Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Достық қымбат өмірде

04 қаңтар 2019, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Мектепішілік математика пәні мұғалімдерінің семинары
Ашық тәрбие сағаты
Тақырыбы: Достық қымбат өмірде
5 сынып
Тақырыбы: «Достық қымбат өмірде»
Жалпы мақсаты: Балалардың «дос», «достық» құндылықтары туралы түсініктері кеңейеді.
Міндеттері:
- ұл бала мен қыз бала арасындағы сыйластық, достық туралы түсініктерін қалыптастырады;
- өзара сыйластық қарым - қатынастарын дамытады;
- инабаттылыққа, достыққа, сыйластыққа тәрбиеленеді.
Сабақтың түрі: Дамытпалы саяхат сабақ
Әдіс - тәсілдер: АКТ, жұптық - топтық әдістер, СТО әдіс - тәсілдері,
Көрнекіліктер: Ұлы адамдардың ойлары, нақыл сөздері, дос туралы мақал - мәтелдер, интерактивті тақта, слайд, компьютер, А3 қағазы, маркерлер, үлестірме қағаздар.
Дереккөздер: Ғаламтор, кітап, газет, журналдар.
Оқыту нәтижелері: Оқушылардың достық туралы ұғымы кеңейедіту және нақтыланады. Достарға деген қарым - қатынастары қалыптасады, достықты қадірлей білуді ұғады, бір - біріне көмек көрсету және қамқор болуға үйренеді.
Оқушы өз бетімен ізденеді және өз ойын еркін айта алады.
Оқушының есте сақтау қабілеті жақсарып, өз эмоциясын, өзі басқара біледі. Оқушылар арасында ынтымақтастық орнайды. Өзіне де, өзгеге де сын көзбен қарай алады. Пікірталасқа қатысады.

Сабақ барысы
Топқа бөлу. Оқушылар екі топқа бөлінеді.
Мұғалім: « Жақсы бол, жігіт болсаң, ел көргендей.
Досыңа қосылғанда дем бергендей»
Пайдаңды жақсы болсаң, тигіз көпке,
Тұйғынға қапастағы жем бергендей» демекші, жақсы рухани күшіміз, әдеп - байлығымыз. Адам үшін ата - анадан кейнгі ең жақын - абзал дос. Жақсы - адам жанынан шуақ іздеп, достық шын көңілімен қолын ұсынатын адамдар көп болмақ.
«Доссыз өмір - тұл», « Доссыз өмір - тұссыз ас»- деп халық тегін айтпаған. Адам ес біліп, етек жапқаннан бастап өзін түсінетін, жанына серік болатын айнымас дос іздейтіні анық. Міне бүгін, балалар, достық жайлы әңгімелеспек. Достық әлемі қызық оқиғаларға адал шынайы қарым - қатынас, асқақ адамгершілікке толы әлем.
Біз достық әлемімен таныс болу үшін, достықты бағалай білу үшін бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды саяхат сабақ ретінде өткіземіз.
Ал, балалар, енді жолға шығуға әзірленейік. Саяхат өте ұзақ болмақ. Біз ой кемесіне мініп, толқындатып, жолда аялдамаларға тоқтап, дем алып, адасып кетпес үшін өз бағыттарымызды анықтап алғанымыз дұрыс. Біздің айналамызда ретімен достық аралдары орналасқан. Әр аралда біздің достарымыз тұрады. Олар бізге тапсырмалар әзірлеп қойыпты. Сол тапсырмаларды орындап, досымызды біздің ортамызға қонаққа шақырайық.
Бірінші арал. «Аққуды атпайды,
Достықты сатпайды»
Осындай мақал жазылған. Енді осы сөздің сырына үңіліп көрейікші. Аққу - деген киелі құс және сұлулық символы. «Өмірде жұптарыңыз жазылмасын, көлде жүзген екі аққудай болып мәңгі өмір сүріңдер» - деп айтады. Сонда аққулар бір - бірінен айырылмайтын және бір - бірінен айырылса өмір сүре алмайтын құстар.
Ал достықты сатпау деген не? (Сұрақ қойылды). Қиындыққа, жамандыққа қалдырмау, досы үшін өзінің басын қатерге тосу, досын құтқару - достық өлкесінің заңы болса керек.
«Достық өлкесінің заңы» М. Шаханов өлең оқылады.
Алдымызда қанша сауал тосылды,
Өмір бізді ерте үйірді биіне.
Сәби кезім.
Бірге ойнайтын досымды
Ертіп бардым нағашымның үйіне.
Сәбилік шақ!
Сүттей аппақ кезең бұл,
Аңғал, бейқам балбұлақтай сыңғырлы.
Досым "киіп көремін" деп әжемнің
Аңдаусызда көз әйнегін сындырды.

«Бейнеу ауданы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі» ММ – сі
Өткізген: Садакова Г.
Достық қымбат өмірде жүктеу
2 807
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Достық дегеніміз не?
Достық дегеніміз не?
Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті.
Дос және достық
Дос және достық
Оқушыларды адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу, өзімшілдіктен, менмендіктен тағы басқа жаман әдеттерден аулақ жүруге үйрету
Достық
Достық
Достық Жастайымнан бірге болғам өзіңмен, Нұр шуағы төгілді сенің көзіңнен. Әрқашанда бірге болсақ деп едім Бұл өмірге қарау керек төзіммен.
Достық қымбат өмірде
Достық қымбат өмірде
Ақтөбе қаласы, №53 орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Ермагамбетова Бакытгуль Токтаровна
Достық қымбат өмірде
Достық қымбат өмірде
Избасарова Раушан Тлегенқызы Солтүстік Қазақстан облысы, М Жұмабаев ауданы, Булаев қаласы
өзін-өзі тану
өзін-өзі тану
Павлодар қаласы Қ.Бекқожин атындағы №12 ЖОМ бастауыш сынып мұғалімі Жомартова Назым Нурхасымовна Пән: Өзін-өзі тану 3-сынып Сабақтың тақырыбы:Ұл бала мен қыз бала Сабақтың мақсаты: Балалардың «сыйластық», «достық» құндылықтары туралы түсініктерін
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×