Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бәйшешек. Жауқазын

30 қаңтар 2019, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Бәйшешек. Жауқазын
Ана тілі (1 сынып)
Сабақтың тақырыбы: Бәйшешек. Жауқазын.
Мақсаты: а) оқушыларда заттың атын білдіретін сөздер туралы ұғымды меңгерту. Гүлдердің қасиеті, мәні туралы әңгімелеп, балалардың эстетикалық сезімдерін қалыптастыру.
ә) оқу мен жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Шапшаң ойын қорыта алуға, ұқыпты жаза білуге дағдыландыру.
б) табиғаттың әсем көрінісін бақылата отырып, жүйелі сөйлеуге, туған жердің табиғатын сүйе білетін құрметпен қарай алатын көзқарасқа тәрбиелеу.
Түрі: аралас сабақ.
Әдісі: оқыту, жаздыру, сұрақ - жауап, түсіндіру, топпен жұмыс.
Көрнекілігі: сюжетті суреттер, гүлдердің суреті, топшамалар.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
1. Психологиялық дайындық.
- Балалар, мен қазір сендермен бір қызық ойын ойнаймын. Қазір біз өз есіміміздің қай әріптен басталатынын ойлайық. Сол әріптен басталатын бір лайықты қасиетті қосып аламыз. Бірақ, ол қасиеттеріміз жақсы қасиет болуы қажет. (ойын ойнау).
- Балалар, қазір бізде ана тілі сабағы. Бүгін біз топқа бөлініп жұмыс жасаймыз.
- Өздеріңе ұнаған гүлдерді алыңдар.
Бәйшешек, Жауқазын.
(өз топтарына барып отырады)
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем.
- Көктем мезгілінде неше ай бар? Үш.
- Көктем айларына қандай айлар жатады?
- Наурыз, сәуір, мамыр.
- Қазір көктем мезгілінің қай айы?
- Наурыз.
- Табиғатта қандай өзгерістер болып жатыр?
- Көктем. Ол қандай?
- Көктем бізге күннің мол шуағымен келеді ғой. Ендеше осы күн сәулесінің тұсына көктем туралы білетінімізді жаза қояйық.
Күн мен түн теңеледі

Малдар Көктем қар ериді
төлдейді
күн жылынады.
- Дұрыс, балалар, көктемнің ерекшеліктерін жақсы біледі екенсіңдер.

ІІІ. Жаңа сабақ.
Жұмбақ.
Өзі сондай нәзік, Су құйсаң кетеді
Алақаның жайып. (гүл)
- Балалар, мен сендерді екі топқа бөлдім. Топтарының аты қандай?
Бәйшешек. Жауқазын.
- Бұл қандай гүлдер? - деп ойлайсыңдар?
- Бұлар көктем мезгілінде шығатын алғашқы гүлдер.
- Гүлдер – туралы не білеміз?
- Гүлдің пайдасы туралы не айтамыз?
- Гүлді қандай жағдайда пайдаланамыз?
- Гүлдер – туған еліміздің болашағы, олар оттегін бөліп шығарып, айналадағы ортаны жақсартады, ауаны шаң - тозаңнан тазартады. Гүл – сұлулық, гүл - әсемдік, гүл – нәзіктік. Олардың кейбіреулерінің емдік, дәрілік қасиеттері де болады.
- Оқулығымыздағы Бәйшешек, Жауқазын өлеңімен танысамыз.
Бәйшешек. Жауқазын жүктеу
635
0
  • 0
0 дауыс
Загрузка...
Оқи отырыңыз
Бәйшешек
Бәйшешек
Көктемнің алғашқы гүлі бәйшешек туралы түсініктерін кеңейту.
Жауқазын
Жауқазын
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларға өлеңді оқыту арқылы көктем мезгілі жайлы білімдерін кеңейту. Өлеңнің негізгі идеясын ашу.
Бәйшешек. Жауқазын. Заттың атын білдіретін сөздер
Бәйшешек. Жауқазын. Заттың атын білдіретін сөздер
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, №21 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Сағызбаева Татти
Заттың атын білдіретін сөздер
Заттың атын білдіретін сөздер
Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Байқоңыр ауылы, «№17 Байқоңыр орта мектебі» КММ Бастауыш сынып мұғалімі Абдибекова Айгуль Жанкараевна
Апама. Анаға сыйлаймыз, заттың атын білдіретін сөздер
Апама. Анаға сыйлаймыз, заттың атын білдіретін сөздер
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ойыл қазақ орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Майланова Тойдушат Елемесқызы
Бәйшешек. Жауқазын
Бәйшешек. Жауқазын
ЖББ Шежін орта мектеп – балабақшасы Бастауыш сынып мұғалімі Салахитденова Г. Т.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.