Білімділер поралы

Дауысты, дауыссыз дыбыстармен танысайық

Білім көздері: Сауат ашу және жазу
Оқу іс - әрекетінің тақырыбы: Дауысты, дауыссыз дыбыстармен танысайық.
Оқу іс - әрекетінің мақсаты: Балаларға дауысты және дауыссыз дыбыстардың айтылу ерекшелігі туралы түсінік беру. Жаттығулар орындату арқылы дауысты дыбыс туралы білімдерін жетілдіру. Балалардың сөйлеу тілін, сөздік қорларын байыту, жалпы ой - өрісін дамыту, байқағыштыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: кестелер, кеспе әріптер, суреттер, үлестірмелі материалдар.

Ұйымдастыру
Балалар шеңбер бойына тұрып, бір - біріне жылы лебіздерін білдіреді.

Негізгі бөлім.
Дауысты дыбыс туралы түсінік беру. Кесте пайдалану арқылы дауысты дыбыстармен таныстыру: а, ә, и, о, ө, е, у, ұ, ү, ы, і, ю, э, я.
Дауысты дыбыстар еш кедергісіз, еркін айтылады. Созып, әндетіп айтуға болады. Мысалы: а - а - а, ә - ә - ә, о - о - о т. с. с.
Суреттерді көрсету.
Балалар суреттерді атап, сөздерді буынға бөледі. Ол сөздерде кездесетін дауысты дыбыстарды тауып, олардың айтылу ерекшелігін ажыратады.
кө - бе - лек
о - рын - дық
үй - рек
кі - тап
ба - лық
Неше дауысты дыбыс болса, сонша рет қол шапалақтайды.

Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрайық,
Қолды белге қоялық.
Бір отырып, бір тұрып,
Біз тынығып алайық!
«Ұйқасын тап» дидактикалық ойыны.
Орыннан орынға ауысқан,
Ұшқалақ қара ала..... (сауысқан)
Бәрі бірдей жұмысқа
Шығады кім? (құмырсқа).
Әліппе дәптермен жұмыс.
а) Берілген суреттер бойынша дауысты, дауыссыз дыбыстарды төртбұрыштардың ішіне белгілерін (қызыл – дауысты дыбыс, көк – дауыссыз дыбыс) салады.
әке ана бала қамшы торсық
ә) Кестенің ішіне жетпей тұрған төртбұрыштың суретін салып, оны бояу.

Қорытынды
Дауысты және дауыссыз дыбыстар туралы алған білімдері бойынша сұрақтар қойылады. Балалардың жауаптарын толықтырып отыру керек.

Дауысты, дауыссыз дыбыстармен танысайық жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • Orken agay
    Жазған: Orken agay
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Гүзал
    Жазған: Гүзал
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Ана әлемді тербейді
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Аяулы ана - асылым!
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Адамдық диханшысы
  • Асель28
    Жазған: Асель28
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 177
Қолданушылар: 1
Қонақтар: 176
Роботтар: 2
Дамико
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика