Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Аяулым - анашым атты мерекелік кешінің жоспары

02 ақпан 2019, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
«Аяулым - анашым» атты мерекелік кешінің жоспары
1 - ж: Базарда «ат» сататындар «Саламатсыз ба?» -деп амандасады, ал, «ет» сататындар «сәлеметсіздер ме?» деп амандасады.
2 - ж: Такси жүргізушілер барыс – келіс қалай деп амандасса, саудагерлер алыс - беріс қалай деп амандасады екен.
Бірге: Ал, біз сияқты бүгінгідей арулар мен аналар мерекесінің жүргізушілері «Ассалаумағалейкум» деп амандасады.

1 - ж: Ассалаумағалейкум деп дидар рәсім еткенде,
Уағалайкум ассалам деп қол алысып көппен де
Иіліп берген адамның сәлеміне
Бұл дүниенің ғанибеті жеткен бе?

2 - ж: Ал, енді аман - саулық сұрасып алсақ, бүгінгі қылықты қыздарға, ардақты аналарға арналған кешімізді бастаймыз!(бірге)

1 - ж: Көктем келді, сағына,
Бүршік атты алма ағаштар бағымда.
Біздің үйге ұя салды, алақай!
Былтыр кеткен қарлығаштар тағы да.

2 - ж: Көктем келді, көктем келді, далама,
Қуанып жүр ата - ана да, бала да.
Қар - мұз еріп, жылғалардан су ағып,
Үйрек - қаздар жайылып жүр жағада.

1 - ж: Құтты болсын шаттық мына мереке,
Сұлу қыздар арсында елітем.
Егеменді ел байлығы аман бол,
Шашылмасын, басылмасын берекем!

2 - ж: Ботадай сары далада боздаған ән,
Халық әні жүректе тозбаған ән.
Көңілдің кері бәрін ойландырып,
Қуаныш пен қайғыны қозғаған ән.
«Ән - көңілдің ажары» демекші ортаға сыныбымызды сұлу да әнші қыздарымыздың бірі Іңірбай Гүлнарды « Анашым қартаймашы» ортаға шақырамыз.

1 - ж: Наурыз – Сәуір егізі,
Бүгін оның сегізі.
Ең бақыт гүл, ең бақыт гүл
Анаға айтар лебізі.
Ең қымбат гүл, ең қымбат гүл,
Ол адамның лебізі.
Анасыз бір жоқ күнің,
Әжесіз жоқ бір күнің
Ұсынамыз біз бүгін,
Жырдың сұлу шоқ гүлін.
Ұсынамыз ұсынамыз
Жырдың сұлу шоқ гүлін.

2 - ж: Нұрлы таң атты, шуағын төгіп келді күн.
Бақытың қолда, қолыңда сенің теңдігің.
Өзіңсің бәрі ғалым да ұстаз, қайраткер.
Егемен елдің сүйіктісі де сен бүгін.

1 - ж: Сірә, бұл ғаламда анаға арналмаған жыр, анға арналмаған ән жоқ шығар! Келесі кезекті сыныбымыздың «ана» туралы жыр - шумақтарынарнаған оқушыларына береміз.
Поезиялық сәт: (ортаға 4 оқушы шығады. Аналарға арналған өлеңдер оқиды)
1 - Назгүл:
Шеше!
Сен бақыттысың, жыламаған,
Жай түсіп жатқанда да құламадың.
Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның.
Сондықтан жыламағын, жыламағын.
Бармын ғой.
Тірімін ғой.
Қасыңдамын.
Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын.
Таусылып өз - өзіңмен шашылмағын,
Байырғы берекеңді қашырмағын.
Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа.
Өзім кепіл тот басып тозбасыңа,
Екі жыр жазсам саған арнап,
«Шеше»деп жаздым ылғи сөз басына,
Тәңірім кеше көрсің кесірімді,
Аспанға жазам сенің есіміңді,
Шеше!
Сен бақыттысың, тербете бер,
Құба талдан иілген бесігімді.
2 - Думан
3 - Сандуғаш
4 - Мұхит

1 - ж: Қадірменді көпшілік!
Біле білсеңіздер біздің де балық сияқты түріміз көп
Мысалыға: Ақандаройдың теңізінде жүзсе
Әншілер өнер теңізінде жүзеді
Мәселен айтатын болсақ:
Шапалақтан шаң қақтыратын әншілер бар
Құмарыңды қандыратын әншілер бар
Жоқты бар қылатын әншілер бар

2 - ж: Тамашаны таң қалдыратын әншілер бар
Көңілдеріңізді көл қылтын әншілер бар
Қайғыларыңызды нөл қылатын әншілер бар
Барлықтарыңызды күлдіретін әншілер бар
Тойларыңызды бүлдіретін әншілер бар
5 мың долларға шығатын
Дорогой әншілер бар
Өздерінше боп қалған
Делавой әншілер бар

1 - ж: Сонымен қатар молодой әншілер де бар
Молодой әлі балағой демеңіздер
Мүмкіншілік болса есіліп отырыңыздар
Мерейлеріңізді өсіріп отырыңыздар
Көңілдеріңізді көшіріп отырыңыздар
Қателік болса, әрине кешіріп отырыңыздар
Олай болса делавой әрі молодой әншлерімізді «Менің анам алтын» әнімен қарсы алыңыздар!

1 - ж Азамат қуат алар ақ сүтіңнен
Мәпелеп әлдилеген пейілі кең
Аналық махаббатың кәусәр - бұлақ
Сөнбейтін ақ жүрегің мәңгі шырақ

2 - ж Алтын анам жасымнан аялаған
Мен үшін игілікті аямаған
Сабақтан шаршап үйге келгенімде
Бал сөзі жаным деген сая маған

1 - ж: Наурыз келді Анажан серпіліңіз.
Шуақтанып.
Шаттанып желпініңіз.
Кеудеңізде керемет оттар жатыр.
Сізден жылу әлемін күткеніміз.
- Аналар мерекесінде барлық аналарға құрмет көрсетіп, тағзым ете отырып, кешімізді «Аналар туралы жыр» әнімен аяқтаймыз
Бойыңа бар сұлулық жиналғандай,
Мүсінің ақ мәрмәрдан құйылғандай.
Жарқ етіп шыға келген ел алдында,
Биші қыз ғажап еді биің қандай!
2 - ж: Ана - жүрек, жүректі құдіретте,
Ана - тірек, тіректі құрметте
Ана – шыңың, шыңыңа сағынып жет,
Ана - күнің, күніңе табынып өт.
1 - ж: Жүрегі күн, жаны нұр, жүзі шапақ.
Ана - мақтан, ана - өмір, ана - атақ.
Ана - дәуір, ана - абырой, ана - жауһар.
Олармен күн кешудің өзі ғажап!
Аяулым - анашым атты мерекелік кешінің жоспары жүктеу
1 753
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ертеңгілік: Шуағын шашқан - аялы алақан
Ертеңгілік: Шуағын шашқан - аялы алақан
8 – наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Көктемнің шуақты күндерімен қатар келіп жатқан төл мерекелеріңіз құтты болсын!
Аналар мерекесі
Аналар мерекесі
Балалардың 8 – ші наурыз жайлы түсінігін молайту. Үлкендерді, бір – бірін сыйлауға тәрбиелеу. Ойлау қабілетін, тілдерін дамыту. Мерекелік көңіл – күйлерін көтеру.
Аяулы анашым! 8 - наурыз аналар мерекесіне арналған ертеңгілік
Аяулы анашым! 8 - наурыз аналар мерекесіне арналған ертеңгілік
Сіздерді көктемнің алғашқы айында еліміздің барлық жерінде тойланатын 8 - наурыз әжелер, аналар, қыздар мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!
Шуақты көктем
Шуақты көктем
Балалардың музыкаға қызығушылықтарын арттыру. Музыкалық шығармаға эмоциялық қатынастарын дамыту. Әуенді есту, сезіну қабілеттерін әрі қарай дамыту.
Келді,көктем құлпырып
Келді,көктем құлпырып
Құрметті аналар, әжелер, ару қыздар, әріптестер, балабақша бүлдіршіндері! Сіздерді көктемнің алғашқы қуанышы - 8 - наурыз төл мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Біздің сүйкімді бүлдіршіндеріміздің, яғни «Қарақия» тобының сіздерге арнаған «Келді, көктем
Алтын күз (ертеңгілік)
Алтын күз (ертеңгілік)
Жүргізуші: Тырна көкте тыраулап, Қош, қош айтты, «Кеттім» - деп Шөптің басына қыраулап, Күзде келді «жеттім» деп. Құрметті ата – аналар, балалар күз мерекесіне арналған «Алтын күз» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Балалар хормен айтады
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×