Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Заңды білсең, балдырған. Ақиқат шығар, алдыңнан!

12 желтоқсан 2018, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Заңды білсең, балдырған.
Ақиқат шығар, алдыңнан! (1 сынып)
Мақсаты: 1. Еліміздің болашағына өскелең ұрпақтың жауапты екенін саналарына сіңіре отырып, Ата заңын сыйлауға, қадірлеуге, білуге, сақталуына өз үлестерін қосуға талпындыру.
2. Адам өмірі мен құқықтары, бостандықтары туралы көзқарас қалыптастыру.
3. Адамгершілік, ұлтжандылық, Отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Әдісі: СТО технологиялары
Түрі: құқықтық сағат
Көрнекілігі: суреттер, слайдтар.
Күтілетін нәтиже: - Өз көзқарастарын еркін білдіреді.
• Өз Отанына өздері жауапты екенін саналарына сіңіреді.
• Ата заңның баптарын өз жас ерекшелігіне сай біледі.
Міндеті: Отанымыз туралы білімдерін кеңейту, Қазақстанның жаңа азаматын тәрбиелеу, өз ойын ортаға салу.

Өту жоспары:
1. Ойлан «Адасқан әріптер»
2. Таныс «Салтанат құрған құқығым»
3. Айт «Болады - болмайды»
4. Көмектес
5. Біл «Өзіңді таны»
Оқушылар ҚР Әнұранын орындайды.

І. Қызығушылықты ояту.
Психологиялық дайындық
Тренинг: Ойлан «Адасқан әріптер»
Шарты: Әріптерді дұрыс орнына қойса, мағыналы сөз шығады.
1. ң, а, з
2. т, л, а, п, а
3. н, м, і, е, д, т
4. қ, ы, ұ, қ, қ
5. т, р, т, ә, п, і
Сабақтың тақырыбын ашу үшін бұл сөздердің маңызы бар.
- Балалар, мына сөздердің қоғамға, адам өміріне қатысы бар ма?
- Белгілі бір ережеге, заңға бағынған адам тәртіпті болады.

ІІ. Мағынаны тану.
Тақырыппен таныстыру:
«Заңды білсең, балдырған,
Ақиқат шығар алдыңнан!»
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Адам дүниеге келеді. Ол өзі өмір сүрген ортадағы қоғамның мүшесі. Әр елдің өз адамдарына арналған Заңы – Конституциясы бар. Ата Заңымыз ең алдымен адам құқығын ту етіп көтереді. Сол сияқты дүние жүзі елдерінің бәрі қолдайтын ортақ заңдар мен ережелер бар. Олар: «Адам құқықтары жайлы жалпыға бірдей декларациясы» және «Балалардың құқығы жайлы конвенция».

Құқық – заң арқылы реттелетін адам құқығы.
Конституция – құрылым.
Конвенция -- келісім.

2. Таныс. «Салтанат құрған құқығым».
Өз құқығының салтанат құрған жерлерін бейне суреттен атап көрсетемін.
Өз құқығыңды анықта, ата.
- Мен мектепке баруға, оқуға құқығым бар.
- Өмір сүруге құқығым бар.
- Ойнауыма, демалуыма құқығым бар.
- Өз пікірімді білдіруге құқығым бар.
- Ақысыз емделуіме құқым бар.
- Балалар, Ата Заң осындай құқықтарыңды берумен қатар міндеттер де артады.
Өздеріңнің қандай міндеттерің барын айтып бер.
3. Айт. «Болады - болмайды»
- Балалар, күнделікті өмірде мынадай жағдаяттар кездеседі.
1. Сен бүгін қаламыңды үйде қалдырып ұмытып кеттің. Досыңның сөмкесінен қаламын алдың да, жаза бастадың.
- Балалар, осы әрекетте адам құқығы бұзылды ма, жоқ па?
Өз пікіріңді білдір
2. Сен туыстарыңмен телефон арқылы сөйлеспек болдың. Трубканы көтерсең, бөтен адамдардың сөйлесіп жатқаны қосылып кетті. Сен олардың сөзін тыңдадың. Олай істеуге бола ма?

ІІІ. Ой толғаныс. Біл. «Өзіңді таны»
Слайдта төмендегі сөздер жазылып тұрады. Оқушылар нөмірмен берілген сөздерді оқиды.
- Осы қасиеттердің қайсысы жүзеге асып жүр.
1. Жақсы оқиды.
2. Адамды алдайды.
3. Демалады.
4. Мазақтайды.
5. Ұрлайды.
6. Өз пікірін айтады.
7. Үлкенді сыйлайды
8. Рұқсатсыз біреудің үйіне кіреді.
9. Мейірімді.
10. Біреулерді зәбірлеп, қинайды.
11. Мәдени істерге араласа алады.
12. Еңбек етеді.
13. Емделе алады.
14. Ойлайды.
15. Достасады.
16. Табиғатты қорғайды.
17. Басқаның хатын оқып алады.

1 - көрініс.
Екі оқушы аулада ойыншықпен ойнаған сәбиді жолықтырады.
– Ойыншығың әдемі екен. Кім алып берді?
– Ата - анам.
– Ата - анаң тағы не үйретті?
– Үлкендерді сыйлауды.
– Біз үлкенбіз бе?
– Иә
– Онда аяқ - қолыңды көтеріп тұр.
Сәби аяқ - қолын көтеріп тұрады. Оқушылар мазақ етіп кетіп қалады.

Сұрақ: - Қандай жағымсыз әдет көрдіңдер? Бұл заң бұзушылыққа жата ма?
Сәбиді ата - анасы дұрыс тәрбиелеген бе? (Оқушы пікірлерін тыңдау)

Түйінді ой: Сәбиді ата - анасы дұрыс тәрбиелепті. Бірақ Ата - Заңымыздағы 17 - бапты үйретпепті. Ата Заңымыздың 27 - бабында «балаларды тәрбиелеу ата - ананың басты міндеті» делінген. Ата - заңымыздың 17 - бабында «ешкімді азаптауға, оған зорлық - зомбылық жасауға, адамдық қадір - қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге болмайды» делінген.

2 - көрініс.
Үш оқушы келе жатыр. Олардың біреуі:
– Бүгін демалыс қой, қалай демаламыз? Ішім пысты. Бірдеңе жасайықшы.
Екіншісі:
– Биік жанатын алау жасайықшы.
Үшіншісі:
– Таптым, таптым бәрің ауыздарыңды ашып қаласыңдар, мына үлкен ағашқа от тигізсек үлкен алау болады. От тигізейік, - деп жүгіре жөнеледі. Қалған екі оқушы «мұндай қызығыңның керегі жоқ» деп оны әрең тоқтатады.
Сұрақ:
– Қандай жағымсыз әдеттер байқадыңдар?
– Жақсы қасиеттер байқалды ма?
– Бұл заң бұзушылыққа жатады ма?
(Оқушы пікірлерін тыңдау)

Түйінді ой: Балалар 24 - бапты білгенімен, 38 - бапты білмейді екен.
1. Ата Заңның 24 - бабында «Әркімнің тынығу құқығы бар» делінген.
2. Ата Заңның 38 - бабында «Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға міндетті» делінген.
3 - көрініс: Баласы көршісінің тауық қорасынан жұмыртқа ұрлап әкелді де, шешесіне жұмыртқа қуырып беруін сұрады. Анасы жұмыртқаны қуырып береді...
Сұрақ. Жігіттің ұры болып өсуіне кінәлі кім? Өзі ме, әлде анасы ма? (Оқушы пікірін тыңдау.)

Не байқадым, не білдім? (Оқушылардың сұрақтарға жауап беруі.)
1. Адам дүниеге келгенде алғашқы құжаты қалай аталады? (Туу туралы куәлігі)
2. Күнделікті алған бағаңды мұғалім қайда қояды? (Күнделікке)
3. Бір нәрсені хабарлау үшін немесе оны әйгілеу үшін не жазылады? (Хабарландыру)
4. Мектепке 1 - сыныпқа қай жастан келеді? (6 жастан)

5. Бас әріптен басталып жазылатын сөздер: (Кісінің аты - жөні, жер - су атаулары, газет - журнал аттары)
1 - оқушы:
Құлақ түрем елімнің тынысына,
Мақтанам, қуанамын табысына
Елбасы мен халқымыз аман болса,
Айналар Орта Азия «барысына»
2 - оқушы
Біз намыскер қазақ елі ұланымыз,
Қорғайтын жерді оттан қыранымыз
«Талап, Еңбек, Терең ой, Қанағат, Рақым»деп
Ұлы Абай айтқан ұланымыз.

Мұғалімнің қорытынды сөзі.
Күн нұрындай сәуле шашқан өңірге,
Бақ дәулетін аямаған жеріме.
Егемендік елдігіме жарасқан,
Ата Заңым құт сыйладың еліме!
– Міне, осы жыр жолдарынан Ата заңымыз мемлекетіміздің гүлденіп дамуына, халқымыздың бақытты өмір сүруіне ықпалы мен көмегінің зор екенін байқаймыз.
Мұғалімі: Турежанова Айдаркуль
Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
1 925
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Заңды білу – заман талабы
Заңды білу – заман талабы
Оқушыларға адам құқықтары мен бостандықтары жайлы баптардан түсінік қалыптастыру, құқықтық білімдерін толықтыру; Адамгершілік, ізгі қасиеттер мен ар – ождан бостандығына, адалдық пен мейірімділікке баулу арқылы құқықтық тәрбие беру;
Заңды білу - заман талабы
Заңды білу - заман талабы
Оқушыларға адам құқықтары мен бостандықтары жайлы баптардан түсінік қалыптастыру, құқықтық білімдерін толықтыру.
Заңды білу – заман талабы
Заңды білу – заман талабы
Ақтөбе облысы, Алға қаласы, В. И. Пацаев атындағы №2 Алға орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Ешбаева Кенжегүл Отелбаевна
Зорлық-зомбылықсыз күн
Зорлық-зомбылықсыз күн
зорлық - зомбылық дегеніміз не екенін оқушыларға түсіндіру; адам құқықтарын сақтау, өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруға дайындық қабілеттілігін қалыптастыру;
Менің құқығым (ойын-жарыс)
Менің құқығым (ойын-жарыс)
Сабақтың мақсаты: білімділік: құқықтық мәдениеттілікті, әдептілік, құқықтық сана - сезімді қалыптастыру.
Білім және құқық
Білім және құқық
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Көркемсурет лицейі Дузимова Жайнагул Конысбаевна Сабақ тақырыбы: Білім және құқық Сабақ мақсаты: А) білімділік: оқушыларды өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыра білуге дайын болуы, айналасындағы адамдардың
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×