Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ө. Тұрманжанов «Құс ұясын бұзбайық»

14 наурыз 2019, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Әдебиеттік оқудан қысқа мерзімді сабақ жоспары
Сабақ: 2 Мектеп:№ 25
Иманбаева Ж. Е.
2 сынып
Сабақ тақырыбы: Ө. Тұрманжанов «Құс ұясын бұзбайық»
Оқу мақсаттары: оқушылар оқыған мәтінді түсінеді, өз ойларын еркін айта алады, сыни тұрғыдан ойлауға дағдыланады, өз - өздерін бағалай алады.
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар айта алады: Құстар туралы алған ақпаратты пайдалана алады
Көпшілігі орындай алады: Ойларын жинақтай алады
Өздерін бағалай алады
Кейбір оқушылар орындай алады: Ұсыныс білдіре алады

Басы (0 - 6 минут)
«Күн жарқырап тұр» ойыны.
Оқушылар алдарына бормер немесе стикермен орындарын белгілейді. Жүргізуші ортаға шығып, бір белгі бойынша орындарын ауыстыруын сұрайды. Мысалы: күн жарқырап тұр ұзын шаштыларға, ұзын шашты қыздар орындарын ауыстырады, ал жүргізуші біреуінің орнын басып қалу керек.
Ойын аяқталған кейін, бір - екіге саналып, топқа бөлінеді.

Ортасы
АКТ көмегімен құстардың жаулары туралы мәлімет беру
Ө. Тұрманжанов
«Құс ұясын бұзбайық» өлеңді мәнерлеп өзім оқимын.
Оқушылар да ішінен оқып шығады.

Бірінші топ құстардың жауларын тізбектеп жазады, екінші топ адам құстарға қалай зиян тигізуі мүмкін туралы жазады.
Топтан бір - бір оқушы шығып, қорғайды
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрайық,
Қолымызды жаяйық.
Қарлығашқа ұқсап,
Ұшып - ұшып алайық

Эссе жазу: «Құстардың біз - досымыз, құстар біздің досымыз»
Критерий арқылы бағалау:
1. Сөйлемдердің мағына бойынша байланысуы
2. Мәтіннің негізгі бөлімдері болуы
3. Негізгі ойын жеткізуі

Оқушылар өздері жазған эсселерін топтарында оқиды. Топтың ішінде талқылау жүргізеді. Оқушылар бір - бірін және өздерін бағалайды
топтың ішінде ең үздік, ең тақырыбы ашылған эссе ортада оқылады немесе ойларын толықтырып, бір эссе топпен жазып, шығарады. Сол эссе
Ыстық орындықта» оқылады.
Ө. Тұрманжанов «Құс ұясын бұзбайық» жүктеу
2 514
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көбейту
Көбейту
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 2. 1. 2. 1. Көбейтуді бірдей қосылғыштардың қосындысын табу, бөлуді нысандарды мазмұнына қарай жəне тең бөліктерге бөлу ретінде түсіну.
Ө. Тұрманжанов Қарлығаш
Ө. Тұрманжанов Қарлығаш
Шығарманың мазмұны не жайында екенін түсіну және қарапайым сұрақтарға жауап береді. Өлеңді дауыстап дұрыс әрі түсініп оқу, мәнерлеп оқу.
Жемістер
Жемістер
Жемістердің дәмін, түсін ажырата алады, қандай екенін айта алады. Жемістердің атауын үш тілде біледі және жаза алады.
Қазақтың қадірлі қызы
Қазақтың қадірлі қызы
Мәтіндегі негізгі ойды түсінеді, қосымша ақпаратты анықтай алады, мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап бере алады, мәтін құрылымын сақтайды, құрылымына сәйкес жоспар құрай алады.
Үй жануарлары
Үй жануарлары
үй жануарларын суреттен көрсете алады үй жануарлардың пайдасы туралы айта алады
Тұрақты тіркестер
Тұрақты тіркестер
Мәтін ішінен тұрақты тіркестерді анықтай алады. Оқушылардың көпшілігі орындай алады
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×