Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


П дыбысы мен әрпі

29 қаңтар 2019, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақ: Сауат ашу
Сабақтың тақырыбы: П дыбысы мен әрпі.
Жалпы мақсаты: П дыбысы мен әрпін және оған қатысты жаңа сөздерді оқып, жазып үйрену. П дыбысының дауыссыз дыбыс екенін ұғыну. П әрпінің жазылуын меңгеру.
Күтілетін нәтижелер: А). Дыбыс пен әріпті және п дыбысының дауыссыз екенін ажырата біледі.
В). П әрпінің жазылу емлесін меңгерді.
С). П дыбысына қатысты жаңа сөздерді оқуды, жазуды ұғынды.
Сабақ түрі: Қайталау сабақ.
Тапсырмалар: Топтық, жұптық, жеке тапсырмалар.
Керекті жабдықтар: Интербелсенді тақтадағы таныстырылым, дидактикалық материалдар, ойындар, суреттер.

Кіріспе
Оқушылармен амандасу.
Топқа бөліну.
Психологиялық дайындық.
Біз ақылды баламыз,
Бар білімді саламыз.
Маңыз беріп оқимыз
Сауат ашу сабағын.

Тұсаукесер Өткенді еске түсірсек.
А О Р Л Ш С У/У Ы Д Т М Н ң Ғ Ж І Ә Ө Қ К
Е Б И Й Г З Ұ Ү П
Өткен әріптерді еске түсіріп, қайталау.
- Өткен сабақта қай дыбыспен таныстық?
- П қандай дыбыс?
- Неге дауыссыз деп ойлайсыңдар?
«Сиқырлы әріптер мен сөздер әлеміне» саяхатқа шығу.
- П дыбысына қатысты сөздер айтайық?

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» (топтық жұмыс)
І топ. «Шашылған әріп»
(л п е ә п і)
ІІ топ. «Артық сөзді тап»
(парта пәтер бала пішін піл пияз)
ІІІ топ. «Орныңды тап»
(па қап по пе доп пі шөп пә)
ІV топ. «Буындық лото»
(та кі пер тап де пар)
- Өткен сабақта қандай мәтінмен танысып едік?

«Әріптер» өлеңін жатқа сұрау.

Негізгі бөлім
Жұмбақ шешейік.
Үсті толы ине,
Бірақ та іс тігіп,
Қадамайды түйме.
(Кірпі)
Кірпі туралы мағлұмат беру.
Бір кірпіде 7 - 8 мың ине болады. Қазақстанда кірпінің үш түрі мекендейді: кәдімгі кірпі, құлақты кірпі және қара кірпі. Тұрқы 13 - 27 см, ал салмағы 700 - 800г. Орманда, бұта арасында, бау - бақшада, тіпті елді мекендерде де мекендейді. Жемін әдетте іңірде және түнде аулайды. Жәндіктермен, көлбақамен, жыланмен қоректеніп, орман шаруашылығына көп пайда келтіреді. Қараша айында ұйқыға кетеді де, көктемде күн шығысымен оянады. Орта есеппен 6 жыл тіршілік етеді.
«Кірпі» мәтінін оқып беру.

Шаймарданова Шынар Сагындыковна
бастауыш сынып мұғалімі
№30 орта жалпы білім беретін мектеп
П дыбысы мен әрпі жүктеу
П дыбысы мен әрпі слайд жүктеу
2 207
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
П дыбысы мен әрпі
П дыбысы мен әрпі
П п дыбысы мен әрпін таныстыру. П дыбысы дауыссыз дыбыс екенін ұғындыру
В в дыбысы мен әрпі
В в дыбысы мен әрпі
Оқушыларды В в дыбысының әріп таңбасымен таныстыру. Жаңа сөздерді үйрету. Сөздерге дыбыстық талдау жасату.
П дыбысы мен әрпі
П дыбысы мен әрпі
П дыбысы мен әрпін және оған қатысты жаңа сөздерді оқып, жазып үйрену. П дыбысының дауыссыз дыбыс екенін ұғыну. П әрпінің жазылуын меңгеру.
Я әрпінің жазылуы
Я әрпінің жазылуы
Астана қаласы, Әлкей Марғұлан атындағы №40 орта мектептің Бастауыш сынып мұғалімі Сулейманова Жанылай Анесовна
У дыбысы мен әрпі
У дыбысы мен әрпі
У у дыбысына берілген сөздерді оқуға дағдыландыру. У у дыбысының бірде дауысты, бірде дауыссыз болатынын түсіндіру
Б дыбысы мен әрпі
Б дыбысы мен әрпі
Атырау қаласы, №6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Баймурзиева Нұрғаным Сабырқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×