Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тік төртбұрыш Қосудың қасиеттері

14 қаңтар 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Тік төртбұрыш. Қосудың қасиеттері
Мақсаты:
Білімділігі: тік төртбұрыштың мәнді белгілерін, түрлік ерекшелігін анықтауға, ажыратуға үйрету; өрнектерді және олардың мәндерін салыстыру барысында қосудың ауыстырымдылық және терімділік қасиеттері туралы қорытынды жасау; кестелік қосу және азайтуға қатысты білімдерін бекіту.
Тәрбиелігі: ұйымшылдыққа, өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Дамытушылығы: танымдық қабілетін дамыту, шығармашылыққа баулу.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, оқулықпен жұмыс, ойын, деңгейлік тапсырма
Түрі:аралас сабақ
Типі: дамыта оқыту
Көрнекілігі: фигуралар моделі, кесте, дидактикалық материалдар

Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
1.Оқушылардың оқу құралдарын тексеріп, сабаққа назар аударту, сыныпты 3 топқа бөлу.
2.Психологиялық дайындық
Мақсатымыз білім алу, Міндетіміз еңбектену. Ұғып алып, біліп алып, Беске қолды жеткізу.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
І. «Қайталау білім анасы»
Өткенді қайталау. «Эстафета» ойыны
Әр топтан екі оқушы шығып, бір-біріне көмектесіп, баспалдақпен көтерілуі керек. Сол жаққа бірінші, оң жаққа екінші қосылғышты жазу. (12, 13, 14 сандары бойынша)

ІІІ.Жаңа сабақ. Тік төртбұрыш. Қосудың қасиеттері
1.Тақтаға тік төртбұрыш, бір, екі тік бұрышы бар және тік бұрыштары жоқ төртбұрыш іліп, тік бұрышы бар сызғыштың көмегімен төртбұрыштардың тік бұрыштарын тапқызу. Төртбұрыштардың 1, 2 немесе 4 бұрышы да тік болатынын байқату. Барлық бұрыштары тік болатын төртбұрыштардың тік төртбұрыш деп аталатынын хабарлау.
ІІ. «Күш білімде, білім кітапта»
2.Оқулықпен жұмыс.
1-тапсырма. Геометриялық мазмұнды тапсырма.
а) Фигураларды ата. Фигуралардың бұрыштары қандай? ә) Тік төртбұрышты тап. Олардың нөмірлерін теріп жаз. б)Тік төртбұрыш салу. Бір нүкте белгілейміз. Сол нүктеден оңға қарай 4 тор көз, төмен қарай 6 тор көз, солға қарай 4 тор көз, жоғары қарай 6 тор көз үзбей саламыз.
-Бұл қандай фигура? 2-тапсырма. Есепті оқыту, шешу әдістерін көрнекілікпен түсіндіру. Әр топ- тың шешу нұсқаларын өзара салыстыру, ұқсастығы мен айырмашылығын анықтау. Теңдіктерді салыстыру.
5+(3+2)=10 (ж.)
(5+3)+2=10 (ж.)
(5+2)+3=10 (ж.)
Сергіту сәті:
Көбелектер тұрып ертемен,
Күлімсіреп керілді.
Бір-шықпен бетін жуды,
Екі –шыр айналып бұрылды.
Үш- еңкейіп жерге жетті,
Төрт дегенде ұшып кетті,
Бес дегенде қонды.
3-тапсырма: Ауызша талқылау.
а) оқушылардың не байқағандарын салыстыру және түсіндіруді талап ету, қорытынды жасау.
4+6
6+4
70+30
30+70
ә) бөлікте әр бағанның қосылғыштары салыстырылады, ұқсастығы мен айырмашылығын анықтайды. 6+(1+3)
(6+3)+1
(6+1)+3
1+(6+3)
Мысалдарды талдай отырып ережені шығару.
-Қосылғыштарың орындары ауысқанымен, қосындының мәні өзгермейді. Бұл қосудың ауыстырымдылық қасиеттері.
-Крші қосылғыштарды олардың қосындысымен алмастыру, яғни екі қосылғышты топтастыру қосындының мәнін өзгертпейді. Бұл қосудың терімділік қасиеті.
4-тапсырма. Танымдық жаттығу. Жұппен шешу, әртүрлі тәсілмен шығару.
І деңгей:
∆-6 ?
□-4
Боялғаны-3 фигура
Қалғаны-? Фигура
ІІ деңгей. Қосымша есеп құрастыру, шешу.
ІІІ деңгей. Екі есепті салыстыру.
6-тапсырма. Өз бетімен орындауға арналған жаттығу.
1-топ. 2-топ 3-топ
6+5 -----□-5 -----36+5 ---- □-5-----66+5 -----□-5
16+5--- □-5------46+5 ---- □- 5 ----76+5------□-5
26+5--- □-5------56+5 ----- □-5 ----86+5------□-5

ІІІ. «Оқимыз, үйренеміз, білеміз»
Логикалық ойлау қабілетін дамытуға бағытталған тапсырма.
Үстелдің 4 бұрышы бар. Бір бұрышын кесіп тастағанда, оның неше бұрышы болады?
ІҮ. Қорытындылау.
Рефлексия. Математикалық диктант.
5 пен 2-нің қосындысын тап.
3 пен 5-тің қосындысына 2-ні қосып, мәнін тап.
-Қосудың қасиеттерін пайдаланып теңдік құрастыр.
-Бүгінгі сабақта қосудың қандай қасиеттерін білдік, қандай фигурамен таныстық?
Ү.Үйге тапсырма: 5-тапсырма, 89-бет.
ҮІ.Бағалау
18 585
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Құмырсқа мен бидай дәні
Құмырсқа мен бидай дәні
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі Мақсатымыз білім алу, Міндетіміз еңбектену, Қолды беске жеткізу.
Қосудың қасиеттері
Қосудың қасиеттері
Қосудық ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін қасиетін тиімді есептеулер жүргізу үшін қолдана алады
Векторларды қосу және оның қасиеттері
Векторларды қосу және оның қасиеттері
Оқушылар векторларды қосудың үшбұрыш және параллелограмм ережелерімен танысып, векторларды қосудың қасиеттерін меңгереді.
Жай бөлшектер мен ондық бөлшектерге арифметикалық амалдар қолдану
Жай бөлшектер мен ондық бөлшектерге арифметикалық амалдар қолдану
Арифметикалық амалдардың қасиеттерін пайдаланып, өрнектерді ықшамдауды сұрап жауаптарын толықтыру.
Жақшаларды ашу. Ұқсас қосылғыштарды біріктіру
Жақшаларды ашу. Ұқсас қосылғыштарды біріктіру
Қандай өрнектер теңбе тең өрнектер деп аталады? Мысал келтір. а(b+c)=ab+ac Қосудың ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін пайдаланып, алгебралық өрнектерді қалай ықшамдайды?
Тік төртбұрыш және оның қасиеттері
Тік төртбұрыш және оның қасиеттері
Тік төртбұрыштың қасиетін анықтау; оның мәнді белгілерін, ең жақын реті – төртбұрыш, ал түрлік ерекшелігі - барлық бұрыштарының тік болуын тағайындау
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×