Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ә дыбысы мен әріпі

26 желтоқсан 2018, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Ә дыбысы мен әріпі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ә дыбысымен таныстыру. Ә дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасату; сөз, сөйлем құрап айтуға, буынға бөле білуге дағдыландыру; қол жаттықтыру дәптерлеріне Ә әрпін жаздыру.
Дамытушылық: Ой – өрісін, тіл байлықтарын, тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Үлкендерді сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдері: түсіндіру, сұрақ – жауап, ойын, әңгімелесу.
Түрі: саяхат сабақ.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру:
Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
- Өткенде қай әріппен таныстық?
- І дыбысы мен әрпі
- Қане, сол і дыбысына сөздер ойлап жіберіңдерші.

- І дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?
- Дауысты.
Ережені еске түсіру.
Дыбыс деген не? Әріп деген не? (Дыбысты естиміз, айтамыз, әріпті жазамыз, көреміз, оқимыз)
Сызбамен жұмыс, талдау, жинақтау.

Жаңа сабақ. Ой толғаныс.
- Бүгін тағы бір жаңа әріппен танысасыз. Бүгінгі сабақ ерекше сабақ. Бізге қонаққа әже келіп отыр. Ол кісі сендерден көмек сұрай келіпті. Әженің Әсет және Әсел деген екі немересі бар екен. Әжеміз базарға кеткенде екі бала сыртқа шығып адасып кетеді. Сол балаларды тауып беруіміз керек. Қане. әжемізге көмектесеміз бе?
- Ия (Сюжетті суреттердің көмегімен тапсырманы орындаймыз)
- Әжеміз келе жатса алдынан бір үлкен өзен шығыпты. Бұл кісіні өзеннен өткізу үшін тапсырма орындауымыз керек. Орындаған жағдайда бүгінгі танысатын әрпіміз шығады.
«Өзеннен өту»
І деңгейлі тапсырма. «Миға шабуыл»
Сөзжұмбақ шешу арқылы «Әліппе сөзіне мағлұмат беру.»
1. Әкенің анасы кім.
2. Ешкінің төлін ата.
3. Тышқанның үйін ата.
4. Ірі жануарды ата.
5. Жеті күн тағы қалай аталады.
6. Ыдыс түрі.
Ә Ж Е
Л А Қ
І Н
П І Л
А П Т А
К Е С Е
- Қандай сөз шықты?
- Әліппе
- Әліппе сөз қай дыбыстан басталып тұр?
- Ә дыбысынан
- Бүгінгі өтетін тақырыбымыз Ә дыбысы мен әрпі.
- Ә дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба? Бұны білу үшін бәріміз Ә деп әндетейік.
- Қандай дыбыс екен?
- Дауысты
- Олай болса ол әріпті дауыстылар қатарына салайық. (Әріптер салған қалтаға салу)
- Әжелерін іздеп келе жатқан немерелерінің де алдынан кедергілер шығады.
- Көмектесеміз бе?
- Ия
- Онда ІІ деңгейлі «алма ағашының алмасын жинау» тапсырмасын орындаймыз. Ә әрпінен басталатын сөздер ойлап буынға бөлеміз.
- Өте жақсы.
- Енді ауада Ә әрпін жазып үйрену.
- Әсет пен Әселді сиқырлы алма ағашынан өткізіп жібердік.
- Дәптерге Ә әрпін жазу.
- Ал, кәнеки балалар, бәріміз бір – біріміздің қолымызды ұстап әндетейік.

Сергіту сәті.
Әлди, әлди ақ бөпем,
Ақ бесікке жат бөпем.
Жылама, бөпем, жылама
Жілік шағып берейін.

Әжемізде немересіне асығып келе жатқан, алдынан сиқырлы пеш шықты. Енді ІІІ деңгейлі «Сиқырлы пеш» тапсырмасын орындаймыз.
Сөздерге сөйлем ойлап схема түрінде тақтаға жазу.
Ә дыбысы мен әріпі жүктеу
2 593
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
В в дыбысы мен әрпі
В в дыбысы мен әрпі
Оқушыларды В в дыбысының әріп таңбасымен таныстыру. Жаңа сөздерді үйрету. Сөздерге дыбыстық талдау жасату.
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар Сауат ашу (48 сағат)
Ә дыбысы мен әрпі
Ә дыбысы мен әрпі
Жаңа технологияларды қолдана отырып Әә дыбысы мен әрпін таныту, сол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға, буын және оның түрлерін ажырата білуге үйрету.
Ә дыбысы мен әрпі
Ә дыбысы мен әрпі
Ә дыбысы мен әрпін таныстыру. Ә әрпіне байланысты сөздерді буынға бөлу, дыбыстық талдау жасату, сөйлеу қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту. Табиғатты аялауға, қорғауға тәрбиелеу.
Ж дыбысы мен әріпі
Ж дыбысы мен әріпі
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, "Ақтоғай жалпы орта білім беру мектебі"КММ даярлық тобының тәрбиешісі: Майликутова Сайлаухан
Ә дыбысы мен әрпі
Ә дыбысы мен әрпі
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, № 5 орта мектебінің Бастауыш сынып мұғалімі Нұрымбетова Нұрлыгүл Оралбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×