Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ыдыс-аяқ атаулары

01 ақпан 2019, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Ыдыс аяқ атаулары
Сабақтың мақстаы:
Білімділік: оқушыларға ыдыс – аяқ атауларын таныстырып, тілдерін жаттықтыру.
Дамытушылық: оқушылардың қазақ тілге деген құрметтерін арттырып, сөздік қорларын дамыта отырып, ізденушілік қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: қазақ тілін құрметтей білуді үйретіп, ыдыс – аяқтың тазалығын сақтай білуге үйрету.
Көрнекіліктер: ыдыс – аяқтың суреттері, видео ролик, қанатты сөздер, мақал – мәтел, дидактикалық ойындар.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: ойын

Сабақты ұйымдастыру барысы:
Мотивациялық қозғаушылық
Шаттық шеңбері:
Кел балалар, күлейік,
Күлкіменен түлейік!
Күлкі көңіл ашады,
Күліп өмір сүрейік.

Мұғалім: Сәлеметсіздер ме!
Менің қолымда доп. Доп арқылы сұрақтарға жауап беріңдерші. Қазір жылдың қай мезгілі? Қандай қыс айларын білесіңдер? Бір аптада неше күн бар? Қай күндері демаласыңдар? Балалар бүгін аптаның қай күні? Бүгін айдың нешесі? Бүгін ауа райы қалай?

Ыдыс аяқ аттауларын жаттаймыз,
Ата – ананың үмітін біз ақтаймыз.
Кесе, табақ, шәйнек, пышақ, қасық,
Тағы сөздер жаттаймыз қосып.

Бірінші оқушыларды екі топқа бөлейік.
Бірінші топ: «Бәйтерек»
Ұраны: Біз білімді баламыз,
Қазақ тілін үйреніп аламыз.
Екінші топ: «Қыран»
Ұраны: Қыран құстай боламыз.
Қазақша сөйлей аламыз.

Сөздікпен жұмыс.
ыдыс жиынтығы – набор посуда
шәйнек, шәугім - чайник
чайник для заварки – аққұман
шыны аяқ, тостаған – чашка
кофе шыны аяғы – кофейная чашка
сапты аяқ – кружка
стақан – стакан
тәрелке – тарелка
табақ – блюдо
шұңғыл тәрелке – миска
кофе құман – кофейник
құмыра – кувшин
шыны ыдыс – стеклянная посуда
шанышқы – вилка
пышақ – нож
қасық – ложка
таба – сковорода
кәстрөл – кастрюля
кесе – пиала
ожау – поварешка
Мақал жаттау.
Ыдыс аяқ тазалықты жақсы көреді.
Посуда любит чистоту.

Ойын «Дастарханға достарымызды шақырамыз».
«Приглашаем всех наших друзей на стол».
Ойынның шарты:
Берілген (саламын, құямын немесе саламыз, құямыз ) осы сөздерді қатыстырып сөйлем құрау.
Әр топқа 3 суреттегі дастархандағы әр ыдыстың атын атап сөйлем құрау.
Дастарханда тұратын ыдыстарды атау және олар не үшін керек айту.
Дастарханда қандай ыдыстар орналасқан?
Какая посуда на столе?
Салу – положить
Құю - наливать
Кесу – вырезать
Жеу – есть
Мен тәрелкеге нан саламын.
қазанға ет салу - положить мясо в котел (для варки)

Жұмбақ жасырмаын жаубын табыңыздар
Кесе шыны пиала,
Оларсыз шай құя ма?
Қасықсыз тамақ жемейді,
Бәрінің атын не дейді? (ыдыс - аяқ)

1 – тапсырма мына шашылған сөздер сөйлем құраңдар.
Мен сапты аяққа шай құямын. Тәрелкеге нан саламын. Мына шанышқы ұзын. Бізде ыдыс жиынтығы бар. Мен стақанға шырын құямын. Кастрөлге су құямыз. Біз кесемен шай ішеміз. Мынау үлкен қара таба. Мынау кішкентай шұңғыл тәрелке. Мынау әдемі қасық.
Ән: Али мен Айя «Аққала»

«Асхана» ойыны.
Асхана - столовая
Ойынның шарты: асханадағы ілулі тұрған суреттердің не үшін керек екенін жылдам – жылдам, екі топ кезек – кезек айтып береді.
Мынау не?
Тәрелке не үшін керек?

2 - тапсырма. Енді балалар сөзжұмбақ шешеміз.
Қай топ бірінші шешетінін байқайық.
Ыдыс-аяқ атаулары жүктеу
15 666
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ыдыс – аяқ және басқа да үй жабдықтары туралы жұмбақтар
Ыдыс – аяқ және басқа да үй жабдықтары туралы жұмбақтар
Ыдыс – аяқ және басқа да үй жабдықтары туралы жұмбақтар
Асханадағы ыдыс - аяқтар
Асханадағы ыдыс - аяқтар
Мысықай - пысықай, сен Мақта қыздың сүтін тағы да төгіп алдың ба?
Ыдыс - аяқтар
Ыдыс - аяқтар
Балалар қараңдаршы, біз үлкен шеңбер құрып тұрмыз. Ал мына үстел үстіндегі шеңберге назар аударайықшы?
Ыдыс - аяқтар
Ыдыс - аяқтар
Кесе, шыны, пияла Оларсыз шай құя ма? Қасықсыз тамақ жемейді, Бәрінің атын не дейді? (Ыдыс - аяқ)
Ойыншықтар әні
Ойыншықтар әні
Балалардың жан - жақты дамуына ықпал ету, сөздік қорын дамыту. Есте сақтау қабілетін арттыру. Ойыншықтардың атын, түсін және қандай заттан жасалғанын, жекеше, көпше атауларын, олармен қалай ойнау керектігін түсіндіріп, ұқыптылыққа, әдемілікке
Ыдыс - аяқ
Ыдыс - аяқ
Ыдыс - аяқтар туралы түсініктерін толықтыру. Асхана құралдары, оның ерекшеліктері, олардың алуан түрлі болатынын түсіндіру (түсті, мөлшері, көлемі, материалы, металдан жасалатындығы, жасалуы т.) оларға бағдар жасауға үйрету. Оларды сақтау ережелерін
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×