Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Табиғат бұрышындағы тірі нысандар мен өсімдіктер

22 ақпан 2019, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
ЖСШ «Айналайым KZ» бөбекжай балабақшасы
«Балдәурен» тобы
Ашық ұйымдастырылган оқу іс - әрекеті

Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Жаратылыстану
Білім көздері: экология негіздері.
Тақырыбы: Табиғат бұрышындағы тірі нысандар мен өсімдіктер.
Мақсаты:
1. Табиғат бұрышындағы жануарлар (балықтар, құстар, кірпі, тасбақа), өсімідіктер туралы түсінік беру.
2. Жануарлар мен өсімдіктердің келтіретін пайдасы және оларды қорғау жөніндегі білімдерін кеңейту.
3. Табиғат бұрышындағы жануарлардың тіршілігі туралы мағлұматтар бере отырып, оларға қамқорлық жасауға баулу.
Сөздік жұмыс: табиғат бұрышы, атжалман, қоректендіру.

Мотивациялық қозғаушы
Балаларды шаттық шеңберге шақыру;
Қол ұстасып кәне біз,
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге!
Табиғатым тамаша,
Көз тоймайды қараса.
Табиғатты аялап.
Жүрейікші жараса

Іздену - Ұйымдастырушы
Педагог балабақша табиғат бұрышы туралы төмендегідей мағлұмат береді:
«Табиғат – адам баласын дүниеге келтіріп, бойындағы бар махаббат мейірімін шұғылалы шуағын жүрегімізде ұялатқан ана».
М. Жұмабаев
- Табиғат бұрышы – балабақшада тірі хайуанаттар орналастырылған бұрыш. Мұнда өсімдіктердің түрлерін де өсіріледі. Табиғат бұрышында аквариумда балықтар, торда үй қояндары, кірпі, тасбақа, атжалман, тотықұстарды ұстайды. Оларды арнайы педагог маман күтіп баптайды. Оған балалар көмектеседі.
(Ұ) Педагог балаларға бүкіл топ ішінде жайылып қойылған суреттерді жинауды жəне онда бейнеленгендерді бір сөзбен атап берулерін сұрайды. (Жануарлар). Педагог балалардың жануарларға күтім жасау жайында не білетінін анықтап, бүгінгі не білгілері келетінін, неге үйренгілері келетінін сұрайды (Балалардың пікірлері тыңдалады).
Болжамдар:
- Жануарларға күтім жасау, оларды тамақтандыру деп түсіндіреді.
- Жануарларға зиян келтіру деген, уақытында тамақ бермеу.
- Қандай дереккөзден біз мұны біле аламыз?

Дидактикалық ойын: «Кім тез?»
Ойынның шарты: Балалар бір - бірлеп шығып алма ағашынан алманы алып, алманың артындағы сұрақтарға жауап береді.
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Табиғатта қандай өзгерістер болады?
- Табиғат дегеніміз не?
- Табиғат нешеге бөлінеді?
- Өлі табиғатқа не жатады?
- Тірі табиғатқа не жатады?

Жұмбақтар әлемі.
1. Қалқиып ұзын құлағы
Елеңдеп қорқып тұрады.
- Қоян біздің топта бар ма?
- Қоян немен қоректенеді?
- Ол қайда тұрады?
Ол біздің табиғат бұрышымызды мекендейді.

2. Қанаты бар ұшпайды,
Су астында қыстайды.
- Балық қайда тіршілік етеді?
- Балық біздің топта бар ма?
Балалар, балықтардың дене бітімі қандай пішінге ұқсас екен?
- Балықтардың мынау несі?
- Дұрыс айтасыңдар. Негізінде
басында желбезегі болады.
- Олар осы желбезегі арқылы дем алады.
- Ал денесінде нелері бар екен?
- Дұрыс айтасыңдар.
- Ал денесіне жалғасқан мынау не екен?
- Денесінің арқасындағы, бауырындағы жүзбе қанаттары.
Осы жүзбе қанаттары арқылы суда еркін жүзе алады.
- Балалар, тағам ретінде пайдаланбайтын, әсемдікке үйде асырайтын балықтардың түрлері өте көп.
- Сондай балықтарды көргілерің келе ме?
- Ендеше сондай тірі балықтарды көз алдымызға елестетіп көрейікші.
(балар көздерін жұмады, сол кезде жасырылған аквариумды ашу)
Балалар, көзімізді ашып қарайықшы, суда жүзіп жүрген нелерді көріп тұрмыз?
- Балықтар қандай ыдыстың ішінде жүзіп жүр екен?
- Бұл шыны ыдыс «Аквариум» деп аталады.
- Балалар, аквариумдағы балықтардың түрлері қандай екен?
- Аквариумда басқа тағы нелерді көріп тұрмыз?
- Дұрыс айтасыңдар.
- Балалар, бұлардың барлығы не үшін қажет?
- Сонымен қатар балықтарға да қажеті бар. Олар бұтақтардың, шөптердің арасына кіріп тығылады, жем іздейді. Аквариум техникалық құралдармен де жабдықталған. Онда суды арнайы жылытатын, ауа жіберетін, жарық түсіретін құралдар бар. Аквариумдағы балықтар үнемі адамдардың қамқорлығында болады.

Сергіту сəті. «Кім епті?»
Əуенмен «Балықтар» биін билейді.

Суретке қарап әңгімеле.
- Балалар, суретте не бейнеленген?
- Тағы нелерді көріп отырмыз?
- Балаларға ат қоялық
- Олар не істеп жүр?

Рефлексиялық түзетушілік:- Балалар, бізге қандай оқу іс - әрекеті болды?
- Онда біз нелермен таныстық?
- Қандай балықтарды көрдіңдер?
- Жарайсыңдар, балалар!
- Бүгінгі оқу іс - әрекетіне барлықтарың да жақсы қатыстыңдар.
Сендерге көп - көп рахмет!
Табиғат бұрышындағы тірі нысандар мен өсімдіктер жүктеу
12 977
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Табиғат бұрышы
Табиғат бұрышы
Табиғат бұрышындағы өсімдіктерді бақылату арқылы олардың құпия сырлары мен тіршіліктері туралы түсінік беру
Өсімдіктер — тірі ағзалар
Өсімдіктер — тірі ағзалар
өсімдіктердің негізгі сипаттамалары мен олардың тіршілік формаларын анықтау;
Тірі табиғат және өлі табиғат
Тірі табиғат және өлі табиғат
Балаларға қоршаған ортадағы тірі және өлі табиғат туралы түсінік беру. Олардың бір - бірімен байланысы жайлы мағлұмат беру, танымдық әрекетін шыңдау.
Табиғат бұрышы: қалай күтіп баптау және бала өміріне пайдасы
Табиғат бұрышы: қалай күтіп баптау және бала өміріне пайдасы
Мақсаты: Табиғат бұрышындағы гүлдермен таныстыру. Гүлдердің аттарын толық айтуға дағдыландыру. Гүлдерді күтіп баптауға үйрете отырып табиғатқа деген сүйіспеншілігін артыру.
Тірі және өлі табиғат
Тірі және өлі табиғат
Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Нұржан Наушабаев атындағы Затобол орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі Жусупбекова Роза Қылышбайқызы
Табиғат бұрышындағы тіршілік (өсімдіктер мен жануарлар)
Табиғат бұрышындағы тіршілік (өсімдіктер мен жануарлар)
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Амангелді атындағы орта мектебінің мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Мамыкова Гульмира Балтабаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×