Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Саяхатқа дайындалу. З дыбысы мен әрпі

13 қаңтар 2019, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Саяхатқа дайындалу. З дыбысы мен әрпі (1 сынып)
Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары 1. 3. 6. 1 мұғалімнің көмегімен әр түрлі жанр бойынша (хат, құттықтау хат, хабарлама, нұсқаулық) шағын мәтін/жай сөйлемдер құрап жазу
1. 2. 4. 1 мұғалімнің көмегімен қарама - қарсы мағыналы, мәндес, көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажырату мұғалімнің көмегімен қарама - қарсы мағыналы, мәндес, көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажырату

Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар білуге тиісті: жаңа білімді меңгереді.
Оқушылардың көпшілігі: тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.
Кейбір оқушылар: алған білімді өмірде қолдана алады.
Алдыңғы оқу: Саяхатқа дайындалу. Ө дыбысы мен әрпі.
Басы Бала, бала, балапан
Қане, қайсы, алақан.
Саусақтарың әйбат,
Былай – былай ойнат.
Бала, бала, балапан
Қане, қайсы, алақан.
Саусақтарың әйбат,
Былай - былайойнат.
– Балалар, бір - біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

Ортасы
Оқулықпен жұмыс
Асылбек сурет салып отыр еді. Желдеткіштен маса ұшып кірді. Маса бөлме ішінде ызыңдап ұшып жүрді. Ол Асылбектің қолына қонып, шағып алды. Асылбек қолын шапалақпен шарт еткізіп еді, бір - ақ маса ұшып кетті. Асылбек мынадай өлең айтты:
Шағып алды адамды,
Ауыртады тызылдап.
Үйдің іші қараңғы,
Масалар жүр ызыңдап.
- Маса қандай дыбыс шығарады екен?
З әрпімен таныстыру.
зу - зу - зу - ……………. /жазу/
зы - зы - зы - …………../ қозы/
зе - зе - зе - ………… /терезе/
ұз - ұз - ұз -…………/тұз/
үз - үз - үз -……….../күз/
за - за - за - Ауа қандай таза.
аз - аз - аз - келді, міне жаз.
ыз - ыз - ыз – Анар жақсы қыз.

№1 Оқылым.
Аз қаз өз көз өзен заман қоңыз сағыз тоғыз Зере.
№2 Сурет және тірек сөздердің көмегімен ертегі құрастыр.
Тірек сөздер: ұзақ, шөлдеді, құмыра, тұмсығы, су, тас, салды, көтерілді.

Дәптермен жұмыс
Дәптерімізді ашайық,
Қолға қалам алайық,
Салақтықтан қашайық,
Әдемі етіп жазайық.
3 әрпінің жазу үлгісін ауада, тақтада жазын көрсету.
- 3 жазылуы, қай санға ұқсас?( салыстыру)
- 3 әрпін ауада жазғызу
- Жазу жолына 33 әріптерін жазғызу

Сергіту сәті
Тарсылдатпай едендi
Орнымыздан тұрып ап
Жүгiрейiк бiр уақ.
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.
Аяқты алға созайық
Тiк көтерiп, қозғайық.
Тымсылбыр да болмайық
Алға қарай озбайық.
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Мектеп: ЖББ Абай ОМБК
Мұғалім: М. К. Харесова
Саяхатқа дайындалу. З дыбысы мен әрпі жүктеу
2 933
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әңгіме оқимын. Сөз.
Әңгіме оқимын. Сөз.
Қарама - қарсы мағыналы, мәндес, көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажырату. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу.
Ас - адамның арқауы. Дыбыстар мен әріптер
Ас - адамның арқауы. Дыбыстар мен әріптер
Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту.
Саяхатты сипаттау. Ө дыбысы мен әрпі
Саяхатты сипаттау. Ө дыбысы мен әрпі
Ө дыбысына арналған сөздерге дыбыстық талдау: өрмекші, өрік, өткір.
1-сыныпқа «Сауат ашу» пәні бойынша қысқа мерзімді жоспарлау
1-сыныпқа «Сауат ашу» пәні бойынша қысқа мерзімді жоспарлау
1 - сыныпқа «Сауат ашу» пәні бойынша қысқа мерзімді жоспарлау «Сауат ашу» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына 6 сағат, оқу жылына 198 сағатты құрайды. 2 - тоқсан 48 сағат
Сыныптағы танысу. Сөйлем
Сыныптағы танысу. Сөйлем
Тыңдалған материалдың мазмұнын түсіну. Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту.
Саяхатты сипаттау. Ө дыбысы мен әрпі
Саяхатты сипаттау. Ө дыбысы мен әрпі
Мұғалімнің көмегімен қарама - қарсы мағыналы, мәндес, көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажырату. Мұғалімнің көмегімен қарама - қарсы мағыналы, мәндес, көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажырату.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×