Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қайталау. Жазбаша қосу және азайту

12 наурыз 2019, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Математика
Сабақтың тақырыбы: Қайталау. Жазбаша қосу және азайту
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға үш таңбалы сандарды қосу мен азайтудың жазбаша тәсілдері дағдыларын жетілдіру. Шамалармен жұмыс жасаудың есептеу біліктерін бекіту.
Дамытушылық: Математикалық ұғымдарды меңгерту: оқушылардың ережелерді ұғынып, шығармашылық ойларын дамыту.
Тәрбиелік: Елін, жерін сүюге, өркендеуіне үлес қосуға тәрбиелеу. Өз әрекетіне саналы көзқарасқа ұжымда өз бетінше жұмыс жасай білуге, есептеу әдістерін күнделікті өмірде қолдана білуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, өзіндік жұмыс, ойын, тест, топтық жұмыс, тапсырмалар, аймақтық компонент.
Көрнекілік: тест, бағалау түрлері, шыбын ұрғыштар, суреттер, карта, гүлдер.
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, бейнелеу

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру бөлімі – Психологиялық дайындық
Шеңберге шығу
Күлім қағып қолымды,
1, 2, 3 деп соғайын.
Қарап тұрған көршіме,
Қолымды мен бұлғайын.
Жылы, жылы жүзбенен,
Мандайыннан сипайын.
Жылы, жылы сөзбенен,
Жүрегімді сыйлайын.
Ыстық алақаныммен,
Қолыңды бер қысайын.
Түстер бойынша топқа бөліну (Қызыл, жасыл, сары)
Топтың ережесін еске түсіру. Топ атын ойлап табу, топ басшысын сайлау.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру
Үйге берілген № 7 тексеру
ІІІ Өткенді қайталау
Мен білемін.......
Мен білім алу үшін............. болуым керек.
Сонымен тақтадан сабақ мақсатымызды оқып жіберейік
Математика керек әр күнге,
Математика қажет өмірде
Математиканы оқимыз
Миымызға тоқимыз.
Қазір білгенімізді ортаға салып көрейік.
А) «Шыбын ұрғыш әдісі» Оқушылар дайындап келген сұрақтарының жауабын бетке жазады.
Тақтаға екі оқушы шығып орындайды.
Өздерін бағалайды Алдын ала және тапсрманы орындап болған соң.
Ә) Қосу және азайтуды қайталау.
І қатар 21 санына 2 қос келесі шыққан санға жалғастырп 2 қосып отыр. Егер шыққан сан беске бөлінсе қолыңды жоғары көтер. 21+2=23 23+2=25 қол көтеру жалғстыру
ІІ қатар 8+3 қосамыз Қосқандағы сан тақ болса қол шапалақтаймыз. 8+3=11 так 11+3=14 жуп 14+3=17 так 17+3=20 жуп
ІІІ қатар 18+3 қосамыз егер жауабы жұп сан болса орнымыздан тұрамыз.
18+3=21 21+3=24 24+3=27 27+3=30

ІІІ Жаңа сабақ.
Күн сәтін жазу 8 желтоқсан
Көркем жазу Қандай мереке келе жатыр?
Желтоқсан оқиғасы қай жылы болған?
25 цифрын жазып шығу
- Биыл Тәуелсіздігіміздің 25жылдығын тойлатқалы отырмыз
Оқулықпен жұмыс:
Жекелей тапсырма № 1. Ойын «Гүлдене бер Қазақстаным»
Әрбір оқушыға жеке гүлге жапсырылған тапсырма беріледі. Үш оқушыны тақтада орындату.
Оқушылар орындап оқиды, көршісі тексеріп береді.
Гүлдерін картаға апарып жапсырады. Барлығы бірге: «Гүлдене бер Қазақстаным» деп айтады. Кейбіреуіне тақтаға шығартып айтқызу.
№ 2 Өскемен қаласындағы Саябақ, Театр, Зообақпен байланыстыра отырып есепті шығару.
Қайталау. Жазбаша қосу және азайту жүктеу
Қайталау, Жазбаша қосу және азайту, слайд жүктеу
1 604
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жазбаша қосу және азайту
Жазбаша қосу және азайту
Сабақтың мақсаты: 1. Ондықтан аттап жазбаша қосу және азайтуды үйрету және есептеу әдістерін қалыптастыру. 2. Математикалық ұғымдарды меңгерту, оқушылардың ережені ұғынуын, шығармашылық ойын дамыту.
Жазбаша қосу және азайту
Жазбаша қосу және азайту
Сабақтың тақырыбы: 412+279 және 691 - 279 түріндегі жазбаша қосу және азайту
Қосу мен азайтудың жазбаша тәсілдері»
Қосу мен азайтудың жазбаша тәсілдері»
Атырау қаласының жалпы білім беретін №6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Хасанова Галя Санахқызы
Жазбаша қосу және азайту
Жазбаша қосу және азайту
Ғ Малдыбаев атындағы Жаңажол орта мектебінің Бастауыш сынып мұғалімі Шұғайыпова Зейнет Кәкімқызы
Қосу мен азайтудың жазбаша тәсілдері
Қосу мен азайтудың жазбаша тәсілдері
Атырау қаласы, Жаңаталап селосы,Жамбыл орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Измұханова Салтанат
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×