Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Алматы

13 қаңтар 2013, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Атырау қаласы, Д. Байбосынов атындағы
№13 ұлттық-мектеп гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі
Мұхамбетова Ботагөз Жексенғалиқызы

Сабақтың тақырыбы: Алматы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақстанның мәдени орталығы Алматы қаласы туралы мағлұмат беру, білімдерін жетілдіру;
Дамытушылық: Отанына деген мақтаныш сезімін туғызу, білімге құштарлығын арттыру, логикалық ойлауын, ауызекі сөйлеуін дамыту;
Тәрбиелік: Адамгершілікке отансүйгіштікке, білімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың типі : іскерлік пен дағдыны дамыту сабағы
Сабақтың әдісі. Топтастыру, «Бір айналым сөйлеу», і INSERT, сұрақ-жауап, ойын т. б.
Сабақтың көрнекілігі: бейнетаспа, суреттер, интерактивты тақта.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:
А) сыныпты ретке келтіру;
ә) оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
- Балалар, өткен сабақта үйге қандай тапсырма берілді?
- Ал, кім дайындалып келді? (4-5 оқушыдан сабақ сұраймын)
- Жарайсыңдар, балалар! Енді осы білетіндерімізді жазып жіберелік

ІІІ. Оқушылардың қызығушылығын ояту.
- Балалар, бүгін біздер «Білім еліне» саяхат жасамақпыз. Бізге Білгішбек бағыт көрсетіп, саяхатымыздың қызықты өтуіне көмектеседі.
- Міне, өзі де келе жатыр.
- Сәлеметсіздер ме, балалар! Қалдарыңыз қалай? Менің алдыңғы сабақтағы жүктеген тапсырмама мұқият дайындалып келдіңіздер ме?
- Иә!
Балалар, Білгішбектің тапсырмасы қандай тапсырма еді? Мен ұмытып отырмын.
-«Менің Қазақстаным» тақырыбына шағын шығарма жазып келуге тапсырма берген болатын. (2-3 шығарма оқылады)

ІҮ. Мағына тану
- Өте жақсы, балалар! Енді саяхатымызды жалғастырайық. Картадан бүгін біз танысатын қалаға бағыт көрсетемін. Бұл қай қала?
- Алматы қаласы!
- Ал, осы Алматы қаласы туралы не білеміз? (әңгімелеу)
- Енді, бейне сюжетке назар аударайық!
Сұрақтар: Қаланы неге Республикамыздың мәдени орталығы дейді екен?
Қалада қандай мәдени орталықтар бар екен?

2. Оқулықпен жұмыс
А) Мәтінді оқып беремін
Ә)Оқушылардың түсініп оқуы.
Балалар, даңғыл дегеніміз не екен?
- Алматы туралы білетінімізді сызбаға түсірелік:

Ү. Сергіту сәті.
Аяқпенен топ, топ, топ
Алақанды соқ, соқ, соқ
Бір оңға, бір солға
Айналайық кел мұнда
Қолымызды бір сілтеп,
Басымызды шайқайық
Бір оңға, бір солға,
Айналайық кел мұнда
Секіреміз жоғары,
Қиын емес секіру
Бір оңға, бір солға
Айналайық кел мұнда.

ҮІ. Дәптермен жұмыс.
ҮІІ. Қорытындылау.
• Алматы Қазақстанның қандай қаласы?
• Ол қайда орналасқан?
• Алматыны неге мәдени орталық деп атайды?

INSERT әдісі
Білгенім
Үйренгенім
Үйренгім келеді

«Бір айналым сөйлеу» «Алматы»
Бағалау
5 516
0
  • 100
1 дауыс
Загрузка...
Оқи отырыңыз
Зат есімнің көптік жалғауын қайталау
Зат есімнің көптік жалғауын қайталау
Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Асанов орта мектебінің, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Желенко Рима Фаритқызы
Баубек Бұлқышев «Ана»
Баубек Бұлқышев «Ана»
ШҚО, Семей қаласы «№ 16 ЖОББМ» КММ Бастауыш сынып мұғалімі Оразаева Раушан Турсыновна
37+7 және 44-7 түріндегі ауызша есептеу тәсілдері
37+7 және 44-7 түріндегі ауызша есептеу тәсілдері
Атырау қаласы, Д. Байбосынов атындағы № 13 ұлттық мектеп гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Мұхамбетова Ботагөз Жексенғалиқызы
Жұрнақ
Жұрнақ
Атырау қаласы, Д. Байбосынов атындағы № 13 ұлттық мектеп гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Мұхамбетова Ботагөз Жексенғалиқызы
Ту тіккен Рақымжан
Ту тіккен Рақымжан
Рахымжан Қошқарбаев туралы мағлұмат беру, «Ту тіккен Рақымжан» мәтінімен таныстыру. Ұлы Отан соғысы туралы алған білімдерін бекіту, мәтін бойынша жұмыс жасау, талдау жұмыстарын жүргізу.
Сөз және оның құрамы
Сөз және оның құрамы
Атырау қаласы, №34 лингвистикалық мектеп - гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Абдулова Инеш Хадымқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.