Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ертегілер еліне саяхат (ертегілер жинағы)

28 сәуір 2019, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Ертегілер еліне саяхат
(ертегілер жинағы)


Халық ертегілерінің бала дүниетанымын қалыптастырудағы маңызы аса зор. Қазақ фольклорындағы ертеден келе жатқан көне жанрлардың бірі - ертегілер. Ол ұрпақтан - ұрпаққа ауызша тараған мол мұра. Бұларды халқымыз күні бүгінге дейін ұрпақтан – ұрпаққа ауызша жеткізіп келеді. Ертегіден халқымыздың ертеңге деген сенімі мен арман - тілегін, қиялын, даналығын, ғасырлық өмір тәжірибесін көреміз. Ертегінің қай түрін алсақ та ол баланың ой - қиял ұшқырлығын күшейтеді, мінез - құлқын, ерік - жігерін қалыптастырады. Сондықтанда ертегіні оқытуда оның жанрлық ерекшелігін ескеріп. тәрбиелік мақсатына айрықша көңіл бөлгеніміз жөн.

Мазмұны
Шалқан
Шұбар тауық
Бауырсақ
Маша мен аю
Қоянның үйі
Үйшік
Үш аю
Қолғап
Екі әтеш
Түлкі мен тырна
Мақтаншақ қоян
Түлкі мен қасқыр
Мысық, әтеш және түлкі
Мақта қыз бен мысық
Арыстан мен түлкі
Күнді іздеген достар
Аққу - қаздар
Екі сараң қонжық
Алдар көсенің сиқырлы тоны
Кім мяу деді?
Үш қыз
Түлкі мен ешкі
Екі дос
Қызыл телпек
Қарлығаш пен дәуіт
Алдаркөсе мен Шықбермес Шығайбай
Үш жалқау
Жеті лақ
Дос іздеген бота
Адасқан құмырсқа
Үш торай
Жыл басына таласқан хайуанаттар
Нан қайдан шығады?
Жақсы мен жаман
Ақылды лақ


Шалқан
Атай көктемде шалқан егеді. Шалқан үлкен дәу болып өседі. Күзде атасы шалқанды жапырағынан ұстап тартып көрді. Бірақ шалқан жұлынбады.
Көмекке әжені шақырады.
Әже - атадан, атай – шалқанның жапырағынан ұстап тартты, жұлынбады.
Әжесі немере қызын шақырады.
Немересі - әжесінен, әжесі – атасынан, атасы – шалқанның жапырағынан ұстап тартты, жұлынбады.
Немересі итті көмекке шақырады.
Ит – немересінен, немересі - әжесінен, әжесі – атасынан, атасы – шалқанның жапырағынан ұстап тартты, жұлынбады.
Ит мысықты көмекке шақырады.
Мысық – иттен, ит – немересінен, немересі - әжесінен, әжесі – атасынан,
атасы – шалқанның жапырағынан ұстап тартты, жұлынбады.
Мысық тышқанды көмекке шақырады.
Тышқан – мысықтан, мысық – иттен, ит – немересінен, немересі - әжесінен,
әжесі – атасынан, атасы – шалқанның жапырағынан ұстап тартып - тартып.
Осылай бәрі қосылып шалқанды жұлып алды.

Шұбар тауық

Ертеде бір шал мен кемпір өмір сүріпті, олардың Шұбар тауығы болыпты. Бір күні тауық жай емес, алтын жұмыртқа тауыпты. Шал мен кемпір қуаныпты.
Шал: Кемпір, жұмыртқаны жарып көрсек қайтеді, мүмкін ішінде гауһар тас бар шығар?
Шал жұмыртқаны қасықпен ұрып - ұрып сындыра алмапты.
Кемпір: Әкелші мен жарып көрейін деді.
Кемпір де жұмыртқаны ұрып - ұрып сындыра алмапты. Тарсылды естіген тышқан інінен шығып, үстелдің үстімен жүгіріп бара жатып, жұмыртқаны құйрығымен қағып кетеді. Жұмыртқа еденге түсіп жарылып қалады. Шал мен кемпір жылайды.
Шұбар тауық: Ата, әже жыламаңыздар! Мен сендерге алтын емес жай жұмыртқа тауып беремін.
Көп кешікпей тауық бір себет ірі де тәтті жұмыртқа тауып береді. Осылайша олар бақытты өмір сүре береді.

Бауырсақ

Ерте - ерте - ертеде шал мен кемпір тұрыпты. Бір күні шал кемпіріне айтады.
- Кемпір - ау, маған бауырсақ пісіріп берші.
- Неден пісірейін? Ұн жоқ қой.
- Әй, кемпір, қойманың түбін қырып көрсең. Бір бауырсақ пісіретін үн табылар.
Кемпір солай істеді. Қойма түбін қырып - қырып екі уыс ұн табады да. Қаймақ қосып, қамыр илейді. Бауырсақты майға пісіріп, терезе алдына суытуға қояды. Жата - жата жалыққан бауырсақ терезе алдынан домалап түсіп, жолға шығып, домалап кетеді. Жолда домалап келе жатса, алдынан қоян шығады.
- Бауырсақ! Бауырсақ! Мен сені жеп қоямын!
- Жоқ, сен мені жеме, қоян, мен өлең айтып беремін, тыңдап көрші.
Әже қойма қырнаған,
Екі уыс ұн жинаған,
Қаймаққа илеген,
Майға пісірген,
Терезе алдына суытқан,
Бауырсақпын домалақ!
Атадан кеттім,
Әжеден кеттім,
Қоян сенен де кетемін!
Бауырсақ алға қарай домалап кетеді, қоян қалып қояды. Бауырсақ орман ішіиен домалап келе жатқанда, алдынан қасқыр шығады.
- Бауырсақ! Бауырсақ! Мен сені жеп қоямын!
- Жоқ, сен мені жеме, мен өлең айтып беремін, тыңдап көрші.
Әже қойма қырнаған,
Екі уыс ұн жинаған,
Қаймаққа илеген,
Майға пісірген,
Терезе алдына суытқан,
Бауырсақпын домалақ!
Атадан кеттім,
Әжеден кеттім,
Қояннан кеттім,
Қасқыр сенен де кетемін!
Бауырсақ домалап кетеді. Қарсы алдынан қорбандап аю шығады.
- Әй, бауырсақ! Мен сені жеп қоямын!
- Жоқ, сен мені жеме, мен өлең айтып беремін, тыңдап көрші.
Әже қойма қырнаған,
Екі уыс ұн жинаған,
Қаймаққа илеген,
Майға пісірген,
Терезе алдына суытқан,
Бауырсақпын домалақ!
Атадан кеттім,
Әжеден кеттім,
Қояннан кеттім,
Қасқырдан кеттім,
Аю сенен де кетемін!
Бауырсақ домалап кетеді, аю қалып қояды. Бауырсақ зымырап келе жатса,
алдынан түлкі шыға келеді.
- Амансың ба, бауырсақ! Көргендерге ұнайсың, қандай әдемісін!
Бауырсақ қуанып, өлеңін айта бастайды. Түлкі болса тыңдаған болып,
білдірмей бауырсаққа жақындап отырады.
- Әже қойма қырнаған,
Екі уыс ұн жинаған,
Қаймаққа илеген,
Майға пісірген,
Терезе алдына суытқан,
Бауырсақпын домалақ!
Атадан кеттім,
Әжеден кеттім,
Қоян сенен де кетемін!
- Әдемі өлең екен! Айналайын, бауырсақ, мен қартайдым, құлағым естімейді ғой. Кәне, менің тұмсығыма отырып, өлеңді тағы бір айтып берші.
Бауырсақ мақтағанға мәз болып, түлкінің тұмсығына шығып, өлеңін айта бастағанда, түлкі бауырсақты «ап!» деп жеп қояды.
15 254
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Халық ертегілері - даналық көзі
Халық ертегілері - даналық көзі
Ертегілер өте ерте заманда, тіпті жазу - сызу болмаған кездің өзінде - ақ туған. Бұларды халқымыз күні бүгінге дейін ұрпақтан - ұрпаққа ауызша жеткізіп келді.
Үш жалқау
Үш жалқау
Ертеде бірінен - бірі өткен ағайынды үш жалқау болыпты. Бар бітіретіндері бас көтермей ұйықтай береді екен.
Кім мяу деді?
Кім мяу деді?
Күшік үй жанында ұйықтап жатады. Бір кезде: «мяу» деген дыбыс естіледі. Күшік ұшып тұрып, «мяу» деген кім деп іздей бастайды.
Түлкі мен қасқыр
Түлкі мен қасқыр
Ертеде түлкі мен қасқыр дос болыпты. Бір күні екеуі келе жатып, жол үстінде жатқан бір кесек еттің үстінен шығыпты. Етті түлкінің де, қасқырдың да жегісі келіпті...
Екі әтеш
Екі әтеш
Ертеде бір кемпір - шалдың құс дегенде, асырап отырған екі әтеші бар екен. Қолдарына түскен жемдерін соларға беріп, бағып - қағыпты.
Бала тілін дамытуда халық  ауыз әдебиетінің алатын орны
Бала тілін дамытуда халық ауыз әдебиетінің алатын орны
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті МКҚК №2 «Айгөлек» балабақшасының меңгерушісі Абашева Күләш Николайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×