Білімділер поралы

Шыбық. Сансызбай Сарғасқаев

Ана тілі 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Шыбық. Сансызбай Сарғасқаев
Сабақтың мақсаты:
Білімділік Оқушыларды Сансызбай Сарғасқаевтың «Шыбық» әңгімесімен таныстыру. Шығарманың мазмұны мен идеясын меңгерту.
Дамытушылық: Оқушыларды сауатты, мәнерлі, әсерлі оқуға баулу.
Шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал ету, ойлау шеберлігі мен сөйлеу мәдениетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың өнерге, білімге деген сүйіспеншілігін арттыру, тәрбиелеу. Табиғатты қорғауға тәрбиелеу. Еңбекке баулу.
Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы..
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Әдіс - тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері, түсіндіру, сұрақ - жауап,
көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру, жарыс, ойын.
Көрнекілік: Тақырыпқа байланысты суреттер. Қима қағаздар.

Жоспар:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.
Ү. Қорытындылау, бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
Үй тапсырмасымен жұмыс:
Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.

Жаңа сабақ.
Сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
1. Оқушыларды Сансызбай Сарғасқаевтың «Шыбық» әңгімесімен таныстыру.
2. Шығарманың мазмұны мен идеясын меңгерту.
Сансызбай Сарғасқаевтың шығармашылығымен таныстыру.

Сансызбай Сарғасқаев (1925 - 1995) Жамбыл облысының Сұлутөр өңірінде туған.
Қазақтың белгілі балалар жазушысы. Оның қаламынан «Достар»‚ «Көңілді балалар»‚
«Бір көшенің балалары»‚ «Тәмпіш танау» атты әңгіме‚ хикаят жинақтары және
«Ұстаз» романы т. б. кітаптары жарыққа келді.

Оқулықпен жұмыс
- Мәтінді мәнерлеп оқып беру.
- Мазмұнын түсіндіру.
- Мәтінді оқушыларға тізбектей оқыту.
Сөздікпен жұмыс. Тесе – кетпеннің кішкене түрі.
Оқушылар түртіп алу жүйесі бойынша қолдарына қалам алып өздері үшін түсініксіз сөздердің астын белгілеп отырады.
Сол сөздердің мәнін ашу, түсіндіру.
Сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.
1. Әңгіме неге «Шыбық» деп аталған?
2. Сен Темірдің орнында болсаң‚ не істер едің? Бақыттың орнында болсаң ше?
Орманға жалғыз кетер ме едің‚ әлде бармай - ақ‚ үйіңе қайтып келер ме едің?
3. Жалқаулық‚ еріншектік және еңбекқорлық‚ еңбек сүйгіштік сөздерін қалай түсінесің?
4. Бақыт пен Темір қылықтарын салыстыр. Саған олардың қайсысы ұнайды?
1. Бақыт пен Темірге мінездеме бер. Олардың әрқайсысының қандай бала екенін әңгімеле. Мұндай балалар сендердің сыныптарыңда бар ма‚ ойланып‚ әр баланың
қылығын көз алдыңа елестетіп көр.
2. Жоғарыдағы сөздерге байланысты мақал - мәтелдер тауып‚ үйден жазып кел.
3. «Еріншектің ертеңі таусылмас»‚ «Еңбегің қатты болса‚ татқаның тәтті болады»‚
«Еңбек етсең ерінбей‚ тояды қарның тіленбей» мақалдарын жаттап ал‚ осы әңгімеге
қандай қатысы бар екенін айтып көр.
4. Әңгімеге жоспар жаса.

Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.
Үйге тапсырма: Әңгімені мәнерлеп оқу. Түсінік айтуға дайындалу.
Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.
Шыбық. Сансызбай Сарғасқаев жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • nurislam0
    Жазған: nurislam0
    Мына жаңалықта: Ақша. Монета
  • raya94
    Жазған: raya94
    Мына жаңалықта: Ақша. Монета
  • jupar
    Жазған: jupar
  • Dulat90
    Жазған: Dulat90
    Мына жаңалықта: Биологиядан тест
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Orken agay
    Жазған: Orken agay
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Гүзал
    Жазған: Гүзал
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Ана әлемді тербейді
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Аяулы ана - асылым!
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 31
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 31
Роботтар: 2
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика