Білімділер поралы

В в дыбысы мен әрпі

Сауат ашу 1 сынып
Сабақтың тақырыбы: В в дыбысы мен әрпі.
Мақсаты:
1. Оқушыларды В в дыбысының әріп таңбасымен таныстыру. Жаңа сөздерді үйрету. Сөздерге дыбыстық талдау жасату.
2. Оқушылардың сөйлеу мәнерін, байланыстырып сөйлеуін, тіл байлығын, ой - өрісін дамыту. Сауатты, көркем жазуға үйрету.
3. Үлкен адамдарды сыйлауға, кішіпейілдікке тәрбиелеу. Оқушыларды дұрыс оқуға, сауатты, таза жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: түсіндірмелі, байланыстырып жазу, сұрақ - жауап
Көрнекіліктер: Суреттер, В әріпінің баспа, жазба түрі

Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
- Сәлеметсіңдер ме, балалар!
- Сабағымызды мына өлең жолдарынан бастаймыз. Мен айтамын сендер менің соңымнан қайталайсыңдар.
- Қарашы, досым,
Дайын ба, оқу - құралың?
Орнында ма,
Дәптер, кітап, қаламың?
Басталды міне сабағың!
- Жарайсыңдар, балалар, отырыңдар.

Үй жұмысын тексеру
Балалар, біз өткен сабағымызда қандай дыбыспен таныстық?
- Һ дыбысымен.
- Бізге кітапта һ дыбысына байланысты сөздер берілген болатын.
- Осы сөздерді оқу үшін қатар - қатармен хормен оқу керексіңдер
- Ол қандай дыбыс?
- һ дыбысы дауыссыз дыбыс.
- Һ – дыбысы сөздің тек ортасында ғана айтылады.
- Ендеше үйге Қаһарман мәтінін оқу берілген еді.
- Сендер оны оқып келдіңдер ме?
- Қане, кім маған мазмұнын айтып береді? (4)
Жұмбақ
Теуіп - теуіп қалдым,
Алысқа ұзап бардым
(велосипед)

Кіріспе
- Балалар велосипед көліктің бір түрі болып есептеледі.
- Қане, барлығымыз велосипед сөзін буынға бөлейікші.
Ве - ло - си - пед
- Балалар осы велосипед сөзі қандай дыбыстан басталады?
- В дыбысы
- Жарайсыңдар балалар!
- Ендеше, бүгін біз В в дыбысымен танысамыз.
- Ендеше, В дауысты ма дауыссыз ба?
В - ұяң, дауыссыз дыбыс.
В дыбысы орыс тілінен енген сөз.

Дыбыстық талдау
- Велосипед сөзінде неше әріп бар?( 9)
- Неше дауысты дыбыс бар? (4)
- Неше дауыссыз дыбыс бар? (5)
В - дауысты ма дауыссыз ба? (дауыссыз)
Е - дауысты ма дауыссыз ба? (дауысты)
Л - дауысты ма дауыссыз ба? (дауыссыз)
О - дауысты ма дауыссыз ба? (дауысты)
С - дауысты ма дауыссыз ба? (дауыссыз)
И - дауысты ма дауыссыз ба? (дауысты)
П - дауысты ма дауыссыз ба? (дауыссыз)
Е - дауысты ма дауыссыз ба? (дауысты)
Д - дауысты ма дауыссызба? (дауыссыз)

Бағандағы сөздерді оқу
- Ал енді балалар сендердің кітаптарыңда сөздер беріліпті. Қане, осы сөздерді оқып көрейікші.
1) Мен оқимын.
2) Мағнасын ашу.
3) Хормен оқимын.
4) Тізбектеп оқу.
ва гон, ав то бус, ве ло си пед, во лей бол
вок зал, трам вай, ак ва ри ум, ви та мин
- Жарайсыңдар, балалар.
В в дыбысы мен әрпі жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Загрузка...
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Эвфемизм мен дисфемизм
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Адам және табиғат
  • Қамқа
    Жазған: Қамқа
    Мына жаңалықта: Менің Елбасым
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қыс қызығы
  • jami
    Жазған: jami
    Мына жаңалықта: Су. Судың қасиеті
  • Кирбасова Асыл
    Мына жаңалықта: Ұл бала мен қыз бала
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қауын мен қарбыз
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • беке
    Жазған: беке
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 31
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 31
Роботтар: 2
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика