Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бала Мұхтар мен Абай

31 қаңтар 2019, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Ана тілі 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: Бала Мұхтар мен Абай
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Абай мен Мұхтар жайлы мәлімет беру. Мәтіндегі негізгі ойды ұғындыру. Түсінгендерін қысқа, әрі нақты әңгімелей білуге үйрету.
2. Дамытушылық: Оқушыларды шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал ету, қиялын жүйелеу, ойлау қабілеттерін жетілдіру, сөздік қорын молайтып, тіл байлығын дамыту.
3. Тәрбиелік: Абайдың нақыл сөздері мен азаматтық бейнелері арқылы үлгі-өнеге алуға баулу. Өз ойын анық айтуға, достарының пікірлерін тыңдауға, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: ой қозғау, түсіндіру, хабарлау, көрнекілік, интервью, ізденушілік.
Сабақтың көрнекілігі: М. Әуезов, А. Құнанбаев портреті, интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, бейнелеу өнері, әуез.

Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылар бір – бірінің қолынан ұстап,
«5 - болсын алар бағамыз,
Білімнен бақыт табамыз» деп хормен айтады.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
а) Үйге қандай тапсырма бергенін сұрау
Үйге берілген тапсырма Тұрсын Жұртбайдың «Қоңыр қозы» әңгімесін түсініп оқу, мазмұнын айту.
Мәтіндегі өздеріне ұнаған көріністердің біріне сурет салып келу.
ә) Мәтін бойынша сұрақтар қою.
1. Табиғатты суреттеп берші.
2. Әуез қарт қайда бармақ болды?
3. Бала Мұхтар неге «Қоңыр қозы» атанған?
4. Абай ауылында Мұхтар не нәрсеге қатты қызықты?
б) Оқушылардың шығармашылығын дамыту.
Суреттерді бағалап, үздігін тақтаға іліп қою.

ІІІ. Интервью.
1. Мұхтар неге ойнамады? (балалар өз пікірлерін білдіреді)
2. Өзің қандай ойын ойнайсың?
3. Ұлттық ойындарды ата?
ІҮ. Оқулықпен жұмыс
Сөзжұмбақ шешу.
1. Көктемде ненің шуағы молаяды?
2. Төлдер қайда асыр салып жүр?
3. Жер бетін қандай кілем жапқан?
4. Қаңқылдаған қаздар қалай ұшып барады?
5. Қаздар қайда қонады?
6. Аспан қандай?
Сөзжұмбақтан шығатын сөз «Көктем». Көктем сөзіне байланысты 3 топқа тапсырма беру.
І топ Көктем мезгіліндегі табиғат құбылыстары.
ІІ топ. Көктемде атқарылатын жұмыстар
ІІІ топ. Көктем туралы өлең

Ү. Жаңа сабақ.
- Балалар, біз бүгін белгілі жазушы Тұрсын Жұртбайдың «Бала Мұхтар мен Абай» атты мәтінін оқып танысамыз.
1. Мәтінді мәнерлеп оқу. Оқушыларға тізбектеп оқыту.
2. Мағынасын тану.

Суретпен жұмыс.
Суреттен кімдерді көріп тұрсыңдар?
Абай Мұхтарға неге көңіл аударды?
Ол жайлы қандай көзқараста болды?
Абай қандай бата берді?
Атасы не деп сыбырлады.
Абай неге риза болды?
Бала Мұхтар мен Абай жүктеу
1 667
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Т. Жұртбай. Бала Мұхтар мен Абай
Т. Жұртбай. Бала Мұхтар мен Абай
Дана жазушының ұлылығын, кемеңгерлігін дәріптеу, өз елін, туған жерінің табиғатын сүюге тәрбиелеу.
Жетім М. Әуезов
Жетім М. Әуезов
Мұхтар Әуезовтің өмірі, шығармашылығы жайлы мәлімет бере отырып, «Жетім» әңгімесін мәнерлеп оқып, мазмұнын таныстыру;
Мұхтар Әуезов "Әке арманы"
Мұхтар Әуезов "Әке арманы"
Бастауыш сынып мұғалімінің әдебиеттік оқу пәнінен қысқа мерзімді жоспары Мұхтар Әуезов "Әке арманы"
Абай мен Әбіш
Абай мен Әбіш
Бастауыш сынып мұғалімі Алимкулова Кымбат
«Жас Мұхтар» әңгімесі
«Жас Мұхтар» әңгімесі
Қызылорда облысы, Кармакшы ауданы, Ш. Уалиханов атындағы орта мектептің мұғалімі Бекпанова Гулзира
Ахмет Әуезов Жас Мұхтар
Ахмет Әуезов Жас Мұхтар
Оңтүстік Қазақстан облысы, Т.Рысқұлов ауданы, М.Жәрімбетов ауылы, "Алғабас" жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жаримбетова Алуа Шалбаевна Сабақтың тақырыбы: Ахмет Әуезов. «Жас Мұхтар» Сабақтың мақсаты: Білімділік: Жазушы Мұхтар Әуезовтің
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×