Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сын есім. Негізгі және туынды сын есім

10 ақпан 2019, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
2 сынып
Сабақ тақырыбы: Сын есім. Негізгі және туынды сын есім
Сабақ мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың сын есім туралы түсініктерін бекіту; еске түсіру; мағынасы қарай топтай білуді үйрету; негізгі және туынды сын есім туралы түсініктерін қалыптастыру; туынды сын есімдердің түбірі мен қосымшасын ажырата білуді; сөздерге жұрнақ жалғау арқылы туынды сын есім жасай білуді үйрету;
Тәрбиелік: Берілген тапсырмалар арқылы ғылым, білімді үйренуге, қазақ тілін сүюге, тілді құрметтеуге тәрбиелеу;
Дамытушылық: Оқушылардың сауаттылықтарын жетілдіру, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру
Сабақ типі: аралас
Сабақ әдісі: Сұрақ – жауап, түсіндіру, жаттығу орындау

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгендеп, сабаққа зейіндерін аудару. Балалар бүгін біздің сабағымызға қонақтардан Данышпан ата да келді. Ол сендерге өзінің тапсырмаларын әкелді. Егер оларды дұрыс орындасаңдар осындай гүлдерге ие болады. Ең көп гүл жинаған оқушы Данышпан атадан сыйлық алады

ІІ Оқушы білімін жан - жақты тексеру
- Балалар, қазір сендер бір - біріне марапат айтасыңдар.
1. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
2. Данышпан атаның сұрақтары:
1. Сын есім дегеніміз не? Мысалы.
2. Сын есім қандай сұрақтарға жауап береді?
3. Сын есім қандай түрлерге бөлінеді??
4. Негізгі сын есім деп не аталады?
Мысалы.
5. Туынды сын есім дегеніміз не?
Мысалы.
2. Данышпан атанның тапсырмасы терме диктант
Ана, жиырма, барды, әдемі, балмұздақ, қызыл, бала, үлкен, тәтті, он бір, көгілдір.

ІІІ Жаңа сабақ
- Балалар, Данышпан ата сендерге тапсырмаларды дайындап келді, біз оларды орындайық.
1. Оқулықпен жұмыс
1 - тапсырма 2 - сынып
Өлеңді көшіріп жаз. Сын есімдердің астын ирек сызықпен сыз.
Құшағына кең теңізден,
Аясындай гүл бақтың.
Аппақ сүтін емізген,
Қымбаттысы қымбаттың,
Анам қандай жақсы адам!
1 - тапсырма Сөздерді оқып, негізгі және туынды сын есімдерді жеке топтап жаз. 3 - сынып
Негізгі --------- Туынды
Ұзын ---------- таңғы
Жеңіл ---------- сабырлы
Жаңа ---------- келбетті
Тәтті ---------- қажырлы
Аласа ---------- сенімді

2 - тапсырма Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып жаз. 2 - сынып
Тауға апаратын бұралаң жолмен келе жатырмыз. Аласа төбелерден асып, жазық жерлерге жеттік. Қызыл гүлдер жайқалып өсіп тұр. Жап - жасыл дала келбеті әжелеріміздің жасаған текеметіне ұқсайды. Қарасаң, көз тойғысыз!
2 - тапсырма Мақалдарды көшіріп жаз,. Туынды сын есімдерді тауып, сөз құрамына талда 3 - сынып
Адам – тастай берік, гүлдей нәзік.
Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ.
Сергіту сәті
3 - тапсырма
Сын есімдерді оқы. Оларды мағынасына қарай үлгі бойынша
топтап жаз 2 - сынып
Түсі: ала, күрең, қызғылт, сұр.
Дәмі: ащы, дәмді, тәтті, тұзды.
Көлемі: кіші, жуан, жіңішке.
Сапасы: қатты, мықты, жұмсақ.
3 - тапсырма
Сын есімдерді оқы. Оларды мағынасына қарай үлгі бойынша
топтап жаз 3 - сынып
Бала... үй, қамыс.. жер, ақыл... оқушы, пайда... жұмыс, жаңбыр... көктем.

ІХ Сабақты бекіту
4 - тапсырма Берілген сын есімдерге қарсы мәндес сөздерді тауып жаз
Кең –
Көне -
Жақсы -
Батыр -
Данышпан атаның тапсырмасы: Шығармашылық жұмыс
5 - тапсырма Өлеңді жатқа жаз. Сын есімнің астын сыз
Қыраңға қия тау керек,
Бұлбұлға жасыл бау керек.
Балыққа мөлдір көл керек,
Батырға туған ел керек.

Х. Сабақты қорыту
1. Сын есім дегеніміз не?
2. Сын есім қандай сұрақтарға жауап береді?
3. Сын есім заттың қандай белгілерін көрсетеді?
4. Сын есім нешеге бөлінеді?
5. негізгі және туынды сын есім қалай жасалады?

ХІ. Оқушыларды бағалау.
ХІІ. Үйге тапсырма: 170 – бет 4 - жаттығу
63 – бет 4 - жаттығу

Талас ауданы, Есейхан ауылы
«Қаратау» орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Мырзалиева Гульмира Амангельдиевна
Сын есім. Негізгі және туынды сын есім жүктеу
5 075
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Негізгі және туынды зат есім. 19 – 23 жаттығулар.
Негізгі және туынды зат есім. 19 – 23 жаттығулар.
Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту, сөйлеу, әңгімелеу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге, әдемі жазуға, өз бетінше жұмыс орындауға дағдыландыру.
Негізгі және туынды сын есім
Негізгі және туынды сын есім
Оқушылардың ой өрісін, танымдық қабілетін, сөздік қорларын дамыту, негізгі және туынды сын есімдерді анықтай түсуге жаттығулар орындау.
Негізгі және туынды сын есім
Негізгі және туынды сын есім
Сын есім туралы түсініктеріне сүйене отырып, негізгі және туынды сын есім туралы түсініктерін тереңдету. Оқушылардың ой - өрісін, танымдық қабілетін сөздің қорларын дамыту, негізгі және туынды сын есімдерді анықтай түсуге жаттығулар орындау.
Негізгі және туынды сын есім
Негізгі және туынды сын есім
Сын есімнің түрлерінің негізгі және туынды екендігін, айырмашылығын, ұқсастығын білу үшін жаттығу жұмыстарын жүргізу.
Сын есімді қайталау
Сын есімді қайталау
Ешбір жұрнақсыз түбір күйінде айтылатын сын есімді негізгі сын есім дейміз. Жұрнақ арқылы жасалған сын есімді туынды сын есім дейміз.
Негізгі және туынды зат есім
Негізгі және туынды зат есім
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, №14 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Бикбусенова Ғалия
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×