Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Үй жануары - мысық

14 қаңтар 2019, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімдері: Қоршаған орта
Тақырыбы: Үй жануары - мысық
Мақсаты: Балаларға үй жануары – мысықты танып, білуге үйрету. Геометриялық пішіндерді пайдаланып мысықты құрастырып, суреттерді салыстыра білуге үйрету. Сөздік жұмыс арқылы тілдерін дамыту. Ойын үстінде ұжымдық сезім әрекеттеріне тәрбиелеу. Сабаққа деген қызығушылығын арттыру.
Көрнекі құралдар: Үй жануарларының суреттері, мысықтың бірнеше суреті,
тәж – мысық, себет, жіптер.
Әдіс - тәсілдер: Көрсету, түсіндіру, үйрету, салыстыру, сұрақ – жауап, ойын.
Жеке жұмыс: әр баламен, топпен.
Пән аралық байланыс: математика, тіл дамыту.
Сөздік жұмыс: мысық – кошка.

Мотивациялық - қозғаушылық
- Балалар, бізге бүгін қонақтар келді, қане сол кісілермен амандасайық:
Аспан түрді түндігін,
Жерге жылу жайылды.
Неткен ашық күн бүгін
Қайырлы таң, қайырлы.

Ұйымдастыру – іздестіру

Балалар енді орындарыңа отырыңдар. Бүгін қоршаған ортамен танысу сабағында үй жануарларының бірімен танысамыз, ол қанадай жануар екені әзірге құпия, тек мен айтқан жұмбақты шешсеңдер ғана білетін боласыңдар.
Жұмбақ:
Өз құйрығын өзі қуып ойнайды,
Допты көрсе домалатып қоймайды,
Беті қолын қайта - қайта жуады,
Тышқандарды үйімізден қуады.
- Жарайсыңдар балалар, енді мына үй жануарлары суретінің ішінен мысықты кім көрсетеді.
- Ендеше біз тақтада тек мысықтың суретін қалдырайық. Мысық үй жануары, оның пайдасы көп, ол жүрген жерде тышқан болмайды. Мысық еркелегіш, балалармен ойнағанда және сүт ішкенді ұнатады. Өзіне жарасар даусы бар, қандай?
Мысықты «кис - кис» деп шақырып, сипап, кішкене сүт құйып береміз. Оның жүні тақыр болады, құлақтары тікірейген құйрығы ұзын мына суреттегідей. Қалай ойлайсыңдар мысықты желкесінен қысып, құйрығынан сүйреп жәбірлеуге бола ма?
- Балалар, мына екі мысықты салыстырайық та ерекшелігін айтайық?

Жарайсыңдар, енді мына суреттегі мысыққа қарайық, оған не жетіспейді.?

- Балалар мына суретте не құрастырылған?
- Енді тақтадағы суретке қарап, дәл сол сияқты мысық құрастырып, жапсырамыз.
Қане, балалар екі топқа бөлініп тұрамыз.
Мына пішіндерді пайдаланып. құрастырамыз Осы пішіндердің атауларын атайық.
Мынау қандай пішіндер?
Осылайша дөңгелек, төртбұрыш, үшбұрышты айтып шығамын.

Керемет, әдемі мысық болды, ол жайында білетін тақпағымызды айтайық:

- Балалар мысықтың жақсы көріп ойнайтын ойны «Жіп шатыстыру». Әжелеріміздің шұлық тоқитын жіптерін домалатып, шатастырып ойнайды, әзір біз мысық болып, жіптермен ойнаймыз
- Балалардың басына мысықтың маскасын кигізіп қоямын.
Ойын шарты: «1 - 2 - 3 ойынға түс!» - дегенде мына себеттегі жіптерді шашып домалатып жібересіңдер, сосын оларды тауып қайтадан себетке тезірек жинайсыңдар. Кім тез жинаса, сол жеңімпаз мысық болады.
Келесі ойынымыз «Байқағыш» деп аталады.
Ойын шарты: Мысықты ойлап, көздеріңе елестетіп, еске түсіріп, менің сұрақтарыма жауап беріңдер.
1. Мысықта қанша құлақ бар?
2. Мысықта қанша аяқ бар?
3. Мысықта қанша құйрық бар?
4. Мысықтың құлағы ұзын ба, Құйрығы ұзын ба?
- Балалар дөңгелене тұрайық
Шеңберді біз құрайық
Шаршағанды басып
Бой сергітіп алайық

Сергіту сәті:
Мысығым - ау, мысығым,
Көзі сығыр қысығым
Мысығымнан айналдым
Пырылдаған пұшығым
- Балалар, енді «Төлдерін тап» ойынын ойнаймыз. Мына жерде үй жануарлары мен олардың төлдері тұр.
- Бірақ олар бір - бірінен ажырап қалыпты.
- Сендер соларды бір - біріне қосасыңдар.
Үй жануары - мысық жүктеу
Үй жануары - мысық слайдты жүктеу
3 452
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Торғай мен мысық
Торғай мен мысық
Балаларға өлеңді есте сақтауға, тәрбиешіден кейін қайталауға үйрету. Сөйлеу мәнері мен дауыс ырғағының көркемдігін қалыптастыру.
Зообаққа саяхат
Зообаққа саяхат
Балаларға зообақ жайлы түсінік беру, жабайы аңдар туралы білімдерін тиянақтау
Мысық – үй жануары
Мысық – үй жануары
Мысықты қолға үйрету тарихын және түрлері туралы мәліметтер жинастыру
2 және 3, және 3 сандарын салыстыру
2 және 3, және 3 сандарын салыстыру
Екі топтағы заттардың тең және тең еместігін анықтауға үйрету. Үшке дейін санау машығын жетілдіру. Затарды шамасына қарай салыстыру дағдысын дамыту. Геометриялық фигуралардың аттарын атай отырып, топтастыруды жалғастыру. Ұсақ қол маторикаларын
Қоршаған ортамен танысу. Үй жануарлары
Қоршаған ортамен танысу. Үй жануарлары
Ақтөбе орта мектебі Мектепалды даярлық класc тәрбиешісі Куканбаева Светлана Алимовна
Үй жануарлары
Үй жануарлары
Шалқар қаласы, № 6 орта мектебі № 6 орта мектебі Өткізген: Ешнияз Д. А
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×