Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Піл үлкен, тышқан кішкентай

06 наурыз 2019, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Ұйымдасқан оқу жұмысының жоспары
“Күн» шағын орталығы, «Ягодка» тобы
Білім беру аймағы: Қатынас
Білім беру саласы: Қазақ тілі
Тақырыбы: Піл үлкен, тышқан кішкентай.
Мақсаты:
Білімділік: тәрбиеленушілерді үлкен және кішкентай сөздерімен таныстыру. Жабайы аңдардың үлкені және кішкентайы болатынын айтып түсіндіру.
Дамытушылық: Мұғалімнің сұрағын түсініп, жауап беруге үйрету. Көңіл күйлерін көтеру. Алған білім дағдыларын іске асыра білуге үйрету.
Тәрбиелік: аңдарды қорғауға, қамқорлық көрсетуге тәрбиелеу
Сөздік жұмысы + билингвалдық компонент: піл – слон, тышқан – мышка, үлкен – большой, кішкентай – маленький. Піл – үлкен – слон большой, тышқан кішкентай – мышка – маленькая. Аю – үлкен – медведь большой, қоян – кішкентай – заяц маленький.

Мотивациялық - қозғаушылық
Сәлемдеседі:
Ал балалар тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Шаңырақты көтеріп,
Керегені құрайық.
Уық болып иіліп,
Бір отбасы болайық.

Сәлемдесу сөздерін қайталау (бірінші мұғалім амандасады, сосын балалардың сәлемін күтеді.
1. Өткен тақырыпты қайталау. «Жабайы аңдар» тақырыбымен тақтаға ілінген жабайы аңдардың суреттері бойынша аңдардың атауын қайталау:
Жабайы аңдар, арыстан, қасқыр, түлкі, аю, піл, қоян, барыс.
- Өте жақсы, балалар! Ал енді айтыңдаршы это дикие или домашние животное?
- Дикие животное.
- А как дикие животное на казахском?!
- Жабайы аңдар.
Жабайы аңдардың неге жабайы аңдар болып аталатынын айту.
Дикие звери живут в дикой природе, сами добывают себе пищу. Они бывают хищними, опасными для жизни человека. Их надо остерегаться.

Ұйымдастыру - іздестіру 2. Тіл дамыту жаттығуы:
- ң, - ң, - аң,
- кі, - кі, - түлкі,
- қыр, - қыр, - қасқыр,
- ю, - ю, - аю,
- қо, - қо, - қоян,
- пі, - пі, - піл,

3. Сергіту сәті.
Қоян, қоян, тұршы,
Беті - қолың жушы,
Айнаға қарашы,
Бетіңді тарашы,
Ал, бізді қушы!

4. Жаңа тақырып: «Піл – үлкен, тышқан – кішкентай». Ең алдымен суретте берілген аңдарды атап шығады. Осыдан кейін мұғалім балалардың назарын суретте берілген аңдарды салыстыра қарауға аударады. Аңдарды салыстыру арқылы үлкен және кішкентай сөздері түсіндіріледі.
5. Балалардың «Мынау – піл. Піл үлкен. Мынау – тышқан. Тышқан кішкентай» деп байланыстыра сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға көңіл бөледі
6. Балаларға үлестірмелі материалдар таратылады. Піл мен тышқанның суретін бояуға береді.
Піл үлкен, тышқан кішкентай жүктеу
1 788
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сергіту сәттерінің жинағы
Сергіту сәттерінің жинағы
Доп, доп, Топ, топ, Допты қоямыз. Аяқпен тебеміз, Доп жоқ, Қап, қап, Тап, тап!
Киімдер
Киімдер
Киімдер тақырыбы бойынша сөздік қорларын кеңейту, үлгі бойынша сөйлемдер құрап айтуға үйрету.
Сиқырлы сандық
Сиқырлы сандық
Заттардың көлеміне, пішініне, түсіне қарай әр түрлі болатынын түсіндіру. «Біреу» және «Көп» ұғымын қалыптастыру.
Үйшік – теремок – little house ертегі
Үйшік – теремок – little house ертегі
Балалардың ертегілер еліне деген қызығушылықтарын ояту, жан - жақты дамуына ықпал етіп, шығармашылық белсенділіктерін арттыру, үш тілде сөйлеуге үйрету. Ертегінің мазмұнын түсіндіру арқылы, сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілетін дамыту.
Жабайы жануарлар
Жабайы жануарлар
Мақсаты: Жабайы жануарлармен таныстыру. Сөздік қорларын молайту. Қойылған сұрақтарды дұрыс түсініп, толық жауап беруге үйрету. Балаларға жаңа сөздерді қазақ тілінде дұрыс айта білуге үйрету.
Менің отбасым!
Менің отбасым!
Астана қаласы, №10 «Бөбек»балабақшасы Ботакоз Сағындыковна Аяпбергенова
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×