Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қызғаныштың кесірі

14 қаңтар 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қызылорда қаласы №7 орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі
Төлепбаева Гүлмира Әбдіғапбарқызы

Пәні: өзін өзі тану
Сыныбы: 4
Тақырыбы: Қызғаныштың кесірі

Мақсаты: Оқушыларға «қызғаныш» ұғымын, оның қандай қасиет екенін түсіндіру, көпшілдік қасиеттерді қолдануға үйрету;
Міндеттері: - «көпшілдік», «бауырмалдық», «жомарттық» қасиеттер туралы ой-өрістерін кеңейту;
- оқушылардың өз ойларын жеткізе білуіне ықпал жасау;
- өмірмен байланыстыру, біреуге жақсылық жасай білуге тәрбиелеу;
Көрнекіліктер: ДВД дискілер, бейнетаспа, интербелсенді тақта
Барысы:
Шаттық шеңбері /қимыл-қозғалыспен көрсету/
Амансың ба, Алтын күн?!
Амансың ба, Көк аспан?!
Амансың ба, Жер-Ана?!
Амансың ба, достарым?!
Сіздерді көрсем қуанам!

Мұғалім: Күн, кімнің досысың?
Оқушылар: Бәріңе ортақпын!
Мұғалім: Сен кімнің жолысың?
Оқушылар: Бәріңе ортақпын.
Кәдімгі көңілдей түсетін,
Кәдімгі суыңдай ішетін,
Ауадай бәріміз жұтатын,
Барлығы әулие тұтатын,
Бәріңе ортақпын!
- Енді қонақтармен амандасайық.
Үлкенге де сіз!
Кішіге де сіз!
Баршаңызды құрметтеп
Бас иеміз біз!
- Балалар, көңілді ән әуенін тыңдай отырып, бір-бірімізге бүгінгі сабағымызға сәттілік тілейікші. (Балалар айналып отырып: «Барлығыңа сәттілік тілеймін!» - деп айтады)
Мұғалім: Ал, енді балалар, біз сендермен қазір «Дүкен» ойынын ойнаймыз.

Ойын «Дүкен»
Ойынның шарты: Оқушылар дүкеннен зат алуы тиіс. Ол заттың бастапқы әріпі, әркімнің өзінің атының әріпі, келетін затқа сай болуы тиіс. Дүкенде заттар, көкөністер, ойыншықтар бар. Мысалы, әркім өз атынан келетін затты таба алады. «Азық-түліктер»- дүкені. - Ал қәнекей не аласыңдар?
Менің атым – Аружан. Мен алмұрт сатып аламын.
Менің атым - Самат. Мен сәбіз сатып аламын.
Менің атым – Томирис. Мен торт сатып аламын.

- Ал, енді «Ойыншықтар» дүкені.
Менің атым – Дамира. Мен доп сатып аламын.
Менің атым – Нұрболат. Мен нар сатып аламын.
Менің атым - Ұлжан. Мен ұшақ сатып аламын.
- Жақсы біз бүгін осы «Дүкен» ойыны жайлы тағы да әңгімелейтін боламыз.

Әңгімелесу
- Қане, балалар, енді не жайлы әңгімелесетінімізді мына сөзжұмбақты шешу арқылы табайық. /Жауабы: Қызғаныш/.
Мұғалім: Балалар қызғаныш деген сөзді естігенде сендердің ойларыңа не келді. Ол қандай мағынаны білдіреді? /оқушылардан айнала отырып әрқайсысынан бір сөзден жауап алу/
- Мен сендердің айтқандарыңа қосыла отырып, мынадай Ж.Байбұланова апайларыңның әңгімесін айтып берейін.

Мәтінмен жұмыс
«Қызғаныштың кесірі» әңгімесін үзіктермен түсіндіру. Барысында қойылатын сұрақтар:
1. Маржан енді не істеді деп ойлайсыңдар? /мейірімділік ағашы/
2. Қыздардың нені сатып алғысы келді екен? /достық ағашы/
3. Қыздар моншақты кімге бергілері келді? /қайырымдылық ағашы/
4. Маржан моншақты бере салды деп ойлайсыңдар ма? /жанашырлық ағашы/
5. Қыздардың ойыны қалай аяқталды деп ойлайсыңдар?

Сахналау
Берілген оқу материалының мазмұнын эмоционалдық-сезімдік күймен әсерлі қабылдау үшін 4 «Ә» сынып оқушыларын «Қызғаныштың кесірі» әңгімесінің қойылымын тамашалауға шақырамын.
Тыныштық сәті.
Мәтіннің тақырыбына қатысты баланы еңбекқорлыққа, көпшілікке тәрбиелейтін «Үш ноян» атты қойылымды тамашалатамын. Соңында қойылым бойынша адамға да тән өзімшілдік және көпшілдік құндылықтарға талдау жасатамын.

Мұғалім: Өзімшіл адам басқалардың мүддесімен санаспайды, тек өз мүддесін ойлайды. Ондай адам туыстары, достары, сыныптастары арасында тек өзінің ғана қамын көздейді. Бұл жақсы қасиет емес. Ал көпшіл адам көп көңілінен шығып, айналасындағылармен тіл табысады. Кеңпейіл, көпшіл болу, сыйласа білу жақсы қасиет.
Мәтінмен жұмыс. Балаларды үш топқа бөліп әр топқа қысқаша мәтін беріледі. Топ басшыларының басқаруымен әр топ өздеріне берілген мәтінді сахналауы керек. Сахналап болған соң, әр топ келесі топтың қойылымына өзі байқаған қасиеттерді айтады.

І топ. В. Сухомлинский: «Ана қанаты»
Жайма шуақ жаз еді. Қаз өз балапандарымен серуенге шығып, оларды шөпті жұлып жеуге үйретті. Балапандарға шөптер дәмді көрінді. Ауа-райының балапандарға ұнағаны сондай олар аналарын ұмытып жан-жаққа бытырап кетті.
Аспанды бұлт торлады да жерге жауын тамшылары тама бастады. Осы мезетте оларға аналарының жылы қанаты түсіп, жүгіріп барды.

Осы уақытта бұршақ та жауа бастады. Балапандар болса анасының қанаты астында жасырынып жатты.Сол кезде олар қанат ішінде тыныш,ал сыртында қауіпті екенін түсінді. Бірақ олар бұршақтың анасына жауып жатқанын сезбеп еді. Бір кезде ауа-райы саябырсып, тынышталды.Балапандар анасына қанат астынан шығаруын өтінді. Анасы қанатын ашты. Балапандар мәз болып,анасына да қарамай көгалға жүгіре жөнелді. Тек кішкентай ғана балапан: «Ана, саған не болды?»,- деді. Шынында да қаздың қанаттары қатты бұршақтан жаралы еді. Анасы балапанға: «Ештеңе емес, бар ойнай ғой»,- деді де балапандарының қуанышта екенін көріп өзін бақытты сезінді.
«Махаббат бар жерде – бақыт бар».

ІІ топ. Ертегі: «Екі дос». «Бірде орманмен екі дос келе жатқанда оларға бір аю бас салады. Бір бала сасқанынан жүгіріп барып ағашқа мініп кетеді. Ал екіншісі үлгере алмай, өтірік өлген болып, жата қалады. Аю оған жақындап келіп, иіскей бастайды. Бала болса демін шығармай тыныш жата қалады. Аю оны иіскеп-иіскеп кетіп қалады. Аю кеткен соң, бірінші бала ағаштан түсіп алып: «Аю саған не айтты?,- дейді. «Ол маған, досын тастап кеткен дос-дос емес»,- деді дейді».

ІІІ топ.Әңгіме: «Ата мен немере» (Л.Н Толстой) «Ата қартая келе әлсізденіп, жүре алмайтын халге жетеді. Тамақты да дұрыс іше алмайтын болады. Бір күні ата тамақ ішіп отырып, кесені құлатып алады. Ал келіні баланың анасы болса оны ұрсады.» Енді тамақты пеш түбінде ағаш ыдыспен ішісің»,- дейді оған. Ал ата болса күрсініп ештеңе айтпайды. Ата осылайша тамақтанып жүреді.
Бір күні анасы жұмыстан келсе, баласы бір бұрышта ағаш ыдыстармен ойнап жүргенін көреді. «Не, істеп жүрсің?,- дейді анасы. «Мен әкем екеуіңе ағаш ыдыс жасап отырмын, сендер қартайғанда осы ыдыспен тамақтандырамын»,- дейді. Анасы өз қылығынан ұялып,атаны үстел басына отырғызатын болды.
Мұғалім: Бұл мәтіндерден қандай қасиеттер алғанымызды алдарыңдағы қағаздарға жазып, мына қасиеттер тұсына жапсырыңдар.
«өзімшілдік»
«көпшілдік»
Дәйексөз
«Болмағын кекшіл, болсайшы көпшіл» (Абай)

Жүректен жүрекке
«Жылы лебіз» ағашын егу арқылы біз бір-бірімізге деген ыстық лебізімізді білдірейік.
- Балалар, бүгін біздің қаламыздың маңынан «Бақыт керуені» өтіп барады екен. Олар бақыт іздеп ұзақ сапардан келе жатса керек. Біз сабақтан «бақыт» дегеніміз не екенін ұғындық қой. Мүмкін керуенге бағыт берерміз? Сондықтан мен сендерге қалам-қағаз алып, «Бақыт дегеніміз не?» деген сұраққа жауап болатындай бір-бір сөз жазып, керуендегі түйелердің қоржындарына салуды тапсырамын.
(Балалар өздері жазған сөздерді дауыстап оқып, неге ол сөзді жазғанын ұғындырады да шеңберге келіп тұрады.)
Мұғалім:
- Балалар, мен сендермен бүгінгідей мән-мағынасы терең, керемет сабақ өткеніме бақыттымын.
Аяқтау
5 825
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Наурыз
Наурыз
Халқымыздың салт - дәстүрін, әдет - ғұрпын үйрете отырып Наурыз қазақтың ұлттық мейрамын ашып көрсетіп, балалардың көңіл күйін көтеру. Көктем мезгіліндегі табиғат сұлулығын байқай білуге тәрбиелеу. Наурыз — қазақ халқының жаңа жыл екенін түсіндіру.
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру, Үлкен және кіші
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру, Үлкен және кіші
Заттарды санына қарай салыстыра алу қабілетін арттыру, бір затпен көп затты бір – бірінен айыра білуге үйрету. Санаудың дұрыс тәсілдерін пайдалана отырып, заттарды санау; солдан оңға қарай санау.
Үй жануарлары
Үй жануарлары
Балаларды үй жануарларымен таныстырып, олардың аттарын дұрыс атап, төлдерін ажырата білуге үйрету. Үй жануарларына қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.
Б. Бұлқышев «Ана»
Б. Бұлқышев «Ана»
Оқушыларға ананың балаға деген махаббатының шексіздігін, ана деген есімнің ұлылығын, ананың адам өміріндегі орнының ерекше екендігін түсіндіру.
Әдептілік – адамдықтың белгісі
Әдептілік – адамдықтың белгісі
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, №12 бастауыш мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Нуржанова Гулжан Аманжолқызы
6 – ны қосу, азайту
6 – ны қосу, азайту
Сабақ тақырыбы: Қайталау. 6 – ны қосу, азайту
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×