Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Менің сүйікті ойыншықтарым

03 мам 2019, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Білім беру саласы: «Коммуникация».
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы: Менің сүйікті ойыншықтарым
Мақсаты: Балаларды ойыншықтардың түрімен, түсімен таныстыру, тақпақтар айтқызу, сөздік қорын молайту, тіл байлығын дамыту, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру, ойын арқылы сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру.
Көрнекіліктер: ойыншықтар, суреттер, сиқырлы сандық.

Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы бүгін бізге көптеген қонақтар келіпті. Қонақтармен амандасып алайық.
Күннің көзі ашылып
Көкке шуақ шашылып
Құтты қонақ келіпті
Төрімізге еніпті
Амандасу үлкенге
Тәрбиенің басы ғой
Ал қанекей бәріміз
Сәлем дейік үлкенге
Сәлеметсіздер ме!
Здраствуйте!
Hello!

Тәрбиеші: - Балалар өткен оқу қызметімізде еске түсірейікші.
Өткен оқу қызметімізде біз « Менің достарым» тақырыбын өткенбіз.
Менің достарым тоқталып, балалардан сұрау.
Балалар бүгінгі жаңа оқу қызметіміз «Коммуникация» білім беру саласы, сөйлеуді дамытудан «Менің сүйікті ойыншықтарым» тақырыбын өтеміз.
- Балалар қазір қандай мезгіл?
Балалар: күз мезгілі.
Тәрбиеші: дұрыс айтасыңдар!
- Күз мезгілінде неше ай бар?
Балалар: үш ай бар. Қыркүйек, қазан, қараша.
Тәрбиеші: жарайсыңдар балалар!
Мына керемет ойыншықтар барлығы балалар үшін жасалған. Олар үлкендердің еңбегінің арқасында жасалады.
Күнделікті ойыншықтарымыздың неден жасалатынын білеміз бе?
Балалар: Жоқ.
Онда мына ойыншықтарымызға мұқият қарайықшы. Ойыншықтардың мынадай түрлері бар екен. Ойыншықтардың түрлерімен таныстырып кетейін.
1. пластмассалы
2. резиналы
3. матадан
4. ағаштан
Балалар сендер енді өздеріңнің ойыншықтарыңды неден жасалатынын білдіңдер ме?
Осы ойыншықтарға байланысты ойындар ойнайық. Ойынымыздың аты «Көбелек гүлге қонады».
Ойын шарты: Сендер гүлсіңдер, сол гүлге көбелек ұшып келіп қонады. Көбелек қай балаға қонса сол бала менің сұрағыма жауап береді.
Сұрақтар:
1. Сүйікті ойыншығың бар ма?
2. Қандай ойыншығың бар?
3. Немен ойнайсыңдар?
4. Қандай ойыншықпен ойнағанды жақсы көресің?
Ия балалар ойынды жақсы ойнадық, бүгін біз сендермен сүйікті ойыншықтарымыз жайлы айтамыз.
Қараңдаршы, біздің тобымызда ойыншықтар көп екен. Мұндай түрлі ойыншықтар бізге ойнау үшін керек. Қане мына ойыншықты ұстап көрейікші. Қандай екен?
Балалар: - Жұмсақ.
Тәрбиеші: Ойыншықтарды ұстап сипап көру арқылы біз олардың қандай екенін білеміз. Ойыншықтар пластмассадан, резинадан, ағаштан, темірден, матадан жасалады. Олар үлкендердің еңбегінің арқасында жасалады.
Балалар енді осы ойыншықтарымызбен ойын ойнайық. Мен үстел үстіне ойыншықтарды қоямын сендер мұқият қарап алып көздеріңді жұмыңдар, мен «аш» деген де көздеріңді ашып үстел үстінде қандай ойыншық жоқ екенін табасыңдар.
Ал енді балалар осы ойыншықтар туралы тақпақ білесіңдер ме? Кім маған тақпақ айтып береді?
Тақпақтар:

Добым менің домалақ,
Тоқтамайсың домалап.
Үстел үстін бүлдірдің,
Тәрелкені сындырдың.

Ойыншығым қуыршақ,
Не берсем де жемейді.
Еркелігі соншама,
Көтермесем жүрмейді.

Ойыншығым көжегім,
Қорықпайды, қашпайды.
Тәтті сәбіз ұсынсам,
Ұстай алмай тастайды.

Ойыншығым құрастырғыш,
Көрсетеді көмегін.
Кімге көлік, кімге үй,.
Құрастырам керегін.
Тәрбиеші: Балалар мен сендермен тағы бір ойын ойнағым келіп тұр.
Ойын шарты: Мына тақтада ойыншықтардың суреттері ілініп тұр, осы суреттерге мұқият қарайықшы, бұл суреттердің жарты бөлігі ғана тұр, ал сендер осы суреттердің жарты бөлігін мына үстел үстіндегі суреттердің арасынан тауып қойсаңдар қандай ойыншықтың суреті шыққанын табасыңдар.
Сергіту сәті:
Қорбаңдаған аюдың,
Құлпынайы көп екен
Теріп - теріп алайық,
Қалтамызға салайық.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар! Кәне енді бәріміз бірге ойын ойнайық.
Дидактикалық ойын: «Кім жылдам»
Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын дұрыс тапсаңдар « сиқырлы сандық» ішінен сол ойыншық шығады.

1. Үрлесең жеп - жеңіл
Елпілдеп кетеді
Ұшырсаң, бұлтқа да жетеді (шар)

2. Кезекті бір жануар
Үстінде екі тауы бар (түйе)
3. Аяғы бар, жүрмейді,
Аузы бар, күлмейді.
Айнымайды бөпемнен,
Тек сөйлеуді білмейді. (қуыршақ)
4. Суға салсаң батпайды,
Түскен жерге жатпайды. (доп)

Балалар: шар, түйе, қуыршақ, доп.
Жарайсыңдар балалар барлықтарың ептіліктеріңді көрсетіп жұмбақты жақсы шештіңдер.
Тәрбиеші: «Ойыншықтар» әнін бәріміз бірге айтайық.
Жарайсыңдар балалар бүгін біз сабағымызды нелер туралы айттық?
Балалар: ойыншықтар.
Тәрбиеші: Ойыншықтармен қалай ойнауымыз керек?
Ойнап болған соң қайда қоямыз?
Балаларды мадақтау.

Қорытындылау:
Өте жақсы балалар енді орнымыздан тұрып, қол ұстасып, бір - біріміздің жылуымызды сезініп бүгінгі сабағымызды аяқтай отырып қонақтармен қоштасайық.
Қол ұстасып тұрайық
Шеңберді біз құрайық
Көріскенше күн жақсы
Сау саламат болайық
Сау болыңыздар!
До свидания!
Good bye!

Күтілетін нәтиже:
Біледі: ойыншықтардың түрлерін, түсін, пішінін білу.
Игереді: толық сөйлем құрау.
Меңгереді: ойыншықтарға жанашырлықпен қарап, достарымен бөлісіп ойнау.
Менің сүйікті ойыншықтарым жүктеу
2 715
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Менің сүйікті ойыншықтарым
Менің сүйікті ойыншықтарым
Балаларды ойыншықтардың түрімен, түсімен таныстыру, тақпақтар айтқызу, сөздік қорын молайту, тіл байлығын дамыту, қабылдау есте сақтау қабілетін жетілдіру.
Менің сүйікті ойыншықтарым
Менің сүйікті ойыншықтарым
Балаларды ойыншықтардың түрімен, түсімен таныстыру, тақпақтар айтқызу, сөздік қорын молайту, тіл байлығын дамыту, қабылдау есте сақтау.
Менің сүйікті ойыншықтарым
Менің сүйікті ойыншықтарым
Балалардың сүйікті ойыншықтары арқылы оларды бауырмалдыққа, мейрімділікке, қамқор болуға дағдыландыру.
Менің ойыншықтарым
Менің ойыншықтарым
Балаларды ойыншықтардың түрімен, түсімен таныстыру, тақпақтар айтқызу, сөздік қорын молайту, тіл байлығын дамыту, қабылдау есте сақтау қабілетін жетілдіру. Ойыншықтарды мейірімділікпен және ұқыпты қарауға, таза ұстауға тәрбиелеу.
Сүйікті ойыншықтар
Сүйікті ойыншықтар
Сүйікті ойыншықтары туралы әңгіме құрауға үйрету. Ойыншықтардың атын, түсін және қандай заттан жасалғанын, жекеше, көпше атауларын білуге үйрету.
Менің сүйікті ойыншықтарым
Менің сүйікті ойыншықтарым
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Жағабұлақ ауылы, №3 «Балауса» балабақшасы МКҚК тәрбиешісі: Абдуллина Зульфира
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×