Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Су - тіршілік көзі

12 сәуір 2019, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Жарқын болашақ
Дарынды балаларға арналған жазғы демалыс лагері.
Тақырыбы: Су - тіршілік көзі.
Мақсаты: Судың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру. Үнемшілдікке тәрбиелеу. Қоршаған ортаны қорғауға ауаны, суды ластамауға шақыру. Қазақстандағы ірі көлдер мен өзендер туралы әңгімелеу.
Логикалық ойлау қабілеттерін, анализ жасауға және салыстыра отырып қорытынды жасауға үйрету.
Отан сүйгіштікке, қамқорлыққа және табиғатты аялай білуге тәрбиелеу.

Қызығушылықты ояту.
Табиғаттағы әр түрлі дыбыстарды тыңдатып оны ажырату.
1. Екі топқа бөліп, әр топ өздеріне табиғатқа сәйкес ат таңдап алу.

Мағынаны тану.
Екі топ су туралы өз ойларын топтастырып жазу.
Мұғалім: Су - тіршілік көзі. Сусыз өмір сүру мүмкін емес. Жер бетін төрттен үш бөлігін су алып жатыр. Ол – мөлдір, түссіз. Судың үш күйі болады: сұйық - су, қатты - мұз, газ - бу. Нөл градустан төмендегенде су мұз болып қатады, ал қайнағанда ол буға айналады. Аналарың кір жуғанда далаға жайып қояды. Ол кеуіп кетеді. Неліктен? Себебі күн суды буландырады. Күн қатты ыстық, ал жапырақтар, өсімдіктер неге қурап кетпейді? Себебі, ол тамырмен су сорып, оны буландырып жібереді. Жер бетінде су тұщы және ащы су болып бөлінеді. Ащы су бұл теңіз, мұхит сулары, ал тұщы су өзен, көл, жер асты сулары. Жердегі әрбір 100 л судың 98 л тұзды су, 2 л тұщы су екен. Көл суларының кейбірі ащы, кейбірі тұщы суға жатады.

Оқушы: Суға қай айдан бастап түскен дұрыс?
Мұғалім: Негізі суға маусым айынан бастап түскен жөн. Суға шомылатын жерді, тазалығын, тереңдігін тексерген жөн. Тамақ ішкеннен кейін, бірден шомылуға болмайды. Ұзақ шомылып, шаршап, тоңу да дұрыс емес. Кейбір балалар қоршау белгісі бар жерлерге мән бермейді. Суға түскенде ата - анаңнан, достарыңнан көз жазып қаламыз. Мұның соңы қайғылы оқиғаға алып келеді. Оқыс оқиға орын алғанда, 112 нөміріне қоңырау соғу керектігін баса айтқым келеді.
Оқушы Көлге, шалшық суға шомылу қауіпті ме?
Мұғалім: Әрине, қауіпті. Түрлі аурулардың қоздырғыштары болады. Мысалы, ірі қара малдарда болатын іш сүзегі, сарып аурулары болады.
Оқушы: Суда жүзіп жүргенде, аяқ - қолымыз тартылып қалады. Мұндай жағдайдың алдын алуға бола ма?
Мұғалім: Суық суға шомылмау керек. Егер тырысу байқалса, жүзуді тоқтатып, арқамен шалқалай жатып, сабыр сақтаған жөн. Көп жағдайда балалар қатты қорқып кетеді. Жұдырықты ашып - жұмып, тарқату керек. Суда ұзақ шомылғанда, аяқ - қол тартылады.
Оқушы: Ал суық су қауіпті ме?
Мұғалім: Суық суға шомылу үшін адам әбден шыныққан болу керек. Шынықпаған адамның ағзасына суық су өтетін болса, жарты сағаттың ішінде жағдайы күрт нашарлайды. Суық судан аман қалғанның өзінде жиі - жиі есінен танып қалатын болады. Негізі су кешке қарай салқындайды.
Оқушы: Суға батқан адамға алғашқы көмек қалай жасалады?
Мұғалім: Мұндай сәтте адамға оттегі жетіспейді. Сол үшін дер кезінде қолдан демалдыру керек. Судан шыққан адамның киімін беліне дейін шешіп, тыныс алу жолдарын, асқазанды судан босатамыз. Ол үшін тізеге отырғызып, кеуде сүйегінің астыңғы бөлімдерін ырғақпен қысып, басу керек. Аузын шай қасықпен немесе жалпақ темір затпен ашу қажет. Сосын ауыздан - ауызға немесе ауыздан мұрынға ауа үрлейміз. Бетін жоғары қаратып жатқызып, бір қолды мойнының астына жіберіп, екінші қолымен маңдайынан басып, басын мүмкіндігінше шалқайтамыз. Бас бармақпен және сұқ саусақпен мұрнын қатты қысып, демді ішке терең алып, оның аузына минутына 18 - 20 рет дем салу керек. Судағы апаттан қорғанудың ең сенімді жолы – суда шомылу ережелері мен қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау.

Сергіту сәті.
Теңіз толқиды – бір!
Теңіз толқиды – екі!
Теңіз толқиды – үш!
Теңіз адамы, тыныштал!

2. Су туралы мақал - мәтелдер айту.
1. Сусыз тіршілік жоқ.
2. Жер – қазына,
Су - алтын.
3. Бұлақ көрсең көзін аш.
4. Сулы жер - нулы жер.
5. Тамшыдан теңіз құралады.
6. Жаңбыр жауса - жер ырысы,
Батыр туса – ел ырысы.
7. Тіршілік көзі – су.

3. Су туралы жұмбақтар жасыру.
1. Жылт - жылт еткен,
Жылғадан өткен. (Су)
2. Еш тесікте тұрмайды,
Ол жоқта жер құрғайды.
Бұл не? (Су)
3. Өзі көк көлеңкесі жоқ. (Көл)
4. Көп бытыра қорғасын,
Көбейткен жердің олжасын. (Жаңбыр)

4. Тыйым сөздер.
1. Отқа су құйма.
2. Суын ішкен құдыққа түкірме.
3. Судың бетін ашық қалдырма.
4. Түнде суға түспе.
5. Түнде суға барма.
Оқушылар өздері дайындаған тыйым сөздерін рет - ретімен айтады.

Балалар, біз күнделікті тамақта қолданылатын картопта 80 пайыз, алмада85 пайыз, сәбізде 90 пайыз, балықта 75 пайыз, қиярда 95 пайыз су болады екен.
Адам табиғаттан суды таза күйінде алады, ластанған күйде қайтарады. Өзен мен көлдерге, зауыт, фабрика, тұрғын үй-жайлардан сарқынды сулар құйылады. Одан өзен мен көлдегі балық пен басқа жәндіктері қырылып қалады, тіпті адамның өзі де шомылуға қауіпті. Тұщы су жер бетінде аз, ал біз оны ластаймыз.
Сондықтан біздің елімізде су қоймаларды қорғау туралы арнайы заң бар. Онда қолданылған су өзен мен көлдерге ағызыларда міндетті түрде зиянды қоспалардан тазартылуы тиіс делінген. Суды арнайы қондырғылар арқылы тазартылады. Өзен мен көл сулары таза болуы үшін оны қоқыстардан тазартуы керек. Күл - қоқысты тастауға болмайды.
Суды үнемдеп қолдану да суды қорғауға жатады. Атам қазақ айтпақшы, «Судың да сұрауы бар» деп тегін айтылмаған осыдан болар.

Көрініс: «Таза бұлақ» (Ыбырай Алтынсарин)

Өлеңдер
Су деген – тіршіліктің наны емес пе?
Су деген – табиғатың жаны емес пе?
Су жоқ жерде өмір жоқ, ол ақиқат,
Күміс су қара жердің сәні емес пе?!

Судың пайдасы:
Сусыз тіршілік жоқ.

Судың зияны:
Су мен өрт тілсіз жау.

Ой толғаныс:
Екі топ осы тәрбие сағатынан не түсінді соны топтап жазып шығады. Оны топ атынан қорғайды. Өздері Су туралы шағын эссе жазады.

Қорытынды:
Сусыз тіршілік жоқ. Адам тамақ ішпей айдан астам өмір сүре алады, ал сусыз үш күнге шыдай алмайды. Су барлық өсімдіктермен жануарлардың ағзасының құрамына кіреді Адамның тамағына және ішуіне 2 - 3 литр су қажет. Мына өлең жолдарын барлығымыз хормен айтайық

Табиғат... тіршіліксің тұнып тұрған!
Сен – күнсің!
Көтерілген күліп қырдан.
Сен – көлсің! Сен – орман!
Сен – бұлақсың!
Адамды сұлулыққа құнықтырған!
Адамзат – болашақта бейбіт, таза ғаламшарда өмір сүруі тиіс. Демек ғаламшардың қауіпсіздігі - біздердің қолымызда!

Өткізген: тәрбиеші Тогимбаева Б. Ж.
Су - тіршілік көзі жүктеу
2 944
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Су. Судың күйі, қасиеті
Су. Судың күйі, қасиеті
Оқу мен оқытудың тиімді тәсілдерін қолдану, тәжірибе жасауда су қасиеттерін дәлелдеу; су туралы оқушылардың білімдерін тиянақтау, сөздік қорын, тіл байлығын, логикалық ойлауын, жүйелі баяндауын, есте сақтау қабілетін дамыту. Табиғатты сүюге, оны
Су – тіршілік көзі
Су – тіршілік көзі
Судың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру. Үнемшілдікке тәрбиелеу. Қоршаған ортаны қорғауға ауаны, суды ластамауға шақыру. Қазақстандағы ірі көлдер мен өзендер туралы әңгімелеу
Су тіршілік көзі
Су тіршілік көзі
Су жердің төрттен үш бөлігін алып жатыр. Сусыз өмір жоқ. Су тіршілік көзі. Ол сұйық зат. Өзен, көл, теңіз, мұхиттарды құрайды. Аспаннан жаңбыр түрінде түседі. Күн суытқанда су қатып мұзға айналады. Мұз бен қар – судың қатты күйі.
Су. Судың қасиеті
Су. Судың қасиеті
Оқушыларды судың қандай болатынымен таныстыру, практикалық жұмыс барысында бақылау, талдау. Оқушылардың ой - өрісін, сөйлеу тілін, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Табиғатты қорғауға оны сүйе білуге баулу. Туған жердің экологиясын қорғауға үлес
Су. Судың қасиеттері
Су. Судың қасиеттері
Атырау облысы, Атырау қаласы, Бірлік селосы, Боран Нысанбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Есенова Бақытгүл Қалыбайқызы
Су – тіршілік көзі
Су – тіршілік көзі
Сабақтың мақсаттары: 1. Балаларға су тіршіліктің көзі екенін таныстыру. 2. Балалардың су туралы білімдерін кеңейту. Ойын, тілін, байқағыштығын, білім құмарлығын дамыту. 3. Суды ластамауға, қорғауға, таза ұстауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Шығармашылық
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×