәне қанат қағайық.
Қарлығаш боп ұшайық,
Ұшып, ұшып алайық.
- Балалар, қазір «Зейінді бол» ойынын ойнаймыз.
Мен, сендерге дауысты және дауыссыз дыбыстарды айтамын, ал сендер, дауысты дыбысты естігенде қызыл текшені, дауыссыз дыбысты естігенде көк текшені көтересіңдер.
* А, Н, Е, В,, С, О, О, О,
* М, Н, Г, Ш, А, Б, А, У, Ұ, Ұ, Ұ
* М, А, Р, О, М, Н, О, Ұ, К
- Жарайсыңдар, балалар!
- Балалар, енді мен сендерге дауысты дыбыстар айтамын, соның ішінде Ұ дыбысын естігенде шапалақтайсыңдар.
* А, Ә, Ұ, Ә, Ү, О, А, О, Ұ,
Буындардан сөз құрау
1 542
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ұ дыбысы мен әрпі
Ұ дыбысы мен әрпі
Ұ дыбысының артикуляциялық ерекшеліктерін түсіндіру, айтылу ерекшеліктерін қалыптастыру. Ұ дыбысын дауыстап дұрыс айтуға үйрету.
Ә дыбысы мен әрпі
Ә дыбысы мен әрпі
Жаңа технологияларды қолдана отырып Әә дыбысы мен әрпін таныту, сол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға, буын және оның түрлерін ажырата білуге үйрету.
Х дыбысы мен әрпі (слайд)
Х дыбысы мен әрпі (слайд)
Сабақтың тақырыбы: Хх дыбысы мен әрпі (слайд)
Ю дыбысы және әрпі
Ю дыбысы және әрпі
Бастауыш сынып мұғалімі: Алмагуль Ашикбаева
К дыбысы мен әрпі
К дыбысы мен әрпі
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ы. Алтынсарин орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Серикова Гүлнар
К дыбысы мен әрпі
К дыбысы мен әрпі
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы Тасшағыл ауылы Т.Амандосов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Нургул Жалгасова Кулмановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×