Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сөйлем

29 сәуір 2019, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қазақ тілі 2 сынып
Ашық сабақ
Тақырыбы: Сөйлем

І – топ. Нүктелер тобы.
ІІ – топ. Сұрау белгісі тобы.
ІІІ - топ. Леп белгісі тобы.

Топтың ережесі
1. Сабақтан кешікпеу.
2. Уақытқа бағыну.
3. Бір - бірімізді тыңдау.
4. Әркімнің пікірі құнды.
5. Қысқа да нұсқа сөйлейік!
6. Берілген тапсырманы мүлтіксіз орындайық!
7. Жекелей жұмыс жасағанда бір - бірімізге бөгет жасамайық!

Психологиялық дайындық.
Екі көз не үшін керек?
Бар жақсылықты көру үшін.
Екі құлақ не үшін керек?
Ақыл - кеңесті тыңдау үшін.
Екі қол не үшін керек?
Елге көмек беру үшін.
Екі аяқ не үшін керек?
Шетте жүрсең, туған жерге жету үшін.

МӘТІН

Әр бөлім азат жолынан басталады.
Екі немесе одан да көп сөйлемнен құралады.
Мағына жағынан өзара байланысты болады.
Ат қоюға болады.
Басы, негізгі бөлімі, соңы болады.
Мәтіннің түрлері
Сипаттау (қандай?)
Пайымдау (неліктен?)
Әңгімелеу (не істеді?)

Жаңа сабақ
Сөйлем - біршама аяқталған ойды білдіретін сөздер, я сөздер тобы.
Тиянақталған ойды ауызша да, жазбаша да білдіруге болады. Ауызекі сөйлеуде сөйлем мен сөйлемнің арасында кідіріс (пауза) болады. Жазуда бір сөйлем екінші сөйлемнен нүкте, сұрау және леп белгілерінің бірімен айырылады.
Сөйлемдер айтылу мақсатына және дауыс ырғағына қарай хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты болып төртке бөлінеді.

Пән мұғалімі: К. Утепбергенова
Сөйлем слайдты жүктеу
1 725
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақ тілі пәнінен карточкалар жинағы
Қазақ тілі пәнінен карточкалар жинағы
Қазақ тілі пәнінен карточкалар жинағы. 1. Ауызекі тіл дегеніміз не? 2. Мазмұндама дегеніміз не? 3. Мәтін дегеніміз не? 4. Мәтін қалай құралады?
Қазақ тілінен дидактикалық материалдар. Сен қазақ тілінен қалайсың?
Қазақ тілінен дидактикалық материалдар. Сен қазақ тілінен қалайсың?
• Мәтін - өзара мағыналық байланыста айтылатын екі не одан да көп сөйлемнен құралады. Мәтіннің тақырыбы болады. • Мәтіндегі негізгі ой – автордың айтайын деген басты пікірі. Мәтіндегі негізгі ой мен тақырып бір - бірімен тығыз байланыста болады.
«Бала, бала, бала!»... деп. Мәтін
«Бала, бала, бала!»... деп. Мәтін
Мәтін түрлерімен таныстыру. Мәтіндегі негізгі ойды түсіну. Мәнерлеп оқуын жетілдіру
Сөйлем түрлері
Сөйлем түрлері
Сөйлем туралы түсінік беру. Сөйлем құрау дағдыларын жетілдіру. Сөйлемдегі айтылып отырған ойды анықтай алу. Сөйлем соңына тиісті тыныс белгіні қоя алу.
Сөйлем
Сөйлем
Ақтөбе облысы, Қандыағаш қаласы, №4 орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Жанесенова Айнұр
Сөйлем
Сөйлем
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Түймекент орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Мустафаева Биғайша Абубакировна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×