Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сергіту сәттері

07 наурыз 2019, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сергіту сәттері
Армысың, ардақты Аспан - ата!
Армысың, мейрімді Жер - ана!
Армысың, шұғылалы алтын күн!
Күліп шықты күн бүгін,
Қуант бізді таңырқап,
Қуанатын күн бүгін.
Қайырлы таң, қайырлы күн!
Күліп шықты күн бүгін.

Алма баққа барайық,
Алма теріп алайық.
Ең үлкенін алманың,
Анамызға сылайық.

«Көлеңке» ойыны
Көлбең, көлбең көлеңке
Көлбеңдеген көлеңкем.
Тасып піскен бидайды,
Айтшы қалай жинайды?

Көлбең, көлбең көлеңке
Көлбеңдеген көлеңкем.
Былай, былай жинайды.
/Бидай оруды қимылмен көрсетеді/

Көлбең, көлбең көлеңке
Көлбеңдеген көлеңкем.
Қаптап ұшқан торғайдан,
Оны қалай қорғайды?

Көлбең, көлбең көлеңке
Көлбеңдеген көлеңкем.
Қаптап ұшқан торғайдан,
Оны былай қорғайды
/Кіш, кіш! Қолдарымен көрсетеді. Бәрі бірге айтады /

Қорғап қалған бидайды,
Қырманға әкеп жинайды.
Астық орған байлығы,
Қамбаға дән сыймайды.

Біз гүлдерше өсеміз,
Жапырағы жайқалған.
Сабақтары салалы,
Желмен бірге жайқалған.

- Сәлеметсің бе, табиғат! /тізе бүгіп, иіліп сәлем беру/
- Сәлеметсіңдер ме ормандар, өзен мен көлдер, теңіздер мен таулар!
/Тұрып екі қолын бұлғалайды/
Сәлеметсіңдер ме құстар! /Қолдары екі жанында, құс сияқты қанат қағады/
Сәлеметсіңдер ме аңдар! /Орындарында тұрып, аю сияқты жүреді, қоян сияқты секіреді/
орманшы балаларды мақтап кетеді.

«Көгершіндер»
Біз ұшамыз, ұшамыз,
Бар әлемді құшамыз.
/Қолды екі жаққа қанатша керіп, бірінің артынан бірі шеңбер жасай жүгіру/

Әрбір үй мен қалаға,
Тыныштық бақыт сыйлаймыз.
/Бір - бірінің қолдарынан ұстап шеңбер құру/

Бірімізбен біріміз,
Қанекей дос болайық.
/Қолды жоғары көтеріп, төмен түсіру/

Көктегі құс пен шөп тербеген желдейміз,
Теңіздегі желкен мен жаңбырдан кейінгі селдейміз.
/Қолды толқындата қимылдату/
Біз бәріміз күнмен дос боламыз.
/қолды жоғары көтеріп, алақанға қарау/

Бойыңды сергек тік ұста
Емін – еркін тыныста
Деміңді ішке тез алда,
Сол қолыңды соз алға.
Қол ұшына қара да,
Үшбұрыш сыз ауада.
Оң қол да бос тұрмасын,
Шеңбер жасап зырласын

«Менің отбасым ең...»

Қолымда тұрған добымды
Балаларға берем көңілді.
Отбасы жайлы өрелі,
Әңгіме айтып береді
/балалар! Мен сендерге доп лақтырамын, сендер оны қағып алып,
Отбасыларың туралы жақсы сөздер айтып, маған қайта лақтырасыңдар/
Мысалы:
Ең мейрімді,
Ең көңілді,
Ең спортшы,
Ең тату,
Ең сүкімді,
Ең қамқоршы,
Ең еңбексүйгіш.

«Достықта біздің күш»

/балалар шеңберге тұрады/

1, 2, 3.../санау/
Желбіре жалауша!/қолдарын жоғары көтеріп шайқайды/
Достықта біздің күш! /екі алақанын бір – бірімен түйістіреді/
Достармен бірге жүреміз,
Бірге ойнаймыз, күлеміз!
Бірге балық аулаймыз,
Міне біздер қандаймыз!
Бөлінбейді іргеміз,
Әрқашан да біргеміз!

Өзімді жақсы көремін, /қолды кеудеге айқастыру/
Күн сайын өсіп келемін. /қолды көтеру/
Ойынға кірем күнде мен, /бір орында секіру/
Ұйқыға батам түнде мен /қолды жаққа сүйеу/
Суға да барып түсемін, /жүзіп көрсету/
Содан соң тамақ ішемін /қасық ұстауды көрсету/
Мамамның тілін аламын /алға қарай иілу/
Міне сондай баламын! /қолды алға созу/

Достарменен бірге біз,
Күлімдейік күлейік.
Қолды созып күнге біз,
Шат көңілмен жүрейік

Жаңбыр жауып басылды,
Күннің көзі ашылды
Айналаның бәріне,
Шуақ - сәуле шашылды.
Көңілденген балалар,
Алақайлап қуанды.
«Жарқыратқан әлемді,
Мен де күндей болар ем».

Біз гүлдерше өсеміз,
Жапырағы жайқалған.
Сабақтары салалы,
Желге ырғалып шайқалған.

Ал, балалар тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Оңға, оңға түзу тұр!
Солға, солға түзу тұр!
Алға қарай бір адым,
Артқа қарай бір адым,
Жоғары - төмен қарайық,
Орнымызды табайық.

/Қимылдармен демеленеді/
Атамның алып күрегін,
Ауланың қарын күредім.
Әжеме мен құдықтан,
Су әкеліп беремін.
Еденді де жуамын,
Шаң - тозаңды қуамын!
Сергіту сәттері жүктеу
7 068
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Нан қайдан пайда болады?
Нан қайдан пайда болады?
Балаларды нанның біздің дастарханымызға қалай келетіні жайлы түсінік беру. Дәнді егуден бастап, нан болғанға дейінгі еңбек түрлерімен таныстыру. Адам еңбегін құрметтеуді, нанды қадірлеуді үйрету.
Балабақша балаларына арналған "Сергіту сәттері
Балабақша балаларына арналған "Сергіту сәттері
Көлбең, көлбең көлеңке Көлбеңдеген көлеңкем. Тасып піскен бидайды, Айтшы қалай жинайды?
Жабайы жануарлар
Жабайы жануарлар
Жабайы аңдардың балаларының аттарын дұрыс айта білуге үйрету, олардың табиғаттың бір бөлшегі екендігін сезіндіріп, қамқорлық сезімдерін оят
Ормандағы аңдар
Ормандағы аңдар
«Жасырылған аңды тап» дидактикалық ойын. Шарты: педагог үстелдің астына жұмсақ ойыншық қоянды жасырып қояды да, бала екеуі іздейді. Не жасырылғанын бала іздеп табады. Педагог қоянның суретін көрсетіп, қоян туралы әңгімелеседі. Қоян – жабайы аң. Оның
Жабайы аңдар
Жабайы аңдар
Бахрадинова Құндыз Жанабайовна Ақтөбе қаласы, №13 "Бөбек" мектепке дейінгі ұйымының тәрбиешісі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×