Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дара және күрделі сан есімдер, емлесі

05 наурыз 2019, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қазақ тілі 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Дара және күрделі сан есімдер, емлесі.
Сабақтың мақсаты: Сан есімнің дара, күрделі түрлерімен таныстыру. Күрделі сан есімнің емлесін меңгерту.
Күтілетін нәтиже: Пәндік нәтиже: сөйлем ішіндегі дара, күрделі сан есімдерді ажырата білу. Дара, күрделі сан есімдерге мысалдар келтіру. Оларды қатыстырып сөйлем құрау.
Тұлғалық нәтиже: табиғатты сүюге тәрбиелеу, өз пікірін дәлелдеуге, өз ойын айтуға үйрену. Күнделікті өмірде алған білімін пайдалана алу.
Жүйелілік - әрекеттік нәтиже: алған білімін жаттығу жұмыстарын орындағанда пайдалана алу. Күрделі сан есім құрамына талдау жасай алу.
Әдіс - тәсілдер:
Ақпарат көздері: 4 сынып қазақ тілі оқулығы, электронды оқулық.

Психологиялық ахуал
Психологиялық дайындық
Қазақ тілім – өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім!
- Кемеңгер ғұлама ақын - жазушыларымыздың тілі, туған ана тіліміз – қазақ тілі сабағын бастаймыз.

Топқа бөлу Сөз таптары: «Зат есім, сын есім, етістік» деп оқушыларды үш топқа бөліп отырғызу.
Үй тапсырмасын тексеру 46 - беттегі 5 - жаттығу. Әр топтағы сын есімдерді толықтырып жазып, олардың мағынасын өзара салыстыр.
Үлкен, үлкендеу, үлкенірек, үп - үлкен, өте үлкен.
Қызыл, қызылдау, қызылырақ, қып - қызыл, өте қызыл.
Көк, көгілдір, көкшіл, көкпеңбек, қара көк.
- Ал енді осыған дейін өткен сөз таптарын қайталап өтейік.
«Топтастыру» стратегиясы.
- Әр топ өз атына сәйкес сөз табына топтастыру құрастырады.

Қызығушылықты ояту Ойын: «Кім тапқыр?»
Мақал – мәтелдердегі көп нүктенің орнына керекті сөздерді қою.
.... теңгең болғанша,.... досың болсын.
Білекті... жығады, білімді... жығады.
Жігітке... өнер де аз.
- Бұл сөздер қай сөз табына жатады?
- Ендеше сан есім туралы білетіндерімізді еске түсірейік.
Бүгінгі сабақтың ұраны:
Білекті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар.
- Осы мақалдың мағынасын түсіндіріңдерші?
- Бүгінгі сабақта сендерге тек сәттілік тілеймін.

Мағынаны тану.
Дәптермен жұмыс.
Күн ретін жазу.
Үү Үү
Үзінді үйеңкі үңгір үстел
Үлкенді сыйласаң, қадірлі боларсың,
Кішіні сыйласаң, құрметті боларсың.
Сөздік диктант
Бес, он сегіз, алты, жиырма жеті, екі жүз елу бір, төрт, тоғыз, тоқсан алты, бес жүз алпыс жеті, сегіз.
- Жазылған сөздер қай сөз табына жатады?
Плакаттағы кестеге көңіл бөлеміз.

Бастауыш сынып мұғалімі Суюндикова Г. А.
Дара және күрделі сан есімдер, емлесі жүктеу
2 550
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дара және күрделі етістік
Дара және күрделі етістік
мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжау. мәтін мазмұнын анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру.
Дара және күрделі сын есім
Дара және күрделі сын есім
Дара және күрделі сын есімнің өзіне тән қасиеттерін толығырақ игерту барысында сөздің лексикалық және грамматикалық жақтарына көңіл бөл отырып, оқушылардың сөйлеу дағдыларын жетілдіру.
Дара және күрделі сын есім
Дара және күрделі сын есім
Дара және күрделі сын есім. Сын есімнің дара және күрделі түрлерін ажырата білу;
Дара және күрделі сан есім
Дара және күрделі сан есім
Сан есімнен алған білім дағдыларын кеңейту, сан есімнің құрамдық түрлерін меңгерту, мәтіннен дара, күрделі сан есімдерді таба білуге үйрету; Оқушылардың тілін және ойлау қабілетін дамыту, талдай білу дағдыларын қалыптастыру
Дара және күрделі сын есім
Дара және күрделі сын есім
Павлодар облысы, Ақсу қаласы, Алғабас ауылының М. Қабылбеков атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жаманбаева Алмагуль Балгабаевна
Дара және күрделі сын есім
Дара және күрделі сын есім
М. Жұмабаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Қапиза Оразбаева
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×