Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ауданды өлшеу. Аудан бірліктерінің арақатынасы

11 желтоқсан 2018, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Математика 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Ауданды өлшеу. Аудан бірліктерінің арақатынасы
Сабақтың мақсаты: оқушылардың аудан туралы және ауданды табуда алған білімдерін есептеулерде қолдана алу біліктерін дамыту үшін біріккен және өздік жұмыс түрлерін жүргізуге жағдай жасау
• дамытушылық: логикалық ойлау, зейін, есте сақтау, талдау, салыстыру, жинақтау дағдыларын дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын дамыту;
• тәрбиелік математиканың қажеттілігін сезінуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: білім, білік, дағдыларын бекіту сабағы.
Әдіс – тәсілдер: сыныппен жұмыс, жұптық жұмыс, жеке жұмыс, топтық жұмыс
психологиялық дайындық.
Кім шапшаң» ойыны. Бір қорап печенье 23 кг. Осындай 7 қорап печенье неше кг?( 3г)
Ә) 500 кг = …… ц
3 ц = ……кг
4т = …… ц
Ауызша сұрақтар:
1) Фигураның ауданы дегеніміз не?
- Ауданды өлшегенде қандай бірлікті қолданамыз? (кв. дм, кв. см, кв. м,)
Оқулықпен жұмыс:
№1. Парақ қағаздың, өшіргіштің, сынып тақтасының, сіріңке қорабының, үстелдің, оқулық мұқабасының ауданын қандай бірлікпен өлшеген қолайлы?
№2. Бақшаның, алаңшаның, бөлменің еденінің ауданын қандай бірлікпен өлшеген ыңғайлы?
Кестені жаттап алыңдар: 1 дм² = 100 см²
1 м ² = 100дм² 1а (ар) = 100м²
Армен қандай жердің ауданы өлшенеді?
Өткен материалды қолдану (15 мин.).
№2 ә) 2дм²=200см² 4м²=400дм² 5а=500м²
300см²=3дм² 700дм²=7м² 400м²=4а
№ 3. А) бөлігі ауызша орындалады. Тік төртбұрыштың ауданын қалай табамыз?
Ә) бөлігін жазып көрсетеді. 8дм • а
Б) бөлігін тақтаға шартын жазып, есепті шығарады.
а – 10дм
S – 80дм²
b -?
Ш: 80: 10 = 8 (дм)
Ж: ені 8дм
№5 есепті талдай отырып шығарамыз.
А) бөлігінде ұзындықты емес, ауданы тауып аламыз.
Ә) бөлігін жазбаша орындаймыз.
Тік төртбұрыш пен шаршыны салыстыру.
- Қандай ұқсастық бар? - Қандай айырмашылық бар?
№6 және 7 тапсырмалар талданып орындалады. Шаршыда бір ғана өлшем арқылы аудан мен периметрді табуға болатыны қорытындыланады. Шаршының периметрін табу үшін қабырғасын 4 – ке көбейтеміз. Шаршының ауданын табу формуласын жазыңдар. Тік төртбұрыштың ауданын табу формуласын жазыңдар.
Игерген білімдерін қолдану (10 мин.) №8 есепті талдай отырып, өздері орындайды.
Қорытынды: Ауданды табу есептерді шығаруда қажет және түрлі есептеулерде қажет
7. Үйге тапсырма №4 (20 – бет)
- Сабақта не қиын болды, қандай тапсырма жеңіл болды?
Бағалау
Мұғалім: Ж. Бахитова
1 852
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ауданды өлшеу. Аудан бірліктерінің арақатынасы
Ауданды өлшеу. Аудан бірліктерінің арақатынасы
Ауданды өлшеу. Аудан бірліктерінің арақатынасы жайында және есептердің шығарылу жолдарын өз бетінше меңгеруге жағдай жасау.
Фигураның ауданы. Ауданды өлшеу. Квадрат сантиметр
Фигураның ауданы. Ауданды өлшеу. Квадрат сантиметр
Фигураның ауданы туралы түсінік беру. Фигуралардың ауданын салыстыру және өлшеу тәсілдерімен таныстыру. Көбейту кестесі туралы білімдерін бекіту. Есептеу дағдыларын жетілдіру. Логикалық ойлауын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Ұзындықты өлшеу. Миллиметр. Ұзындық бірліктерінің арақатынасы
Ұзындықты өлшеу. Миллиметр. Ұзындық бірліктерінің арақатынасы
ұзындық өлшем бірлігі - миллиметр (мм) бірлігін енгізу және оны басқа өлшем бірлігіне айналдыруды үйрету;
Ұзындық және аудан өлшем бірліктерінің кестесі. Ар – аудан өлшем бірлігі
Ұзындық және аудан өлшем бірліктерінің кестесі. Ар – аудан өлшем бірлігі
Ұзындық және аудан өлшем бірліктерінің кестесі. Ар – аудан өлшем бірлігі. Математика оқулығының әдістемесі, мұғалімге арналған нұсқаулық
Ұзындықты өлшеу. Миллиметр. Ұзындық бірліктерінің арақатынасы
Ұзындықты өлшеу. Миллиметр. Ұзындық бірліктерінің арақатынасы
ұзындық өлшем бірлігі - миллиметр (мм) бірлігін енгізу және оны басқа өлшем бірлігіне айналдыруды үйрету; шығармашылық қиялын, жүйелі ойлау қабілетін дамыту.
Ауданды өлшеу. Аудан бірліктерінің арақатынасы
Ауданды өлшеу. Аудан бірліктерінің арақатынасы
Қарағанды қаласы, «№92 гимназия» КММ Бастауыш сынып мұғалімі Акмагамбетова Акшегуль Мажитовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×