Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жуынамын күнбе-күн. Кірқоймас

08 ақпан 2019, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Әдебиеттік оқу 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: Жуынамын күнбе-күн. Кірқоймас
Оқу мақсаты 2. 1. 5. 1 - өз ойы мен сезімін тірек сөздерді пайдалана отырып жеткізу;
2. 2. 4. 1 - мақал - мәтел, жұмбақ, ертегі, тұрмыс - салт жырлары, әңгіме, өлеңнің жанрлық ерекшеліктерін анықтау;
2. 3. 3. 1 - шығармашылық жұмысын мұғалімнің көмегімен сурет, каллиграмма, аппликация, фотосуреттер арқылы ұсыну;
Тілдік мақсат: Тақырып бойынша терминдер: жылға, самаурын, қолжуғыш, сатпақ, кірқоймас, гигиена.
Құндылықтарды дарыту: Ұжымшылдыққа тәрбиелеу, жауапкершілік, сыйластық, өзара түсіністік құндылықтарын қалыптастыру.
Денсаулық және техника қауіпсіздігінің сақталуы: Белсенді әрекеттер барысында техника қауіпсіздігі ережесін сақтау
Пәнаралық байланыс: Көркем еңбек, дүниетану, қазақ тілі
АКТ қолдану дағдысы: (сабақта қолданылатын болса көрсетіңіз): Дерек көздерімен жұмыс, слайд, кеспе қағаз, оқулық, видиожазба.
Алдыңғы меңгерілген білім: Тазалықты сүйемін

Сабақтың басы
Психологиялық дайындық:
Зейінді сабаққа аудару
Қол ұстасып, өзімізбен де, айналамен де сәлемдесейік.

Айтамыз алғыс қайталап,
Тыңдайды бізді шартарап.
Өмір сүру – бір бақыт.
Дос бола білу – шын бақыт!
Топқа бөлу: түрлі - түсті шарлармен
1 топ: Денсаулық
2 топ: Тазалық
3 топ: Байлық
Үй тапсырмасын пысықтау. (Айтылым)
Топтық жұмыс. Постер қорғау
«Тазалық - денсаулық кепілі» тақырыбында әр топ постер қорғайды.
Қ/Б: бағалау тақташасы

Жаңа сабақ
«Миға шабуыл»(әдіс) арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу.
- Жылт - жылт етеді,
Жылғалардан өтеді. (Су)
- Тазалық деген не?
- Гигиена дегеніміз?
- Тазалықтың қажеттігі не?
- Тазалық сақтау ережелері қандай?

Берілген сұрақтарға жауап беру арқылы бүгін сабақтың тақырыбын анықтау.
Жаңа жабақтың тақырыбы: Жуынамын күнбе-күн. Кірқоймас.
Тыңдалым
Өлеңді жазбадан тыңдату. Тақырыпқа сәйкес видиожазба тамашалайды

Түсіндірме сөздікпен жұмыс:
Гигиена – денсаулықты сақтау, аурулардан алдын ала сақтану туралы ілім. (Ұ) Үштілділік: Тазалық – чистота - purity

Сабақтың ортасы
1 - тапсырма: Айтылым
«Өрмекші» әдісі
Оқушылар шеңбер бойлай тұрып денсаулық, тазалық туралы мақал - мәтелдер айтып өрмекші торын жасайды.
Қ/Б: Ауызша бағалау. (Керемет, жарайсың, тапқырсың)

2 - тапсырма: Жұптық жұмыс. Жазылым, айтылым
«Т» әдісі. Сұрақтарға қысқаша жауап жазады
1. Заттардың баладан қашуы. Неліктен?
2. Заттардың қайта оралуы. Неліктен?
Т
Қ/Б: Смайликтер арқылы бағалау
Сергіту сәті:

3 - тапсырма:
Саралау әдістері - әрбір оқушының мақсаттарға қол жеткізуіне ықпал етеді.
Барлық оқушылар – Өлеңді мәнерлеп оқы;
Көпшілік оқушылар – Өлеңді мазмұнына қарай екі топқа ажырат;
Кейбір оқушылар – Жеке бас гигиена ережелерін құрастыр;
Дескриптор:
1). Өлеңді мәнерлеп оқиды;
2). Өлеңді екі топқа ажыратады;
3). Ереже құрастырады;
Қ/Б: Смайликтер арқылы бағалау

4 - тапсырма: Топтық жұмыс
Жұмбақты шеш
1Жуынып болғанда
Жүреді қолдарда (орамал)

2 Түйістіреді көзіңді көзіңе
Жолықтырады өзіңді өзіңе (айна)

3 Қалтамда жатыр тісі бар
Тістемей – ақ істер ісі бар (тарақ)

4 Қант та емес, ұн да емес.
Ұқсастық бар ептеген.
Тістің бәрін аппақ қып,
Тигізеді септігін. (тіс пастасы)
Басбармақ арқылы бағалау

Мектеп: Т. Рысқұлов атындағы мектеп - лицейі
Мұғалім: Қабланова Жазира
Жуынамын күнбе-күн. Кірқоймас жүктеу
8 148
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақтың ұлттық ойындары
Қазақтың ұлттық ойындары
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 8. 3. 4. 4 – денсаулыққа кері әсерін тигізуі мүмкін қауіп - қатерді төмендету, сондай - ақ техникалық қауіпсіздігі бойынша техника қауіпсіздігінің күрделі мәселелерін түсіне
Әдеби шығарманың жанрын анықтау
Әдеби шығарманың жанрын анықтау
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 3. 2. 4. 1. Өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіменің жанрлық ерешеліктерін анықтау Сабақтың мақсаттары Барлық оқушылар Өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіме - нің
Адамның дене мүшелері
Адамның дене мүшелері
Адам денесінің негізгі бөліктерін және олардың қызметтерін атайды, ажыратады, көрсетеді, қоршаған әлем құбылыстарын атайды.
Тазалық – денсаулық кепілі
Тазалық – денсаулық кепілі
Жеке бас гигиенасына арналған құралдардың суреттері, жеке бас гигиенасы ережелері жазылған плакаттар, сұрақтар жазылған үлестірме парақшалар, жұмбақтар туралы материалдар.
Жолбарыс пен түлкі
Жолбарыс пен түлкі
Шығарманың тақырыбы мен үзіндісіне (бастапқы бөліміне) сүйеніп, оқиғаның соңын болжау Мұғалімнің көмегімен шығармадағы көркемдегіш құралдарды (теңеу, кейіптеу) табу
Сақина (ертегі)
Сақина (ертегі)
Балалар, біз эпиграфта оқығандай халық мұрасы - ауыз әдебиеті үлгілеріне нелер жатады екен? Тағы бір нақтылап алайық. Жауап: - Ертегі, аңыз, тұрмыс - салт жырлары, батырлар жыры, лиро - эпостық жырлар, мақал, жаңылтпаш, жұмбақ....
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×