Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Он көлеміндегі сандар

01 мам 2019, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Он көлеміндегі сандар!
(Қарапайым математика)

Сабақтың тақырыбы: Он көлеміндегі сандар
Сабақтың мақсаты:
- Балалардың он көлеміндегі сандар туралы білімдерін пысықтау.
Тура, кері санау, ауызша есептер шығару дағдыларын қалыптастыру.
- Есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.
- Шапшаңдыққа, озбырлыққа тапқырлыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: интерактивті тақта, 1 - 10 - ға дейінгі сандар, үлестірмелі материалдар,
Әдіс - тәсілдер: ойын, түсіндіру, көрсету, мадақтау, сұрақ - жауап

Сабақтың барысы:
Мотивациялық кезең: Балаларды топқа кіргізу, амандасу.
Жылулық шеңбері
Арайлап таң атты
Алтын сәуле таратты
Жарқырайды күніміз,
Жарқырайды даламыз
Қайырлы таң, қонақтар
Қайырлы таң балалар!
Ұйымдастырушылық ізденіс:
- Балалар, бүгін біздің математика сабағымыз ерекше өтеді. Біз сендермен саяхатқа шығамыз. Ал қайда баратынымызды білу үшін экранға назар аударайық.

Енді бүгін біз сендермен тағыда Қазақстанның әсем қалаларына барамыз.
Ол үшін 1 - ден 10 - ға дейін тура және кері санайық. Өте жақсы балалар.
- Балалар айтыңдаршы саяхатқа немен баруға болады?
- Ендеше жұмбақ шешейік.
Дыбыстайды, зырлайды
Чух - чух деп қоймайды (пойыз)
Ал енді пойызға жақсылап жайғасайық.

Әр қалаға тоқтаған сайын біз тапсырмасын орындасақ, біз сол қаланың ерекше, әсем жерін көреміз.
Балалар бұл не?(бұл карта)
1 - ші аялдамамыз ол Петропавловск қаласы.
Салыстыру: слайдтағы суреттерді салыстыру. Дұрыс жауабын табу.
- Өте жақсы қандай ақылдысыңдар. Енді міне Абылайхан резендендиясын көрдік.
2 - ші аялдама. Көкшетау қаласы. Оның тапсырмасы.
«Көршісін тап» ойыны
Өте жақсы балалар, бұл ойынды да тез шештіңдер.
Бурабай тауын көруге болады.

3 - ші аялдама Астана қаласы.
Есептер шығару
2+2= (4, 3, 5)
4+4= (3, 7, 8)
5+2=(8, 7, 6)

Өте жақсы. Астаның ең жақсы жері Бәйтеректі көрейік.
4 - ші аялдама.
Қарағанды қаласы оның тапсырмасы.
Логикалық тапсырма.
1. Қонжық екеу, табаны нешеу?
2. Үш қоянда құлақ қанша?
3. Бос ыдыста неше жаңғақ бар?
4. Мұз айдынында жеті бала
Асыр сап жүр сырғанап
Барлығы неше бала?
Балалар өте жақсы, бұл қалада цирк бар екен.
Ол циркте аралар билеп жатыр. Сол аралармен бірге билейік.

Музыкалық үзінді. Сергіту сәті:
1, 2, 3 – Қарлығаш боп ұш
4, 5, 6 – Аспанда ұшып қалқы
7, 8, 9, 10 – Орныңа кеп қон!

5 - ші аялдама. Балқаш қаласы. Оның тапсырмасы 10 - ның құрамын табу.
Өте жақсы балалар. Балқаш көлін көрейік.
6 - шы аялдама. Капчагай қаласы.
Шығармашылық жұмыс
Геометриялық пішіндерді атайық? Бұл қандай пішін?(үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек) Енді осы қалада дем алу үшін осы пішіндерді пайдаланып өзімізге үй салайық.
Әр баланың алдына таратып беру.(үй жасату)

Өткізген: Мектепке дейінгі даярлық топтың тәрбиешісі Карабаева Эльмира
Он көлеміндегі сандар жүктеу
3 141
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
21 - ден 100 - ге дейінгі сандар
21 - ден 100 - ге дейінгі сандар
100 - ге дейінгі сандардың құрылу жолын түсіну; 100 көлеміндегі сандарды тура және кері санау; олардың натурал сандар қатарындағы орнын анықтау.
Екі - екіден сана
Екі - екіден сана
Натурал сандар жəне 0 саны. Бөлшектер.
1-ден - 20-ға дейінгі сандар және олардың таңбалануы.
1-ден - 20-ға дейінгі сандар және олардың таңбалануы.
20 - ға дейінгі сандар қатарымен таныстыру, 20 көлемінде реттік санауға үйрету /тура және кері тәртіппен/.
Заттарды санау
Заттарды санау
Натурал сандардың және нөл санының құрылуын түсіну; 10 көлеміндегі сандарды тура және кері санау; олардың натурал сандар қатарындағы орнын анықтау.
4 саны мен цифры
4 саны мен цифры
Санау барысында натурал сандардың реттік нөмірі анықталатындығын түсінеді, он көлеміндегі тура және кері санау, олардың натурал сандар қатарындағы орнын анықтайды.
Жүз көлеміндегі сандар. Сандарды оқу, жазу, салыстыру, қосу және азайту (бастауыш сынып сабақ топтамасы)
Жүз көлеміндегі сандар. Сандарды оқу, жазу, салыстыру, қосу және азайту (бастауыш сынып сабақ топтамасы)
Ақтөбе қаласы, № 22 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Садыкова Айнагуль Сембаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×