Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қызықты математика

08 қаңтар 2019, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет: Қарапайы математикалық ұғымдарды қалыптастыру.
Тақырыбы: Қызықты математика
Мақсаты:
Білімділік: Балалардың қарапайым математикалық дағдыларын қалыптастыра отырып, сандар жайлы түсініктерін тереңдету, геометриялық пішіндерді тануға, тура және кері жаңылмай санауға ынталандырып, тапсырмалар арқылы ықпал ету;
Дамытушылық: Баланың логикалық ойлау қабілетін, танымын дамыту, зейінін, тез ойлауын, шапшаң есептеуге қызығушылықтарын ояту.
Тәрбиелік: Достық пен сыйластыққа тәрбиелеу
Тәрбиеші:
Балалар қараңдаршы, бүгін сондай ерекше күн, сендер де, сондай әдемі болып кетіпсіңдер жәнеде бүгін біздерге өздерің сияқты әдемі апайлар қонаққа келген екен, қанекей, «сәлем - сөздің атасы» демекші, келген қонақтармен амандасып, бүгінгі күніміз көңілді де, қызықты өту үшін «дөңгеленіп тұрайық, шаттық шеңбер құрайық».
Шаттық шеңбер:
Қайырлы тан Жер Ана
Қайырлы тан Көк Аспан
Қайырлы тан достарым
Қайырлы тан қонақтар
Аман есен болайық
Бейбітшілікті қолдайық
Жарайсыңдар балалар орнымызға жайғасайық.
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем
- Көктем мезгілінде неше ай бар?
- Зай бар.
- Бүгін аптаның қай күні?
- Сәрсенбі
- Бір аптада неше күн бар?
- 7күн
Ғажайып сәт:
Балалар біздің ғажайып теледидарға хат келген сияқты, кәне бәріміз теледидарды қарайықшы.
Қарша қыз:
-«Сәлеметсіңдер ме, балалар? Мен Қарша қызбын. Менің жеті ергежейлі достарымды Қатыгез патшайым ұрлап, тығып қойды.«Егер саған дос керек болса менің тапсырмамды орында»деп көп жұмбақ пен тапсырма беріп кетті менің өзіме бұл тапсырмаларды орындау өте қиын, достар сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын, маған көмектесіңдерші, мынау Қатыгез патшайымның маған беріп кеткен тапсырмасы».
Ұйымдастыру - ізденушілік
- Балалар ертегі кейіпкеріне көмектесеміз бе?
- Ия
Бірінші ергежейліні табу үшін, мына жұмбақты шешу керек сияқты.
Жұмбақ: Құлпырса қадірлейді, аялайды
Қураса сыпырғышқа жарамайды
- Гүл
Тәрбиеші: олай болса гүлдердің арасынан біз ергежейліні іздеп көрейікші.
( гүлдің қасынан ергежейліні табады.)
- Балалар біз жұмбақты шештік енді, Қатыгез патшайымның тапсырмасын орындап көрейік. Тапсырмамыз 1 - 10ға дейін тура және кері санау, және ағылшын орысша қайталау. Көрші сандарды атап шығу.

сурет – 6. Тәрбиеші мен Қарша қыз.
Жарайсыңдар балалар сіздер тапсырманы жақсы орындадыңдар, енді екінші ергежейліні табу үшін біз тағы жұмбақ шешуіміз керек екен.
Жұмбақ: Қабат – қабат қаттама
Ақылын болса аттама
- Кітап
Балалар жұмбақтың шешуін тауып, кітаптардың қасынан ергежейліні табады.
Келесі біздің тапсырмамыз.
«Алдымен – содан кейін»
Кеңістіктік және мөлшерлік түсініктер
Алдымен көктем, ал содан кейін ЖАЗ
Алдымен күз, ал содан кейін ҚЫС
Алдымен кішкентай, ал содан кейін ҮЛКЕН
Алдымен екі, ал содан кейін ҮШ
Алдымен бес, ал содан кейін АЛТЫ
Алдымен күндіз, ал содан кейін ТҮН
Алдымен тоғыз, ал содан кейін ОН
Жарайсыңдар, балалар сіздер бұл тапсырманы да жақсы орындадыңдар. Енді үшінші ергежейліні табу үшін біз келесі жұмбақты шешуіміз қажет.
Жұмбақ: Ілулі тұр кең алаң
Керегімді мен одан
Жазып алам көшіріп
Сүртем сосын өшіріп
Бүлдіршіндер жұмбақтардың шешуін тауып, тақтаның қасынан ергежейліні табады
Балалар біз ергежейліні таптық енді, тапсырма орындайық.
Жарайсыңдар балалар, біз неше ергежейліні таптық, енді нешеу қалды?
- 3 таптық, 4 қалды
Жұмбақ: «Аңдарды қоректендір» дидактикалық ойын №8
Мақсаты: 1саны, және цифры туралы алғашқы білімдерін бекіту; қоршаған орта туралы білімдерін кеңейту.
Мазмұны.
Тақтада аңдардың суреті ілінген, ал тамақтың суреті тәрбиеші үстеліне қойылған.
- Марат, қалай ойлайсың, бананды қай аңға береміз? Апарып бер. Сен маймылдың баласына неше банан бердің? Осы цифрды ата және көрсет. Басқа аңдармен де осындай жұмыс жүргізіледі.
- Ал аю нені жақсы көреді? Әрине, балды.
Жарайсыңдар балалар, Қатыгез патшайым енді сіздердің билердің көргісі келеді екен, шаршаған боларсыңдар келіңдер бәріміз «жұбыңды тап» деген сергіту сәтің орындайық.
Балалар ұнады ма сендерге, орындарымызға жайғаса қойындар.
Келесі жұмбақты тезірек жауабын тауып, ергежейліні тауып алайық.
Жұмбақ: Жайланған дүниені бір ғажайып
Тік көтеріп отырар адамдарды.
(Орындық)
Қызықты математика жүктеу
1 565
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Геометриялық пішіндер
Геометриялық пішіндер
Қиял болжамдарын дамытып, қабілеттерін шыңдау, таным өнерін сөздік қарым - қатынастарын байыту. Балалардың ойлау, көріп тану, зейінін, есте сақтау қабілеттерін ойын арқылы дамыту, дербес іс - әрекетке тәрбиелеу.
Қызықты математика
Қызықты математика
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, №14 "Малышок" балабақшасының тәрбиешісі Жапарова Әйгерім Муслимқызы
Ғажайып математика
Ғажайып математика
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Жаңабұлақ ауылы Жаңабұлақ ОЖББМ жанындағы «Қарлығаш» балабақшасының тәрбиешісі Аухатина Гүлжайна Айғалиқызы
Геометриялық пішіндер
Геометриялық пішіндер
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, «Асанәлі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны тәрбиешісі Усенгалиева Акбота Елемесовна
Геометриялық пішіндер
Геометриялық пішіндер
Семей қаласы, №38 мектеп - лицей Шағын орталық тәрбиешісі Нугуманова Айшолпан Ел – Амановна
Қызықты математикалық тапсырмалар
Қызықты математикалық тапсырмалар
Тогузбаева Гулмира Жаксылыковна №30 «Ұрпақ» МДҰ тәрбиешісі Ақтөбе қаласы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×