Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


4 санын қосу және азайту

14 қаңтар 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
1-сынып. Математика
Тақырыбы: 4 санын қосу және азайту
Мақсаты:
Білімділігі: 10 көлеміндегі санға 4-ті қосу және саннан 1-ті азайту тәсілімен оқушыларды таныстыру.
Дамытушылығы: ауызша, жазбаша есептеу дағдыларын арттыру.Ойлауын, танымдық қабілетін, белсенділігін, шығармашылық қабілетін арттыру.
Тәрбиелігі: оқушыларды мақсатқа жетуге, ұйымшыл болуға, әдептілікке тәрбиелеу.
Түрі: «Мақта қыз бен мысық» ертегісі желісіндегі саяхат сабақ.
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, өзіндік және ұжымдық жұмыс, салыстыру, талдау, жинақтау.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, сандар қатары, үлестірмелі сандар мен дидактикалық материалдар.

Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
1.Психологиялық дайындық
2.Қызығушылықты ояту. «Мақта қыз бен мысық» ертегісін айтқыза отырып тапсырмаларды орындату.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру. 1.Сиырдың тапсырмасы
1.Оқулықтағы №4 тапсырма. Өрнектерді салыстыру.
2+4*6-1
3+5*10-2
4-1*2+3
5+1*9-2
4+3*9-3
8-0*1+7
2. «Үйшіктегі» сандардың құрамын табу.

ІІІ. Жаңа сабақ. 2.Ағаштың тапсырмасы
- Ағаштың тапсырмасына мысыққа мен де көмектесіп жіберейін.
Көрнекі құралдың көмегімен 4 санын қосу және азайту тәсілін түсіндіру. «Тиіннің орманнан жинаған 4 жаңғағы бар еді. Ол тағы 4 жаңғақ тауып алды. Тиінге жаңғақтарды қосуға көмектес. 4+4=8
Енді тиін жаңғағының 4-еуін баласына берді. Қалған жаңғақты санауға көмектес. 8-4=4
Оқулықпен жұмыс 3.Қыздардың тапсырмасы
№1 тапсырма. «Доминодағы» суретке қарап теңдіктер құрастыр және оқы.
Дәптерге жаздыру
4+4=8
5+4=9
6+4=10
8-4=4
9-4=5
10-4=6
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сергіп бір алайық.

4. Дүкешінің тапсырмасы
№2 тапсырма. Сандар қатарының бойымен 3 сан аттай отырып, тура және кері бағытта санаудың үлгісі және соған сәйкес жазуға қарап әртүрлі мысалдар келтіру.
5. Тауықтың тапсырмасы
№4 тапсырма. Қызыл және көк кесінділердің ұзындықтарының қосындысын жасыл кесіндінің ұзындығын салыстыр.
1.Кесіндіні өлшеу
2.Қызыл және көк кесіндінің қосындысының ұзындығын табу.
3.Ол кесіндіні жасыл кесіндімен салыстыру.
Қызыл кесінді-4см, жасыл кесінді-6см, көк кесінді-3см.
4см+3см=7см
4см+3см>6см
7см > 6см

Сергіту сәті
Бала, бала, балақан,
Қане, қайсы алақан.
Саусақтарың әйбат,
Былай-былай ойнат.
Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ.
Екі қолды қосқанда,
Болады екен он саусақ.

6.Тышқанның тапсырмасы
Өзіндік жұмыс. №5 тапсырма.Есепті шығар
Шарты: Оқушылар 3 түп өрік ағашын және 4 түп шие ағашын отырғызы.
Сұрағы: Оқушылар барлығы неше түп ағаш отырғызды?
- Есеп не туралы?
- Не белгілі, не белгісіз және нені табу керек?
- Есепті шығару үшін қандай амал пайдаланамыз?
Шешуі: 3+4=7 (т.а.)
Жауабы: барлығы 7 түп ағаш
- Енді мысық келген жолымен қайтады.Сонымен ол мақта қызға келгенде, оның да тапсырмасы бар болып шықты.

ІҮ. Бекіту. Мақта қыздың тапсырмасы
- Санды 4-ке арттыру үшін сол саннан неше сан аттап санаймыз?
- Саннан 3 сан тура аттай отырып санағанда сан нешеге артады?
- Саннан 3 сан кері аттай отырып санағанда сан нешеге артады?
Тура және кері үш сан аттай отырып сана.
Ү Қорытындылау
- Бүгінгі саяхат сабағымыз ұнады ма?
- Саяхат сабағымыз санға нешені қосуды және азайтуды үйрендік?
ҮІІ.Бағалау
8 517
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
1 санын қосу және азайту
1 санын қосу және азайту
Оқушылардың ауызша жылдам, дұрыс есептеуге, өздігінен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру, терең ойлау қабілетін дамыту.
Жазбаша қосу және азайту
Жазбаша қосу және азайту
Сабақтың тақырыбы: 412+279 және 691 - 279 түріндегі жазбаша қосу және азайту
8 санын қосу және азайту
8 санын қосу және азайту
Атырау қаласы, №10 С. Мұқанов атындағы орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі Кубанова Гүлмира
5 санын қосу және азайту
5 санын қосу және азайту
Манғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ы.Алтынсарин орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Акоразова Бактыгул
5 санын қосу және азайту
5 санын қосу және азайту
Шахта орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі Қоңырбаева Н
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×