Білімділер поралы

К дыбысы мен әрпі

«К» дыбысы мен әрпі
Оқу іс - әрекетінің мақсаты: Балаларды «к» дыбысы және әрпімен таныстыру. «К» дыбысын басқа дыбыстарда ажырата білуге үйрету, дыбыстық талдау жасату. Дидактикалық материалдар арқылы балалардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту. Балаларды «К» дыбысы бар сөз, сөйлем құрауға үйрету. Әдемі жазуға қолдарын жаттықтыру.
Әдіс – тәсілдер: әңгімелеу, көрнекілік, сұрақ - жауап, түсіндіру.
Көрнекіліктер: «К» дыбысының баспа түрі, текшелер, кеспе әріптер, бейнеролик, суреттер.

Оқу іс - әрекет барысы:
Шаттық шеңбер:
Ашық аспан тілейміз
Күніміз жарық болсын!
Деніміз сау болсын
Қазақстан жайнай түссін!
(көк жалау көтеру)

Балалар бір жылда неше мезгіл бар?
4 мезгіл бар. Олар: қыс, көктем, жаз, күз.
Қыс. Бұл мезгілдің қандай қызықтары бар?
Қыста шанамен сырғанаймыз, шаңғы тебеміз, қар лақтырып ойнаймыз.

Жаңа тақырыпты түсіндіру
Жұмбақ шешу
Қабат - қабат қаптама
Ақылың болса аттама.
(кітап)
Олай болса бүгін «К» әрпімен танысамыз. «К» - әрпі созылмай тоқталып айтылады. (Тақтаға «К» әрпін салу)
Көк текше көтереміз.
- Дұрыс, олай болса кітап сөзінің бірінші әрпі «К» әрпі екен. Бұл жай кітап емес сиқырлы кітап, балалар кітап іші тапсырмаларға толы екен: сиқырлы кітаптың тапсырмасын орындауға дайынбыз ба? Балалар:
- Ия.
1 - тапсырма: «Күн!
«К» дыбысынан келетін сөздерді айту.
Енді «К» дыбысы қай жерде тұрғанын талдау.
К - дауыссыз көк текше көтереміз. (текше көтеру)

2 - тапсырма: «Кесе» (буынға бөлу)
Әріп, дыбыс деген не?

3 - тапсырма: «Кеме» (буынға бөлу)
Дыбыстық талдау жасау, сұрақ - жауап
Өтілген әріптерді атау: А, Л, О, У, Т, Ш, С, Н, Д, М

Әріптер туралы тақпақ кім біледі?
Аяулы ару Алматы
Алатау асқақ аясы
Алқабында атақты
Алқызыл апорт алмасы (А әрпі)

Түсі сары сүйкімді
Дәмі қышқыл біртүрлі
Ащы дей де алмайсың
Шекерсіз жей алмайсың (Лимон Л әрпі)

Ас біткеннің анасы
Қасиетті нан осы
Қайсы әріптен басталып
Аяқталған қарашы (Н әрпі)

«Уық» деген немене?
«Уыз» жегің келе ме?
Қай әріптер атаулар
Басталып тұр атаңдар. (У әрпі)

Бастайды ол «таңды» да
Бастайды ол «талды» да
Келіп тұрған қай әріп,
«Тау» мен «тастың» алдында? (Т әрпі)

Айырға аздап ұқсайтын
Сабы жоқ бірақ ұстайтын
Тарақты еске алатын
Қайсы әріп, кім бар табатын. (Ш әрпі)

4 - тапсырма: «Кітап» (буынға бөлу)
Дәптермен жұмыс.
Қолға қарындаш аламыз,
Әдемі етіп жазамыз.
1) Ауада жазу.
2) Тақтада жазу.

Сергіту сәті: Көбелек ау көбелек,
Әдемісің керемет,
Гүлге келіп қона ғой
Өзіңде гүл бола ғой.

5 - тапсырма: «Ешкі» (буынға бөлу)
Суретті буынмен сәйкестендіріп, қосу. (Тақтаға сурет ілу)

Рефлексивті коррекциялаушы
Дидактикалық ойын: «Кім тез ойлайды?»
- Балалар «К» дыбысына байланысты тағы бір ойын ойнап бүгінгі ашық оқу іс - әрекетімізде қорытындылап жіберейік.
Ойын шарты: үстел үстінде тұрған заттардың ішінен, ойынға шыққан бала «К» дыбысынан басталатын затты алып атау және сол сөзге сөйлем құрау.

Күтілетін нәтиже:
Білу керек: «К» дыбысы дауыссыз дыбыс және оны көк текшемен белгілейтінін
Игереді: Буынға бөлуі, дыбыстық талдау жасауы
Білді: «К» дыбысынан басталатын сөздерге сөйлем құрау.

Байсейтова Карлыгаш Казикановна
Маңғысатау облысы Бейнеу ауданы
«Бейнеу ауданының әкімдігінің «Жұмағали Қалдығараев атындағы
орта мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі
К дыбысы мен әрпі жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • Dulat90
    Жазған: Dulat90
    Мына жаңалықта: Биологиядан тест
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Orken agay
    Жазған: Orken agay
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Гүзал
    Жазған: Гүзал
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Ана әлемді тербейді
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Аяулы ана - асылым!
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 158
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 158
Роботтар: 3
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика