Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Құрылымы күрделі теңдеулер

28 ақпан 2019, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Математика 3 сынып
Тақырыбы: Құрылымы күрделі теңдеулер /Әдебиет/
Оқу мақсаттары: Көбейту мен бөлуге берілген х: 8=9; 51: х=17; 23∙х=46 түріндегі қарапайым теңдеулерді; құрылымы күрделі х∙ (25: 5)=60; (24∙3): х=6; х: (17∙2)=2; k+124: 4=465 түріндегі теңдеулерді шешу.
Тілдік мақсаттар
Оқушылар:
Құрылымы күрделі теңдеулер шешуді түсіндіру, сол жақ бөлігін қарапайым түрге келтіру, белгісіз компонентті атау, белгісіз компонентті табу ережесін біледі.
Пәндік лексика және терминология:
- көбейту мен бөлуге берілген қарапайым теңдеулер, құрылымы күрделі теңдеулер.
Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.
Талқылау:
– Егер теңдеу күрделендірілген болса, не істеу қажет?
–«Өрнекті жеңілдету» дегенді қалай түсінесің?
– Құрылымы күрделі теңдеуді қалай тексеруге болады?
– Құрылымы күрделі теңдеулерді шешу алгоритмін ұсын.
Жазу:
Теңдеуді шешуді және оны тексеруді жазу.

Шаттық шеңбері:
Математика ғылымдар патшасы деп
Мойындаған бар ғалам, жер шары да,
Сол қағида тағы да дәлелденбек,
Бүгінгі 3 А сынып сабағында.
Топқа бөлу:
1. «Әдебиет» орталығы
2. «Кітапхана» орталығы
3. «Өнер» орталығы
4. «Есептеу» орталығы
«Ширату»
Әдебиет, кітапхана сөздерінің мағынасын ашайық.
Әдебиет, кітапхана туралы әңгімелеу.
Әдебиет (лат. lit(t) eratura, – жазылған, lit(t) era – әріп дегеннен шыққан).
Әдебиет - көркем әдеби шығармалардың жинағы.
Кітапхана - кітаптар қоры жинақталған кітап оқушылар орталығы. Кітапханада кітапханашы қызмет етеді.
Бізде мектеп кітапханашысы боп кім қызмет етеді?
- Кітапханашы апаймен біздің 3 А сынып оқушылары сұхбат жүргізген болатын. Ендеше соны тыңдайық:
Кітапханашымен сұхбат видео ролик көрсету.

«Серпілген сауалдар»
– Теңдеу деген не?
– Теңдеуді шешу деген не?
Теңдеу дегеніміз - құрамында белгісізі бар теңдік.
Теңдеу шешу дегеніміз - құрамындағы белгісіздің сандық мәнін табу деген сөз.

Мағынаны тану:
Кестеде берілген теңдеулерге назар аударайық.
Қай теңдеуді орындай аламыз? Қай теңдеу орындауға қиындық келтіреді?
Сол жақтағы теңдеу - қарапайым теңдеу, бұл теңдеуді шеше аламыз. Оң жақтағы құрылымы күрделі теңдеу, оны орындау үшін, сол жақ бөлігін ықшамдап, қарапайым түрге келтіреміз. Яғни, әуелі сол жақтағы көбейтіндіні орындап, ықшамдап аламыз.
Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.
Теңдеулерді шеш. Тексер.
х∙ (5∙6)=210
Дескрипторы:
 құрылымы күрделі теңдеулерді ықшамдауды;
 теңдеудің түбірін табуды;
 кестеден тыс жағдайда көбейту мен бөлуді ауызша орындауды;
 тексеруді орындауды білемін.

Атырау қаласы,
Жаңаталап селосы
Жамбыл орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Башиева Ақерке Шамилқызы
Құрылымы күрделі теңдеулер жүктеу
11 788
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тура теңдіктер қасиеттері негізінде қарапайым теңдеулерді шешу
Тура теңдіктер қасиеттері негізінде қарапайым теңдеулерді шешу
Оқушыларға қарапайым теңдеулер мен оларды шешу жолдарын үйрету. Теңдеулерді шешу тәсілдерін көрсету. Ауызша көбейту және бөлу тәсілі жайлы білімдерін пысықтау.
Теңдеулер және оны шешу тәсілдері
Теңдеулер және оны шешу тәсілдері
Оқушылардың теңдеулер және оларды шешу тәсілдеріне байланысты білімдерін пысықтау; күрделі теңдеулерді шешу жолдарын қарастыру.
Теңдеулер және оны шешу тәсілдері
Теңдеулер және оны шешу тәсілдері
Теңдеулер және оларды шешу тәсілдеріне байланысты білімдерін пысықтау; күрделі теңдеулерді шешу жолдарын қарастыру.
Құрылымы күрделі теңдеулер
Құрылымы күрделі теңдеулер
Құрылымы күрделі теңдеулерді шешу алгоритмін, теңдеуді құру және оны шығару тәсілін меңгеру; есепті түрлендіруге және салыстыруға машықтандыру;
Рационал теңдеулер
Рационал теңдеулер
Сабақтың тақырыбы: Рационал теңдеулер
Теңдеулер және теңдеулер жүйесі
Теңдеулер және теңдеулер жүйесі
ШҚО, Аягөз ауданы, Сарыарқа орта мектебі математика пәнінің мұғалімі Жанболатова Айгүл Армияшевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×