Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жол туралы мақал - мәтелдер

08 ақпан 2019, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Жол туралы мақал - мәтелдер

Жолға шыққан жолдан табылар
***
Айналыс та болса жол жақсы,
Ақсақ та болса қыз жақсы.
***
Алыс жол атты сынайды,
Ауыр жол ерді сынайды.
***
Алыс жолға шығар болсаң, алдымен жолдасыңды сайла.
Жаудың алдын алар болсаң, алдымен қолбасыңды сайла.
***
Алыс жүрсең де жолмен жүр.
***
Алыс сапар алғашқы кадамнан басталады.
***
Арқан бойы соқпақтың тұсау бойы төтелігі бар.
***
Атар таңға жүрсең де батар күнге жүрме.
***
Ауыздың қайда екенін қол біледі,
Ауылдың қайда екенін жол біледі.
***
Ауыр жол атанды сынайды,
Ауыр іс адамды сынайды.
***
Ащы мен тұщыны татқан білер,
Алыс пенен жақынды жортқан білер.
***
Барар жер ұзақ болса,
Қайтар жол қысқа болар.
***
Беткейден өтсең бел қалар.
***
Бір жол бар жақын, жақын да болса алыс.
Бір жол бар алыс, алыс та болса жақын.
***
Екі елді жол қосады,
Екі адамды қол қосады.
***
Етік жолға бастайды,
Шалбар түзге бастайды.
***
Жақсы жолдың ұзыны жақсы,
Жаман жолдың қысқасы жақсы.
***
Жақсы жол елге жора.
***
Жақсы жол ұзақ та болса жақын,
Жаман жол жақын да болса алыс.
***
Жаман шопан қойдан көреді,
Жаман шофер жолдан көреді.
***
Желді қуған жоғалар,
Жолды қуған оңалар.
***
Жол азабы — көр азабы.
***
Жол анасы — із,
Ер анасы — түз.
***
Жолаушыға жолдан жолдас қосылар.
***
Жолаушыны жол асырайды,
Өнерпазды қол асырайды.
***
Жолаушыны жол сынайды.
***
Жолаушының азығы жолында.
***
Жолаушының ақысы жүрсе бітеді.
***
Жол болмайды асусыз,
Той болмайды шашусыз.
***
Жол білмеген адастырады,
Жөн білмеген шатастырады.
***
Жолға жомарт қонар немесе нәмарт қонар.
***
Жолға шыққан жолаушы жол амалын сұрайды.
Артта қалған ауылда ел аманын сұрайды.
***
Жолға шыққан жолдан табылар.
***
Жолға шықпақ болсаң:
жолдасыңды сайла,
бөктергі мен ат дорбаңды байла.
***
Жолға шықпас бұрын жолдасыңды сайла,
Үй салмас бұрын көршіңді сайла.
***
Жолға шықсаң жол азығың мол болсын.
***
Жолға шықсаң жолдасыңның жүгі болма, жұбы бол.
***
"Жолдағы құйрықтан қолдағы өкпем артық"
(Шәкәрім).
***
Жолда жатқан жантақты алып таста, жолаушыға кірмесін сенен басқа.
***
Жолдан адасу айып емес, жол жүрмеу айып.
***
Жолдасты жол айырады.
***
Жолдасты жол танытады.
***
Жолдастының жолы кең.
***
Жол жаман болса:
ат та сүрінеді, атаң да сүрінеді.
***
Жол жарасты көрінер ылдиымен, өрімен,
Қол жарасты көрінер қолбасшы, батыр ерімен.
***
Жол жолға жалғасады,
Ел елге жалғасады.
***
Жол жүрген жұртты жайға жеткізеді.
***
Жол жүрген май ішер,
Үйде қалған қан ішер.
***
Жол қадірін жүрген біледі.
***
Жол қуған қазынаға жолығады,
Сөз қуған пәлеге жолығады.
***
Жол мақсаты — жету,
Қыз мақсаты — кету.
***
Жолмен жүрсең жортып жүр, жортып жүрсең жол өнер.
***
Жол сұрамай жолға түспе.
***
Жолшыбай буынған белбеу жолда шешіліп қалады.
***
Жолы жаман жерге соқпақ түсер.
***
Жолыңа жуа бітсін,
Сөзіңе дуа бітсін.
***
Жолың алыс болса атыңды қинама.
***
Жөн сұраған кісі адаспайды,
Жол сұраған кісі жаңылыспайды.
***
Жүрместен бұрын жолыңды байқа,
Киместен бұрын тоныңды байқа.
***
Көп жүрген жер таниды,
Көп қыдырған ел таниды.
***
Көпті көрген біледі,
Алысты жүрген біледі.
***
Қисық болса да жол жақсы,
Долы болса да қыз жақсы.
***
Мезгілінде жүрмесең, мерзімді жерге жетпессің (Қайып ақын).
***
Он адам жүрген жерде із қалады,
Жүз адам жүрген жерде — соқпақ,
***
Мың адам жүрген жерде — жол.
***
Өрісті жол елге жеткізер,
Өзен, су көлге жеткізер,
Соқпақ жолға жеткізер,
Жол молға жеткізер.
***
Тоңған тонын мақтайды,
Адасқан жолын мақтайды.
***
Ұлы жол үй табалдырығынан басталады.
***
Шөлде жүрген шөл таныр,
Жолда жүрген жол таныр.
***
Шөлмен жүрсең жолмен жүр:
жол бұлақты көлге апарады, көл қонысты елге апарады.
11 882
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
2 саны мен цифры. Үшбұрыш. Қысқа - ұзын. Жақын - алыс.
2 саны мен цифры. Үшбұрыш. Қысқа - ұзын. Жақын - алыс.
2 цифрымен таныстыру. «Ұзын, қысқа, тар, кең» ұғымдарын және дөңгелек туралы ұғымдарын қалыптастыру.
Тіл үйренейік
Тіл үйренейік
Оқушыларды үш тұғырлы тіл аясында білімдерін кеңейту. Қазақ тілінен алған білімдерін басқа тілде де қолдана алу. Өз бетімен әңгіме құруға, ауыз екі сөйлеу қабілеттерін дамыту.
Жақсы мен жаман
Жақсы мен жаман
Баянбайдың өмір жолымен таныстыру, өлеңдегі негізгі ойды анықтау. Оқыған, жаттаған өлең, жұмбақ, жаңылтпаштарын есте сақтауға, керекті жерінде пайдалана білуге тәрбиелеу.
Хайуанаттар бағына саяхат
Хайуанаттар бағына саяхат
Балалардың ұғымдарына кеңістікті бағдарлауды, оң мен сол ұғымдарын, алыс - жақын түсініктерін қалыптастыру.
Сын есімнің мағыналық түрлері
Сын есімнің мағыналық түрлері
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Құмжарған негізгі мектебінің қазақ тілі әдебиет пәні мұғалімі Балгарина Айзада Романовна
Антонимдерді қайталау
Антонимдерді қайталау
Ақмола облысы, Астана қаласы, Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Баймаганбетов Руслан Тлепович
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×