Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


К дыбысы мен әрпі

16 қаңтар 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сауат ашу 1 - сынып
Сабақтың тақырыбы: К дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты: Жаңа сабақты түсіндіру «К» дыбысының дауыссыз дыбыс екенін ұғындыру «К» дыбысы сөздің барлық буынында келетінін қорытындылау. Дұрыс, ұқыпты оқуға, сауатты жазуға үйрету.
Сабақтың тәрбиелік мәні: Жәндіктерді қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың дамытушылығы: Дамыта оқытуға негізделген жұмыстар мен
тапсырмалар. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Сабақтың жүру барысы:
I Ұйымдастыру бөлімі
II Үй жұмысы
Е е дыбысы мен әрпін оқыту. Не? Неше? Нешеу? Сұрақтарына тоқталу.
«Тез ойла» ойыны. Өтілген әріптерден сөз құрау. ¬ Сөйлем, сөз, дыбыс, әріп, буын анықтамасына тоқталу. Еңбек туралы өлең.

III Жаңа сабақ
Бүгін бәріміз орталық жүйеге бағына отырып, орталықтың әрбір тапсырмасына сатылап жауап береміз.

Оқу орталығы
Балалар, бұл орталықта ребус шешіп, бүгінгі сабағымыздың тақырыбын шығарып алайық.
«шелек» «ер» «мысық» «шие» (кеме)
Балалар! Қандай сөз шықты? Бізге таныс емес әріп қай әріп? (Кк) Ендеше бүгінгі өтетін тақырыбымыз Кк дыбысы мен әрпі. Кк дыбысы кеме сөзінде сонымен қатар кәмпит сөзінде т. б сөздердің басында келеді екен. Ендеше оқулығымызды ашып Кк дыбысы мен «Кеме» мәтінімен танысайық. Мәнерлеп оқу. Оқушыларға оқыту. Кебеже – өрнектеліп жасалған жәшіктің бір түрі.
Мәтіндегі сөйлемдерге сұрақ қойып, жауап алу.
Балалар! Оқу орталығының тапсырмаларын жақсы орындадық, енді келесі орталыққа қарай жүреміз.

Өнер орталығы
1. Сергіту сәті Қанатымызды жаямыз,
Көбелек боп ұшамыз.
Жұпар иісі аңқыған,
Гүлге келіп қонамыз.
2. Қима суреттермен жұмыс
Құраған суреттерден қандай сөз шығатынын айту, дыбыстық талдау жасау. Сөйлем құрату.
3. Күз өлеңін сұрау
Жазу орталығы
Кк дыбысын, әрпін ауада жазу. Жазу үлгісін көрсету. Дәптермен жұмыс
Сөздік диктант
Еңбек, кеспе, ел, елу, кереге

Математика орталығы
Бұл орталықта дыбыстарға математикалық тәсілмен мінездеме береміз.
Берілгені: «Келешек» сөзінде қанша дыбыс, қанша әріп бар? Оның нешеуі дауысты, нешеуі дауыссыз, неше буын бар екенін айту.
Шешуі: «Келешек» сөзінде 7 дыбыс 7 әріп бар.
Оның төртеуі (4 дауыссыз дыбыс) к, л, ш, к
Дауыссыз дыбыстар еркін, созылып айтылмайды. Буын құрамайды.
3(дауысты дыбыс) 3 - е. Дауысты дыбыстар еркін, созылып айтылады. Буын құрайды.
Келешек = 7 O=4 (к, л, ш, к)
3 (е, е, е) 3 О

IV Қорытынды
1. Кк дыбысы қандай дыбыс?
2. Сөздің қай жерлерінде кездеседі?
3. Қандай мәтінмен таныстық?

V Үйге тапсырма
Кк дыбысы мен әрпін оқу. Мәтінді дұрыс оқуға дағдылану. «Көбелек» сөзіне әңгіме құрап келу.
VI Бағалау
18 107
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
П дыбысы мен әрпі
П дыбысы мен әрпі
П п дыбысы мен әрпін таныстыру. П дыбысы дауыссыз дыбыс екенін ұғындыру
В в дыбысы мен әрпі
В в дыбысы мен әрпі
Оқушыларды В в дыбысының әріп таңбасымен таныстыру. Жаңа сөздерді үйрету. Сөздерге дыбыстық талдау жасату.
Т дыбысы мен әрпі
Т дыбысы мен әрпі
Өткен дыбыстарды қайталау, зейінін бақылау, дыбыс пен әріпті ажырата білуге үйрету. Кеспе әріптерден буын, сөз, сөйлем құрату. Т дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету.
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар Сауат ашу (48 сағат)
К дыбысы мен әрпі
К дыбысы мен әрпі
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ы. Алтынсарин орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Серикова Гүлнар
Я дыбысы мен әрпі
Я дыбысы мен әрпі
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, №244 Ы. Жақаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Құрбанова Жанат Төлегенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×