Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жыл мезгілдері

30 қаңтар 2019, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Жыл мезгілдері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды «Жыл мезгілдері» өлеңімен таныстыру; Жыл мезгілдері жайлы түсініктерін кеңейте отырып, әр жыл мезгілінің маусымдық өзгерістері жайлы еркін әңгімелей білуге үйрету; тақырып бойынша білімдерін жүйеге келтіріп пысықтау, тиянақтау. Пәнге қызығушылығын арттыру.
Дамытушылық: есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту; шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру; өз ойын еркін жеткізіп, ауызекі сөйлеуге дағдыландыру, ой - өрісін кеңейту.
Тәрбиелік: Жыл мезгілдері туралы әңгімелей отырып, оқушылардың қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін ояту. Әр жыл мезгілінің ерекшелігін біліп, ұғынуға шақыру.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, сұрақ – жауап, талдау, сөйлесу іздендіру, дәлелдеу.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кроссворд «Жыл мезгілдері»

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
А) Амандасу.
В) Сынып тазалығын тексеру.
- Сыныпта кезекшіні тексеріп, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.
С) Оқушыларды түгендеу.
- Бүгін сыныпта кім жоқ?
Д) Назарын сабаққа аудару.
- Балалар оқулықтарыңды алып, 196 - бетті ашамыз.

II. Үй тапсырмасын тексеру:- Қане балалар үй тапсырмасына не берді? Кім айтады?
(3 - 4 оқушыдан үй тапсырмасын сұраймын)

III. Жаңа сабақ:- Балалар, бүгін біз сіздермен жаңа сабақ өтеміз.
Сабақты бастамас бұрын сөзжұмбақ шешсек қайтеді?!
1. Қазақ балуаны
2. Кемпірқосақ түсі
3. Сезім мүшесі
4. М. Әуезов әкесі
5. Үй құсы
6. Біздің ұлтымыз
7. Бейбітшілік құсы
8. Жануар аты
9. Құс атауы
10. Орман дәрігері
11. Үй жануары
12. Абай Құнанбаевтың шын аты
13. Жануар аты

__ __Ж __ __ __ __ __ __1. Қажымұқан
__ ____Ы2. Сары
__ __ Л __ __3. Құлақ

__ М __ __ __ __ __4. Омархан
__ __Е __5. Әтеш
__ __З __ __ 6. Қазақ
__ __ Г __ __ __ __ __7. Көгершін
__ __ І __8. Елік
__ __ __ Л __ __ __ __9. Қарлығаш
__ __ __ __ __ Д __ __10. Тоқылдақ
Е __ __ __11. Ешкі
__ __ Р __ __ __ __12. Ибрахим
І __ __ __ __13. Ілбіс
- Сонымен, балалар, белгіленген торкөзден қандай сөз шықты? /Жыл мезгілдері/
Ендеше, біз бүгін болгар ақыны Калина Малинаның «Жыл мезгілдері» өлеңімен танысамыз
Балалар, қандай жыл мезгілдерін білесіңдер?
/Көктем, қыс, жаз, күз/
Жыл мезгілдері
Қозы - лақтар маңырап,
Жататұғын жамырап,
Білесің бе, қай мезгіл?

Күн сарғайтып көгіңді,
Оратын кез егінді
Білесің бе, қай мезгіл?

Жап - жалаңаш қырқылар
Кетеді ұшып тырналар
Білесің бе, қай мезгіл?

Шығыс Қазақстан облысы,
Тарбағатай ауданы, Үштөбе ауылы
«Өкпеті» орта мектебі
Жұмаділова Айгүл Тоқтасынқызы
Жыл мезгілдері жүктеу
2 609
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жаңбыр. Б. Майлин.
Жаңбыр. Б. Майлин.
Оқушыларды «Жаңбыр» өлеңі мен «Бұлбұлдың әні» әңгімесімен таныстыру. Әңгіменің мазмұны мен идеясын меңгерту. Жыл мезгілдерінің ерекшеліктері мен сұлулығы жайлы әңгімелеу.
Жыл мезгілдері
Жыл мезгілдері
Балалардың сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін жетілдіру. Күз мезгілі жайында түсінік беру. Есте сақтау қабілетін дамыту, тапқырлыққа баулу. Балаларды табиғатты қорғауға, оның сұлулығын сезіне білуге тәрбиелеу
Менің мектебім. Тәуелдік жалғау
Менің мектебім. Тәуелдік жалғау
Оқушылардың ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту; ой түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру; мәтінді қазақ тілінде әңгімелеуге, ауызекі сөйлеуге дағдыландыру, ой - өрісін кеңейту.
Бастауыш сынып сабақ топтамасы
Бастауыш сынып сабақ топтамасы
Қарағанды қаласы, Әлихан Бөкейхан атындағы №76 жалпы білім беретін орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ибраева Гүлбаршын Қырықбаевна
Көктем келбеті
Көктем келбеті
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы, «№4 ЖОББМ» КММ мектебі/мекемесі «Балақай» тобының тәрбиешісі Жумашова Дариға Аскеновна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×