Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Білім басы - Әліппе

16 қаңтар 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Білім басы - Әліппе
Сабақтың мақсаты:
Білімділік жағы: Оқушылардың білімін тиянақтау
Тәрбиелік жағы: Адамгершілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: слайд

Сабақтың жүру барысы:
1 Әдептілік басы – сәлемдесу дегендей сабағымызды сәлемдесуден бастайық. Оқушылар 3 тілде амандасады
Жүргізуші:
Бүгінгі біздің 1«А» сынып оқушылары шексіз қуанышты. Себебі, олар алғаш хат танытып, сауатын ашқан барлық ғылым анасы, болашағымыздың негізі – Әліппені бітіргелі отыр. Сүйікті Әліппеге алғыс айта отырып, алған білімдерін ортаға салмақшы.
Жүргізуші: Мына көріністі тамашалайық. «Атай мен балалар»
Жүргізуші: Олай болса, балалар Әліппеге арналған ертеңгілігіміз қалай аталады?
- Білім басы – Әліппе.
Ж: Олай болса балалар Әліппені ортаға шақырайық
Ә: Армысыңдар жас достар
Армысыңдар ата - ана
Болашаққа жол ашқан
Әліппең келді ортаға
Ж: Қош келдіңіз Әліппе. Төрге шығыңыз. Балалардың өнерін тамашалаңыз.
Ж: Айтыңдаршы балалар
Іші толған әріпке
Білімдіге жарық не?
Хор: Болашаққа жол ашқан
Ол сүйікті Әліппе!

Оқушы Президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың сөзін жатқа айтады.
Білім керек бәріне, Әліппе деген алтын жол өлеңдерін жатқа айту.
Ж: Қымбатты балалар! Бізге өзін-өзі тану елінен бүгінгі үлкен мерекемізге Данышпан ата, Алпамыс, Махаббат, Ақбота өздерінің тілек хаты мен тапсырмаларын жіберіпті. Хатын оқып, тапсырмаларын орындауға тырысайық.
1. Хатын оқу
2. Тапсырмаларын орындау
Ж: Жарайсыңдар балалар, тапсырмаларды өте жақсы орындадық.
Альфавитті біліңдер
Онда жүйе қалып бар
Біздің қазақ тілінде
42 әріп бар
Әріп деген не десең?
Ол дыбыстың таңбасы
Сөз құраса ол ересек
Болар білім қамбасы
Жаттап алсаң әріпті
Саналы өмір сүресің
Бұрынғы өткен тарихты
Әріппен оқып білесің
Барлық әріп бағалы
Айттық әділ бағаны
Әріпсіз сөз болмайды
Буын онсыз толмайды
Адам барлық әріпті
Ардақтайды, қолдайды
Оқуды көп ойладық
Қызығына тоймадық
Әріптерді үйреніп
Сауат аштық тойладық

Ән: Әліппе
Ж: Данышпан ата мен достарының тапсырмаларына қайта оралайық. Тапсырмаларын дұрыс орындасақ ұлағатты сөздер мен мақал шығады.
Оқу инемен құдық қазғандай.
Мектеп – кеме, білім – теңіз.
Ж: Өте жақсы балалар! Енді одан әрі білетінімізді математика пәнімен жалғастырайық. Сауалнама жүргізу.
Ж: Енді Данышпан ата мен достарының мынадай бір сұрақтарына жауап беріп көрелік
Жері кең, елі бай қай ел?
Қазақстан
Осы елдің астанасы қай қала?
Астана
Біз қандай елміз?
Біз егеменді елміз
Егеменді елдің елбасы кім?
Н. Ә. Назарбаев
Қазақстан Республикасының рәміздерін атаңдар

Ән: Отан
Әліпе қоштасады
Хор: Бәрімізді сүйіп өткен
Балаларға үйреткен
Әліппе мен ұстазға
Бас иеміз құрметпен
Ана тілі: Сәлем ойшыл достарым
Терең білім, ой саналы
Әрбір сөзім ой салады
Ғылым тәлім – өнерім көп,
Достасқанға берерім көп.
Ана тілі: Әліппе досымдай мені де жақсы оқитын болыңдар, балалар!

Хор: Жақсы оқуға жыртпауға, таза ұстауға ант етеміз.
Ж: Сендердің Әліппені жақсы меңгеріп, сауатты оқуларыңа ата – аналарың, әжелеріңіздің де қосқан үлесі мол. Кәне, бәріміз алғысымызды білдірейікші.
Хор: Бақытты балалық шағымыз үшін рахмет, сіздерге ата – аналар!
Би
Анамыздай аялап
Ақылшы болған ұстазым
Өзіңнің ғана еңбегің
Бүгінде биік ұшқыным
Достастырған өзіңмен,
Ұстазыма мың алғыс!
Білім берген шәкірттердің талайына
Жан жетпес бұл апайдың маңайына
Әріптерді үйретіп, білім берген
Рахмет айтамын Нұргүл атты апайыма
Қыркүйекте келдім де
Сыныпқа кірдім қуанып
Қарсы алды ұстаз мейірмен
Қадамымды құп алып
Ән «Мұғалім – ол біздің»
Би
Бата Төле бидің өсиеті

Қорытынды
Қымбатты балалар! Мектептегі алғашқы жеткен жемістеріңмен құттықтаймын! Әліппе сендерді тек әріптермен таныстырып қойған жоқ, сендерді бір – біріңмен достыққа, мектеп ережелерін орындайтын тәртіпті оқушы болуға да үйретті. Білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын!
Әліппені бітірді балаларым,
Әліппеден нәр алған даналарым.
Өзі жазып оқитын халге жетті
Құтты болсын білімі балалардың – деп кешімізді аяқтаймыз.
4 846
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қош бол, сүйікті әліппем!
Қош бол, сүйікті әліппем!
Тақырыбы: Қош бол, сүйікті әліппем!
Қош бол, сүйікті Әліппем!
Қош бол, сүйікті Әліппем!
Мақсаты: Білімнің сара жолы мектептен басталатының, әліппенің кең дүниеге есік ашатының сезіндіру. Білімге деген құштарлығын арттыру, оқуға, білімді болуға шақыру; сүйікті оқулықтары - Әліппемен қоштасу кешінде оқушылардың қабілеттерін, шеберліктері
Қош, бол сүйікті Әліппем!
Қош, бол сүйікті Әліппем!
«Т. Аубакиров атындағы жалпы орта мектеп»коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Полатова Айгуль Жамантаевна
Әліппе - ғылым анасы
Әліппе - ғылым анасы
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы бастауыш сынып мұғалімі Маденова Эльмира Кайратовна
Әліппе, саған мың алғыс!
Әліппе, саған мың алғыс!
Бастауыш сынып мұғалімі Жанпеисова Фарида
Әліппе - білім бесігі
Әліппе - білім бесігі
ШҚО, Аягөз аудан, «Жамбыл Жабаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ бастауыш класс мұғалімі Карабаева Жанар Кажымукановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×