Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Астана өлеңі Ермек Өтетілеуұлы

20 желтоқсан 2018, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Ұйымдастырылған оқу қызметі: «Көркем әдебиет»
Тақырыбы: «Астана».(жаттау) Ермек Өтетілеуұлы.
Мақсаты: Астана қаласы туралы түсініктерін кеңейту, Астана өлеңнің мазмұнын түсініп тыңдау үйрету.
Есте сақтау, ойлау қабілетін жетілдіру, сөздік қорын дамыту.
Мнемоника арқылы өлеңді қайталауын жетілдіру.
Астанаға сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу.
Билингвалды компонент: қала Астана – город Астана, саяхат путешествие.
Сөздік жұмыс: шарықтайды, асқақ ән.
Технологиялық қамтамасыз ету: суреттер, хрестоматия, мнемоника, проектор, билетер, руль, автобус Дид. ойын:«Қуыршақ тыңдайды».
Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері:
Қайырлы таң, Алтын Күн!
Қайырлы таң, Көк аспан!
Қайырлы таң, Жер Ана!
Қайырлы таң, достарым!
Қайырлы таң, апайым!
Қайырлы таң, қонақтар!

Ұйымдастырушылық - Ізденістік
Кіріспе әңгіме:
- Балалар, сендер Астана қаласына барғыларың келе ме?
- Қандай көлікпен барғыларың
келеді?
- Бару үшін бізге не керек?
Төсін сәт:
- Балалар, Астана қаласына саяхатқа келді.
- Балалар сендер не көріп тұрсыңдар?
- Балалар, тұңғыш президентіміз кім?
- Балалар Астана қала туралы
тақпақты білгілерің келе ме?
- Олай болса, бүгінгі оқу қызметінде ақын Ермек Өтетілеуұлының «Астана»
тақпағын жаттайық.
1.«Астана» өлеңін мәнерлеп оқимын:
Болашаққа бастаған.
Шарықтайды асқақ ән.
Елордасы Отанның –
Мақтанышым – Астанам.
2. Мнемоника арқылы өлеңді оқимын.
Сөздік жұмыс:
шарықтайды, асқақ ән.
Билингвалды компонент:
қала Астана – город Астана, саяхат путешествие.
3. Сұрақ - жауап:
- Балалар, өлеңде не туралы айтылды?
- Астана қандай?
- Астананың несімен Мақтанамыз?
Сергіту сәті:
Отанымның тірегі,
Астананың жүрегі,
Мақтан етем өзіңді
Бәйтерегі киелі.
4. Балалармен бірге мнемоника арқылы өлеңді оқимыз.
Дидактикалық ойын: «Қуыршақ тыңдайды»
Мақсаты: Балаларды қуыршаққа тақпақты айтқызып үйрету. Ойлау қабілеттері дамиды. Балалардың сөйлеу тілін жетілдіру, сөздігін байыту, жалпы ой – өрісін дамыту.
5. Әр баламен жеке айтқызу.
Астана өлеңі Ермек Өтетілеуұлы жүктеу
5 901
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Астана – тарихи мекен
Астана – тарихи мекен
Тақырыпқа байланысты мәтіннің мазмұнын игереді, неологизм, термин сөздердің қолданыс аясын түсінеді, ажырата біледі.
6 шілде Астана күні!, Жайнай берсін, Астана!
6 шілде Астана күні!, Жайнай берсін, Астана!
Балаларға еліміздің бас қаласы - Астана туралы мәлімет беру.
Тәуелсіз елім - туған жерім
Тәуелсіз елім - туған жерім
Астана қаласы, №10 «Бөбек» балабақшасының қазақ тілі мұғалімі: Аяпбергенова Ботакөз Сагындыковна
Жайнай берсін, Астана!
Жайнай берсін, Астана!
Астана туралы мәлімет беру.
Астана
Астана
Ойыл ауданы, Жақсыбайкөл негізгі мектебінің 1 класс оқушысы Әділханова Дильназ Алмазқызы
Астана Е. Өтетілеуұлы
Астана Е. Өтетілеуұлы
Ақтөбе облысы, Алға ауданы В. И. Пацаев атындағы №2 Алға орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Шенгелбаева Гаухар Сарсенбаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×